Білім беру нәтиже ретінде. Сауаттылық-білімділік-кәсіби құзіреттілік –мәдениет-діл(менталитет)Білім берудің сапалық жағынан қарайтын болсақ ол тек құндылық, тек жүйе, тек процесс емес. Білім беруді нәтиже ретінде қарастыруға болады. Оқу-танымдық процесс барысында әр адам білімнің бір сапалық деңгейіне жетеді, ол нақты бір көлемдегі білімді меңгеруінің нәтижесі. Әрбір кәсіби маман өз тұлғасын шығармашылық тұрғыдан дамытып . қоршаған әлеуметтік ортаман жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде үйлесімділі тауып , өзін-өзі құзіретті маман ретінде жетілдіруге ұмтылуы керек.
Білім беру жүйесі- өзара іс-қимыл жасайтын білім беру деңгейінің сабақтастығын қаматамасыз ететін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының және білім беру бағдарламаларының , меншік нысандарына, үлгілері мен түрлеріне қарамастан , білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының , білім беруді басқару органдары және тиісті инфрақұрылымдар, оның ішінде білім сапасы мониторингін жүзеге асыратын ғылыми және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету ұйымдарының жиынтығын білдіреді.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтр:
1. Білім берудің негізгі функциясын атаңыз
2. Қазіргі білім берудің негізгі мақсатына тоқталыңыз
3. Т.Кун пайымдауынша әр ғылымның дамуындағы кезеңдерді атаңыз 4.Қазіргі білім беру парадигмасында ерекше талқыланып жатқан маңызды бағыттардың мәнін ашыңыз
5. Білім берудің құндылықтық сипаты тұрғыларына тоқталыңыз