Қазіргі жасөспірімдер заңды білуде қаншалықты сауатты?



Дата17.04.2022
өлшемі15,28 Kb.
#139715
Байланысты:
1. Заң аясындағы сауаттылық


Қазіргі жасөспірімдер заңды білуде қаншалықты сауатты?
Заң дегеніміз – қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз – мына біздер. Қоғамдағы тыныш өмірді қамтамасыз ету үшін барлығымыз заңға бағынуға тиіспіз.Заңның түрлері көп екенін білеміз, бүгінгі күнде орта буын өкілдері заңды тұтастай білмесе де, заң аясында хабары бары анық. Ал, жасөспірімдер заңды білуде қаншалықты сауатты? Осы жайында, өз ойымды ой қаузап көрсем деймін.
Соңғы кездері елімізде мектептер мен колледж оқушылары арасында ауыр қылмыстар жасау деректері жиі орын алып жүр, оны жаңалықтардан да, газет беттерінен де оқып жүрміз. Соның басты көріністерінің бірі балалар мен жасөспірімдердің екі топ болып төбелесіп, бір-біріне пышақ сілтеу. Мұның аяғы олардың бірінің өлімімен аяқталып жүргені де жасырын емес. Бұл жағдайда заңды біліп тұрып, қылмысқа барды деп ақтауымыздың өзі қисынсыз болар. Сонымен қатар рұқсатсыз түн ортасында мектеп жасындағы балалардың түнгі клубтар мен ойын-сауық мекемелеріне бару көріністері де заң бұзушылықтың айқын көрінісін білдіреді. Ал, енді осы көріністердің өзі жасөспірімдердің заңды білудегі сауаттылықтарының төмендігін білдіреді емес пе?
Осы орайда, бала құқықтары туралы Конвенцияның 10бабының, 3тармағында былай делінген: «Барлық балалар мен жасөспiрiмдерге шығу тегiне байланысты немесе өзге бiр белгiсi бойынша қандай да болмасын кемсiтусiз қорғау мен жәрдемнiң ерекше шаралары қабылдануға тиiс. Балалар мен жасөспiрiмдер экономикалық және әлеуметтiк қанаудан қорғалуы тиiс.» Егер, әрбір жасөспірім осы жайында хабары болса, қылмыстық іске бармас еді деп ойлаймын.
Қорытындылай келсем, қалай дегенде де оқушылар арасындағы қылмысты азайтудың басты жолы–бала тәрбиесіндегі бірлескен іс-қимыл болып қала бермек. Ж. Аймауытов: “Тәрбиеге әсер беретін нәрсе өскен орта, ата-ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара-бара адамды замандас, жолдастың азғырып, адам неше түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі” дегендей, баланың қылмыстық жолға түспеуіне бірінші жауапты отбасы екені белгілі. Сондықтан бүгінгі күнде баланың заң аясында сауаттылығын арттыруда ата-ананың рөлі ерекше деп білемін.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет