Flash дыбыстың фильмде қолдану үшін бірнеше жол ұсынады. Тоқтамай, сюжеттің мазмұнына қарамай, қолданушының әрекетіне жауап бермей ойнап тұра беретін дыбыспен жабдықтай аласыз. Ал жобаңыз одан әрі қызықты болу үшін әр батырманы басқанда дыбыс шығатындай етуге болады. Және тағы бір жолы, ActionScript сценарийлерін пайдалану. Flash та дыбыспен қамтамасыз етудің екі түрі бар оқиғалы басқару (event sound) және ағымды (stream sound).
Оқиғалы басқару дыбыс кезінде берілгендер аяғына дейін жүктеліп болғаннан кейін ғана дыбыс оны тоқтатқанға дейін ойнатыла береді.
Ал ағымдағы дыбыс үшін алғашқы кадрлар жүктелгеннен кейін-ақ ойнату басталып кетеді.
Дыбыспен жұмыс істеу оңай болу үшін, Flash авторларға келесі мүмкіншіліктерді ұсынады:
Дыбысты кітапханаларға бөліп қоюға болады, яғни енді бір кітапханадағы дыбысты бірнеше фильмдерде қолдануға болады.
Дыбысты, фильмнің сапасы мен көлеміне қарап, параметрлерін өзгертуге болады. Яғни автор, дыбыс сығу жолын өзі таңдай алады.
Flash филімдерін қолдану түрлері
Жоғарыда айтылғандай Flash – тің мақсаты, графика мен анимацияға толы интерактивті тор беттерін құру болып саналады. Жоғарыда айтып өткендей Flash-ті тамашалау үшін екі түрлі жол бар, біріншісі WEB браузер арқылы, екіншісі Flash фильмді басқа форматқа ауыстыру арқылы.
Flash арқылы фильмді құру және өзгерту кезінде FLA форматындағы файлдармен жұмыс істейді. Бұл бағдарламау ортасының тек өзіне қатысты форматы, және бұл форматты басқа бағдарламалар түсінбейді. Тор браузерлерінде фильмді көру үшін, SWF форматында сақтау керек. Бұл форматты Netscape және Opera браузерлерінің соңғы нұсқалары қолдайды, немесе арнайы Flash-плеер арқылы ойнатуға болады. Бұл плеер, Flash редакторының құрамына кіреді. Flash фильмін көрудің тағы бір жолы, фильмді GIF форматына көшіру.
Flash филімін құрудағы реттілік
Windows-қа арналған бағдарламаның көбісінде, оны жүктеген уақытында, автоматты түрде, бос дайын шаблон терезесі ашылады. Мысалға Word редакторын жүктеген уақытта, бос құжат ашылады, бұл жерге сіз мәтін, графика немесе сурет қоя аласыз. Flash-да дал осылай ұйымдастырылған. Алғаш жүктеген уақытта, автоматты түрде, жаңа фильм құратын (дәлірек айтсақ алғашқы қойылымын жасау
үшін) терезе ашылады. Егер керек болса, автор, фильмнің параметрлерін өзгерте алады.
Жалпы параметрлерін қондырғаннан кейін фильмнің алғашқы қойылымын жасай беруге болады. Объектілердің орналасу тәртібін анықтап алғаннан кейін оларды рет ретімен әрбір жаңа қабатқа орналастыра беруге болады. Қабат параметрлерін өзгерту фильмді құрудағы ең бір жауапкершілікпен қарайтын бөлім. Фильмдегі қабаттар (яғни, объектілер) бір бірімен байланысып тұратындықтан, келесі бір қабатты сипаттағаннан кейін, алдындағы қабаттарды қайта жөндеу керек болады. Мұнын еш қиындығы және қорқыныштылығы жоқ, бұл Flash бағдарламасына таңсық емес. Жаңадан қойылатын объекті кітапханадан алуға болады немесе жаңадан құруға болады. Flash ойыңызда тұрған бейнені экран бетіне салу үшін барлық құрал жабдықтармен қамтамасыз етеді. Бір бейненің объектілерін басқа суреттерден тасымалдап та алуға болады. Құрылған фильмді немесе жасап болып отырған іс әрекеттің жұмысын тексеру үшін, Flash тестіден өткізіп отыруға мүмкіндік береді. Әр жасалған өзгерістен кейін сақтап алып отыру керек.