19. Қ. Аманжолов «Өзім туралы» өлеңін алғашында қалай атаған?
А) Сыр
В) Өмірбаян
С) Автограф
D) Жыр
Е) Қазақтың Қасымы
20. Үзіндідегі асты сызылған сөз қандай мағынада қолданылып тұр?
«...Біреуге жұртта қалған жасығымын
Біреуге аспандағы асылымын...»
А) Ешкімге керексіз
В) Сүйкімсіз
С) Тартымсыз
D) Уытсыз
Е) Жағымсыз
21. Үзіндіде қандай көркемдегіш құрал қолданылған?
«...Жүзім – жаз, көңілім – көктем, кеңпейілді,
Жақсының жүрегіне ғашық едім...»
А) Метафора
В) Синекдоха
С) Метонимия
D) Аллегория
Е) Теңеу
22. Смағұл Елубай дүниеге келген жыл?
А) 1947
В) 1945
С) 1941
D) 1943
Е) 1950
23. Трилогия дегенеміз не?
А) Мазмұн-мағынасы, сюжеті жағынан бір-бірімен тығыз байланыста, негізгі кейіпкерлері ортақ келетін, өзара жалғасқан, тұтас үш бөлімді туынды.
В) Әңгіме мен романның аралығындағы шығарма.
С) Күрделі сюжетті туынды.
D) Өлең түрінде жазылатын шығарма.
Е) Сатиралық шығарма
24. С. Елубайдың шығармасына жатпайтын нұсқаны табыңыз.
А) «Дауыл»
В) «Батыр Баян»
С) Ай астындағы үй»
D) Білте шамның жарығы
Е) «Кек»
24. «Жалған дүние» романы «Ақ боз үй» трилогиясының нешінші бөлімі?
А) 3
В) 1
С) 2
D) 5
Е) 4
25. «Жалған дүние» романындағы Едігенің зерттеп жүрген тақырыбы?
А)1932 жылғы ашаршылық
В) I дүниежүзілік соғыс
С) II дүниежүзілік соғыс
D) Әдебиет теориясы
Е) Лексика саласы
1-мәтін
Жемісті шыбық
Бір ауылда егде тартқан қарт кісі өмір сүріпті. Жастайынан еңбекқор қария еш тыным таппайды екен. Ауылдастары оған қызыға қарайтын болыпты. Бірде бір бай әлгі қарттын жеміс ағашының кішкене шыбығын отырғызып жатқанын көріп, оған таңғалыпты. Үндемей қалуды жөн көрмеген бай қарияға:
– Атай, сіз ғой қартайдыңыз. Отырғызған ағашыныздың жемісін көре алмайсыз, олай болса неге осынша бейнеттеніп жатырсыз? – дейді,
Қарт байға күлімсіреп қана қарап тұрып:
– Бізден бұрынғылар ағаш отырғызды, жемісін біз жедік. Енді біз де отырғызайық, жемісін кейінгілер жесін, – деп жауап береді.
Бай оның жауабына риза болып, қартқа бір уыс ақша береді. Тағы да күлімсірей қараған қарт:
– Көрдің бе, балам, бұл шыбықтың жемісін, міне, мен де көрдім, – дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |