22.Аннотация дегеніміз не?
Аннотация (аңдатпа) – бұл тұтас мақаланың қысқаша нұсқасы. Мұнда автор мақалада шешімін беретін мәселені, мақсаты мен зерттеу нәтижесін сипаттау қажет. Оқырманға құнды болатын бар өзектілігін көрсетуі тиіс. Бұл өз кезегінде ғалымға оны ары қарай оқуға тұратын-тұрмайтындығын анықтауға көмектеседі.
23.Рецензия дегеніміз не?
Рецензия- журналистика, сонымен қатар ғылыми және көркем өнер сынының (критика) жанры. Рецензия жаңа туынды туралы мағлұмат бере отырып, оның қысқаша талдамасын және бағасын қамтиды.
Рецензия біреудің бір шығармасы, мақаласы, т.б. туралы жазылады. Онда сол еңбекке рецензия жазушы адамның өз көзқарасы баяндалады, өз бағасы беріледі, еңбектің жетістігі мен кемшілігі айтылады, кейде оны жетілдіре түсу үшін ұсыныстары жасалынады.
Рецензия ең алдымен ғылыми негізде, обьективті түрде, баршаға түсінікті тілде, шығарманы жазған авторға да, шығарманың оқырмандарына да пайда келтірерліктей түрде жазылуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |