Қазіргі жастар тіліндегі сленг сөздерді тақырыпқа жіктеу және көркем әдебиеттегі (Ғабит Мүсірепов «Қазақ солдаты» романынан) сленгтердің қолданысы



бет6/10
Дата07.02.2022
өлшемі60,99 Kb.
#84734
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Келимбердина Дария. Гылыми жумыс 2019 шу қаласы

Сленгтің жіктелуі

Қазіргі кезде сленг тек халықтың түрлі топтарының өкілдері, әсіресе жастардың сөйлеу тілінде ғана қолданылмайды, сонымен қатар ол көркем әдебиет, мерзімді басылымдар беттерінде, газет-журналдарда және сахна мен тіпті жарнамаларда да пайдаланылады.


Ағылшын лингвистикасында әр түрлі түсініктерді «сленг» терминіне біріктіруге тырысу байқалады. Ағылшын лингвистерінің өздері бұл терминнің жеткіліксіздігін мойындайды. «Сленг» терминінің өзінің мағынасын кеңейткені соншалық, бұл сөз әр түрлі түсініктерді білдіруде қолданылады. Бұл сленг пен сленг емес сөздердің арасын айыруда көп қиындықтар туғызады», – дейді әйгілі американдық лингвист Ч. Фриз. Г.А. Судзиловский . Сленгті қолданылу ортасына байланысты жалпыға мәлім және жалпыға мәлім емес, аз қолданылатын деп екі топқа бөледі.
Жалпы сленг – бұл әр түрлі кәсіби немесе әлеуметтік топтардан жалпы қолданысқа түскен сленгизмдердің жиынтығы болып табылады. Бұндай сленгизмдердің жалпы қолданылуы немесе түсінікті болуы олардың әдеби лексика дәрежесіне өтуін білдірмейді. Жалпы сленгтің белгілі бір бөлігі өзіне тән қасиеттерін жоғалтып, әдеби тілге кіруі мүмкін.
Зерттеушінің пайымдауынша, жалпыға мәлім емес, аз қолданылатын сленг белгілі бір кәсіби немесе әлеуметтік топтардың біршама шектелген аумақта қолданылуымен байланысты қарастырады. Сондықтан сленгтің бұл тобын «жаргондар» (jargon, cant), «кәсіби сленг» (professional slang), «арго» (argot) және т.б. терминдерімен белгілейді. 
И.В. Арнольд /4, 267/ та сленгті екі топқа бөледі: 1. Жалпы сленг, яғни әдеби ағылшын тілінің сыртында жататын, эмоционалды бояуға ие, жалпыға түсінікті әрі кең таралған және стилистикалық жағынан әдеби сөздердің синонимдері болып табылатын ауызекі көркем сөздер мен тұрақты тіркестер. Мысалы: bed-sitter (bed-sitting room), bob (shilling), booze (a drink, to drink liquor), to dry straight (to straighten up), hide (human skin), knock-out drops, dope (narcotic drops), a sparkler, a glamour girl (a social success), to work the steam off (to rid oneself of excessive energy). 2. Арнайы сленг, яғни белгілі бір арнайы немесе кәсіби лексикаға кіретін сөздер мен сөз тіркестері: теңізші, жауынгер, спортшы, актер, заңгер, студент сленгі және т.б. Әлеуметтік топтар сленгі. Мысалы: кокни, яғни Лондонның қарапайым тұрғындарының диалектісі, зиялылар жаргоны, ағылшын аристократтарының балаларына арналған оқу орындарында қолданылатын сөздер мен сөйлемшелер, ұрылар жаргоны және т.б. 
Сленг, жаргон және аргоны бір-бірінен ажырата білуіміз керек. Сленгтің жаргон, аргодан негізгі айырмашығы қолданушы топтың жас ерекшелігі мен кәсіби біліктілігінен көрініс табады. [1]
Осы сілтемелерді оқып, жинаған сленгтерімді тақырыпқа жіктедім. Сленг сөздерін екіге бөлдім. Бірінші, компьютерлік сленгтер, қарапайым сленгтер деп. Ал, қарапайым сленгтерді беске бөлдім. Дөрекі сленг, мазақ, мысқыл сленг, шет тілінен енген сленг, дыбыстық өсгеріске ұшыраған сленг, мадақтау сленгтер деп.
Сленг сөздерді жіктеуім.

Сленг







Коспьютерлік сленгтер



Дөрекі сленг



Мадақтау сленг





Қарапайым сленгтер







Мазақ, мысқыл сленг

Дыбыстық өсгеріске ұшыраған сленг



Шет елінен енген сленг




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет