Қазіргі кезде құрылыс өндірісінде индстрациялау жоғарғы деңгейге жеткен. Индустрациялау əдісімен салынатын құрылыс-монтаждау көлемі өсіп, даму үстінде



бет2/47
Дата06.02.2022
өлшемі5,32 Mb.
#79897
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Байланысты:
Абуова геодезия С-19
81930, 81930
ГЕОДЕЗИЯ НЕГІЗДЕРІ


ЖАЛПЫ МƏЛІМЕТ
1дәріс. Геодезия пəні жəне оның мазмұны

Геодезия – жер бетінде өлшеу əдістері туралы ғылым. Бұл əдістер инженерлік құрылыстар мен ғимараттарды жобалауда, салуда, осы жұмыстардың картасын, планын жəне қималарын (профиль) салу үшін, Жердің пішінін, өлшемдерін анықтауда қолданылады. Əртүрлі ғылыми жəне қолданбалы салаларына байланысты геодезия төмендегідей бірнеше ғылыми салаларға бөлінеді: геодезия немесе топография, жоғарғы геодезия, аэро-фототопография, космостық геодезия, қолданбалы (инженерлік) геодезия.




Геодезия немесе топография – Жердің кішігірім бөлігінде түпкілікті өлшемдер жүргізу арқылы оның карта немесе планын

құрастырумен шұғылданады. Осы жұмыстардың жиынтығын топографиялық түсіріс деп атайды.




Жоғары геодезия – Жердің пішіні жəне оның сыртқы грави-тациялық көлемін (бетін) геодезиялық, гравиметриялық жəне астрономиялық өлшемдер жүргізу арқылы анықтау, сонымен бір-

ге Жер серіктерінің жылжуын бақылап отыру. Жер серіктерінің пайда болуы космостық геодезия саласының пайда болуына əсер


етті.


Аэрофототопография – Жер бетінде аэрофототүсірістер арқылы оның картасын немесе планын құрастырумен шұғыл-данатын ғылым.
Инженерлік (қолданбалы) геодезия – өндіріс орындарын, гидротехникалық, көлік-жол қатынастарын жобалауда, ізденіс жұмыстарында геодезиялық өлшем əдістерімен шұғылданатын ғылым.

Геодезиялық теория жəне іс жүзінде алға қойылған инженерлік есептерді шығаруда математикалық есептеу машиналарының,


астрономияның, геофизиканың, геологияның жəне де басқа са-бақтас ғылымдардағы техниканың соңғы жетістіктері (жоғар-ғы дəлдікті оптикалық, электронды, жарық, лазерлік теодолит-тер, арақашықтық өлшегіштер, нивелирлер, фотограмметриялық аспаптар жəне де басқа жабдықтар) қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет