Дүниетанымдық білімін оқушылар дене ақыл-ой күшінің дамуына, білім деңгейіне сәйкес бірте-бірте игереді. Орыстың ұлы педагогы К.Д Ушинский «Әрбір сыныптан, ең кіші сыныптан бастап оқушылырдың жасына қолайлы өзінің жинақталған көзқарасы болуы керек… Әрбір жыл сайын бұл көзқарастың тереңдетілуі, кеңеюі, толықтырылуы тиіс»- деп жазды.
Шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алуды абстракция деп атайды. Мысалы, бор, қар, қант секілді заттардың ортақ қасиеті ретінде “ақшыл” деген сөзді алсақ, бұл абстракциялық ұғымға жатады.
Дүниетану сабақтарында оқушылардың абстракциялы ойлауын былай қалыптастыруға болады: мысалы, аға, іні, жиен, бөле десек “бауырмал” деген абсракциялық ұғым келіп шығады.
Оқыту процесінде оқушылардың ойлау іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру олардың білімінің жоғары сапасын қамтамасыз ететін фактордың бірі.Түсінік – шындықтың санадағы бір моделі. Ол тек объектілер мен құбылыстардың санадағы бейнесі болып қана шектелмейді, ойлаудың туындысы арқылы болатын іс-әрекет.
Бастауыш мектепте дүниетану сабақтарында білім беру әдетте эмпирикалық (тәжірибелік) деңгейде жүргізіледі. Бұл түсініктерді дамытудың әдістемесі мына тұрғыда: табиғи объектілерді немесе оның көріністерін қабылдау – одан оны елестетуге, елестетуден – түсінікке, қарапайым түсініктен – күрделіге, күрделіден – арнайы түсінікке, арнайыдан – жалпы дүниетанымдық түсініктерге қарай,жүргізіледі.