Қазіргі кезде құрылыс өндірісінде индстрациялау жоғарғы деңгейге жеткен. Индустрациялау əдісімен салынатын құрылыс-монтаждау көлемі өсіп, даму үстінде


Жер пішіні жəне оның өлшемдері туралы жалпы түсінік



бет3/47
Дата06.02.2022
өлшемі5,32 Mb.
#79897
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Байланысты:
Абуова геодезия С-19

1.1. Жер пішіні жəне оның өлшемдері туралы жалпы түсінік

Жердің жалпы пішіні үшін, ойша материктер астынан жүр-гізілген, тыныш жағдайдағы мұхит деңгейінің бетін (жазық-тығын) түсінеміз. Мұндай жазықтықты деңгей бет деп атайды да, осы жазықтықтан құралған денені геоид дейді. Геоид біздің түсінігіміздегі математикалық пішіндердің ешқайсысымен дəл келмейді, бірақ оның бір жетістігі (қасиеті) бар, ол – өзінің кез келген нүктесінде, осы нүкте арқылы түсірілген тіктеуіш сызыққа перпендикуляр болады.


Геодезияда көптеген инженерлік есептерді шығаруда, геоид бетін эллипсоидтың айналуынан пайда болатын (жердің кіші осі айналасында) бет ретінде қабылдайды. Жер денесі ішінде, эллип-


соид белгілі шамаларымен анықтала орналасып, геоид пішініне барынша жақындай түседі де, оны референц-эллипсоид деп атай-


ды.

Жер эллипсоиды келесі шамалармен өрнектеледі: а – үлкен жарты ось; в – кіші жарты ось жəне a – полярлық қысылым


(αa b ). Жер эллипсоидының шамалары соңғы рет, үлкен


a

дəлдікпен Ресей ғалымдары Ф. Н. Красовский, А. А. Изотов-тардың басқаруымен астрономо-геодезиялық жəне гравиме-


триялық бақылау негізінде 1942 жылы анықталған. Осы ізденіс жұмыстарының нəтижесінде а=6 378 245 м: в=6 356 863 м; a=1:298,3. Жер эллипсоидының қысыңқылығына қарап, үлкен


дəлдікті керек етпейтін жұмыстарда, Жер пішінін радиусы 6371,11 метр шар ретінде қабылдауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет