Қазіргі жас ерекшелік психологиясының пәні мен міндеттері, қазіргі жас ерекшелік психологиясының пәні


Мектепке дейінгі балалардыц танымдык процесстерініц дамуы



бет8/24
Дата07.02.2022
өлшемі57,12 Kb.
#87459
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24
Мектепке дейінгі балалардыц танымдык процесстерініц дамуы.
Мепепке дейінгі балалық шақта организмнің қарқынды жетілуі жалғаса түседі. Жалпы өсуі мен қатар ткандар мен мүшелердің анатомиялық қалыптасуы және функциялық дамуы жүріп жатады. Скалеттің сүйектеніп, бұлшықеттердің сомдануының, тыныс алу, қан айналу мүшелерінің дамуының үлкен маңызы бар. Ми салмағы 1110 грамнан 1350 грамға дейін өседі. Үлкен ми сыңарларының қабақтарының реттегіш рөлі мен оның ми қабығы астындағы орталықтарды бақылауы арта түседі. Шартты рефлекстердің пайда болуы жылдамдығы артып, әсіресе екінші сигнал жүйесі қарқынды дамиды. Дене дамуы баланың дербестігін арта түсуіүшін, тәрбие мен оқыту процесінде қоғамдық тәжірибенің жаңа формаларын игеру үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
Мектепке дейінгі шақтың елеулі ерекшелігі болып баланың құрдастармен жасайтын арнайы өзара қарым-қатынастың пайда болуы, “балалар қоғамының” құрылуы болып табылады.
Бөбек жасындағылар негізінен үй ішіндегілермен қарым-қатынас жасайды, ал / 4,5-5 жаста / бала сыртқа шығып, құрбыларымен ойнайды, әрқайсысының сөз қоры бірінің білмегенін бірі білуі арқылы, бөбекке қарағанда, 3 есе арта түседі. Бұл жаста сөз қоры 3200-3800-ге жетіп қалады. Сөздік қорының көбеюі тек зат есім арқылы емес, сын есім, сан есім және т.б. арқылы іске асады.
Егер бөбек сөздерден сөйлем құрастыра алмаса, енді бұл жаста қарапайым сөздеден сөйлем құрастыра білу қабілеті артады. Бірақ сөйлем құру тек сан жағынан емес, сапа жағынан да үлкен өзгерістерге ұшырайды. Мектепке дейінгілер есінде бар сөз қорына негізделе отырып, тілдің тиісті ережелерін пайдаланып, мыңдаған жаңа сөйлемдерді құра бастайды. Бұл жерде жаңа сөйлемдер деп, сол тілде бар сөйлемдер ғана емес, тіпті жоқ сөйлемдерді де құруды айтады. Сонымен қатар, қолданылатын сөзін бала тым өткір және күлдіріп айтуға да шеберлігі дами бастайды. Қазақ тілінде кейбір категориялар жоқ болғандықтан, мектепке дейінгілер үшін сөйлеу жеңіл әрі оңай түседі және тиісті морфемалар арқылы сөйлемдерге жаңа жұрнақтарды “желімдей” беруге мүмкіндік туады.
Фонематикалық есту ана тіліне байланысты қалыптаса бастайды, фонематикалық есту мектепке дейінгілерде ана тілінде жақсы дамыған. Мысалы, біреу “сөз” деген сөздің орнына “бөз” десе оны кекетіп бір әріптің өзгерілуі, сол сөздің мәнісін өзгертіп жіберетінін бала сезеді.
Егер бөбектің сөйлеуі көбіне ситуацияға / жағдайға / тәуелді келсе, мектепке дейінгілерде сөйлем көп текстіге сай құрала бастайды. Ситуацияға байланысты сөйлеуде зат есім онша кездеспейді, оның орнына есімдік көп айтылады. Демек балалар сөйлеіп отырғанда қасына біреу келсе, олардың сөзіне түсіне алмайды. Түсіну үшін әңгіме не жөнінде екенін білу қажет. Ал контекстіге байланысты сөйлеу деп сөйлеушілердің қасында тыңдап отырғандар не жөнінде болып отырғанын білмесе де / ситуацияны білмесе де / сол айтылған сөздің тікелей мәнісіне қарап, соны айқын түсіне алуын айтамыз. Мектепке дейінгілер / 6-7 жас / ситуацияға байланысты сөйлеуден контекст арқылы сөйлеуге көшеді. Себебі, олардың тек ситуацияға орай түсінікті емес, онсыз да түсінікті келеді. Осыған қарап ситуацияға қатысты тілдің төменгі сатысы екен, ал контекстің негізінде сөйлеу жоғарғы сатысы екенін айтуға болмайды. Себебі, тек мектепке дейінгілер емес, ересектерде кейбір жағдайда ситуацияға негізделе отырып сөйлейтіні жиі кездеседі. Мектепке дейінгілердің сөздері көбінесе өздеріне арналған. Себебі, ересектер сөйлегенде сөзін өзгелерге арнайды. Ал кіші балалар кейде өз-өзіне арнап сөйлейді. Сөйлеудің бұл түрін Ж.Пиаже эгоцентрикалық / лат. Его+центрум - өзіне сөйлеу / деп атаған. Әдетте, үлкендер айланғанда ішкі сөйлеу арқылы өз ісін жоспарлайды. Ішкі сөйлеу мектепке дейінгілерде әлі қалыптаспағандықтан, ойын естіртіп, өз-өзіне айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет