Қазіргі таңда ғылымға берілетін анықтама


Әдебиет көздерін сипаттау үлгілері



бет18/41
Дата30.01.2022
өлшемі61,07 Kb.
#130163
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41
Байланысты:
гылыми коллок (копия)

19 . Әдебиет көздерін сипаттау үлгілері:
1. Жексембекова В. Қазақстандағы этникалық қарым- қатынастар: прогресс үшін бірігу // Саясат, 2002, №11. 30-32 б.
2. Борисова Б.М. Даралық және кәсіп.- М: Білім, 1991. 116 б.
3. Қысқаша психологиялық сөздік. / ред. А.В. Петровский. Ростов Н/Д: «Феникс» баспасы, 1998. 81-82 б.
    Интернеттен алынған мақалалар, дәйексөздер әдебиеттердің жалпы тізімдерінде төмендегідей көрсетіледі:
Авторы (егер көрсетілсе), мақала атауы, электрондық мекен- жайы, (интернеттегі сілтеме).
    Ғылыми жұмыстарда пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме төртбұрышты жақша ішінде келтірілген әдебиеттердің нөмірін көрсете отырып беріледі. Нөмірлеу сілтемесі мәтінде келуіне байланысты рет- ретімен келу керек. Мысалы,    «тәрбие әдістері…» [ 5 ].
    Ғылыми жобаның кіріспесін ресімдеу.
—    Кіріспеде (кемінде 2 бет): таңдалған зертеу тақырыптарының көкейкестілігі, мақсаты, тапсырмалары келтіріледі;
—    Кіріспе жаңа беттен басталады, 3- ші бет болып нөмірленеді;
—    Бет нөмірлері беттің төменгі бөлігінің, оң жағында көрсетіледі
    20. Мәтінді рәсімдеудің жалпы ережесі.
—    Мәтін компьютерде терілу керек.
—    Сызық көлемдері: сол жақ-2,5 см, оң жақ – 1 см,  жоғары – 2 см,  төменгі – 2 см.
—    әріп- Times New Roman   KZ Times New Roman   14 кегль;
—    абзац болу керек;
—    жол арақашықтығы- бірқатарлы;
—    кіріспе, әр жаңа тарау, қорытынды, әдебиеттер тізімі, қосымша жаңа беттен басталады;
—    тарау тармақшалары жаңа беттен басталмайды, бірінен кейін бір жазылады, олар аздаған арақашықтық арқылы ажыратылады;
—    ғылыми жобаның әр бөлімнің атауы  майлы әріптермен, ортаға жазылады. Тараулар мен тармақшаларды жазу кезінде міндетті түрде олардың нөмірі (1.2., 1.1.,1.2. ) көрсетіледі.
—    Ғылыми жобаны жазу кезінде беттердің нөмірленуі және жобаның жекелеген бөлімдерінің орналасу реттілігі сақталу керек,
—    Мәтінде міндетті түрде пайдаланылатын әдебиеттерге сілтеме берілуі керек. (төртбұрышты жақшада).
—    Теориялық бөлімнің бет саны 20 беттен кем болмау керек;
—    Қорытындыда (кемінде 1 бет) жұмыстың негізгі нәтижелері және олардың негізінде жасалынған қорытындылар, жұмыс нәтижелерін ғылыми және практикалық мақсатта пайдалану бойынша ұсынымдар болады;
—    Пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тізіммен келесі тәртіпте беріледі:
           автордың тегі, аты- жөні,
           мақала және журнал атауы(журнал мақалалары үшін),
           журнал және кітап атауы
           шыққан жері және баспасы (кітаптар үшін),
           шыққан жылы, шығу нөмірі, беттері.
—    әдебиеттер алфавиттік тәртіппен орналасады;
—    қосымша (егер қажет болса) әдебиеттер тізімінен кейін орналасады және карталар, суреттер, сызбалар, кестелер, диаграммалар, мәлімет кестелері болуы мүмкін. Қосымшалар да мәтінде кездесуіне қарай орналасады және нөмірленеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет