Қазіргі қоғам. Миграция. Зияткерлік миграция. Шешендік өнер. 1 нұсқа Интонацияның анықтамасын табыңыз



бет1/20
Дата26.12.2022
өлшемі49,12 Kb.
#164505
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
?àç³ðã³ ?î?àì. Ìèãðàöèÿ. Çèÿòêåðë³ê ìèãðàöèÿ. Øåøåíä³ê ?íåð. 1 í


Т1 11-сынып II тоқсан
Қазіргі қоғам. Миграция. Зияткерлік миграция. Шешендік өнер.
1 нұсқа
1. Интонацияның анықтамасын табыңыз.
А) Сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді айтудағы дауыс мәнері.
В) Пікірталастың бір түрі
С) Қандай да бір мәселені көпшілік арасында талқылау.
D) Тыныс белгілерді зерттейтін сала.
Е) Жазу барысында бір жолға сыймай қалған сөздерді бөліп жазу.


2. «Интонация» термині қай тілден алынған?
А) Латын тілінен
В) Грек тілінен
С) Орыс тілінен
D) Парсы тілінен
Е) Түрік тілінен


3. Интонация арқылы байланысқан сөз тіркесін табыңыз.
А) Абай – ақын.
В) Алматы қаласы
С) Шебер ұста
D) Мектеп басшысы
Е) Үлгілі оқушы


4. Ресми іс-қағаздар стиліне жататын қатарды табыңыз.
А) Құжаттар, бұйрықтар, анықтамалар.
В ) Суреттеу, ауыспалы мағыналы сөздер.
С) Бейнелі, экспрессивті сөздер.
D) Ғылыми мақалалар, лекциялар.
Е ) Қарапайым сөздер, кәсіби сөздер.


5. Ресми іс-қағаздар стилін көрсетіңіз.
А) Өтініш
В) Баяндама
С) Кейіптеу
D) Роман
Е) Мақала


6. Ресми іс-қағаздар стилінің ерекшелігі.
А) Факті дәл көрсетіліп, жүйелі жазуға айрықша мән беріледі.
В) Ғылыми еңбектерде қолданылады.
С) Газет-журналдарда жарияланады.
D) Күнделікті қарапайым сөздер қолданылады
Е) Ауыспалы мағынадағы сөздер қолданылады.


7. Құжаттар тілі қай стильге тән?
А) Ресми іс-қағаздар стилі
В ) Көркем әдебиет стилі
С) Ауызекі сөйлеу стилі
D) Ғылыми стиль
Е) Публицистикалық стиль

8. Төменде берілген үлгі ресми іс-қағаздар стилінің қай түріне жатады?
Мен, Алматы қаласы №1 гимназиясының 11-сынып оқушысы Тұрысбеков Дәурен, мектеп кітапханасынан М. Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясын (екінші кітап) каникул кезінде үйде оқу үшін алдым.
Кітаптарды 5 қараша күні қайтаруға уәде беремін.
А) Қолхат
В) Өтініш
С) Арыз
D) Шағым
Е) Түсініктеме




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет