2.3 Мәліметтер базасы
Мәліметтер базасы (database) – бұл белгілі бір құрылымды ретпен орналасқан ақпарат жинақталған файл немесе файлдар жиыны. Осы ақпараттарды, яғни мәліметтерді басқару үшін мәліметтерді басқару бағдарламалары қолданылады. Қазіргі таңда олардың сан алуан түрлерін кездестіруге болады. Мысалға кеңінен қолданылып келе жатқан мәліметтер базасымен жұмыс жасайтын Microsoft Access бағдарламасын атап айтуға болады. Мәліметтер базасы жинақталған ақпаратты құру құрылымына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Соның ішінде өте кең таралғаны реляционды мәліметтер базасы.
Реляционды мәліметтер базасы – ол бір-бірімен байланысқан кестелер түріндегі құрылымы бар мәліметтер жиынтығы. Бұл әр түрлі тізімдер, журналдар, каталогтар, бухгалтерлік кітаптар, анықтамалықтар және де т.б. кестелер болуы мүмкін. Реляционды мәліметтер базасы ақпараттың дұрыстығы мен бүтіндігін қатаң тәртіппен қадағалайды. Сонымен қатар бұл МБ келісілген бағдарламада тез өңделеді. Реляционды МБ-на мысалы: Microsoft Access, Corel Paradox, Borland dBase, Microsoft FoxPro жатады. Осы аталғандардың барлығы қарапайым қолданушыларға арналған. Олар өздері қолданушының компьютерінің қатты дискісіне немесе файл сервердің дискісіне өздері сақтап, тікелей қолдана береді.
Ал, енді үлкен көлемдегі ақпараттармен жұмыс жасау үшін осы ақпаратқа көптеген қолданушылар қосыла алатын күшті бағдарламаларды атап айтсақ: BorlandInterBase, MySQL, FireBird, Microsoft SQL Server, Informix, Sybase, Oracle.
Осы аталған МБ-да жұмыс жасайтын бағдарламалардың әр қайсысының өзіне тән форматы бар. Әр МББЖ( мәліметтер базасын басқару жүйесі ) ақпаратты тек өзінің форматында сақтайды. Осылардан өзімізге керегін, осы дипломдық жобада қолданылып отырған SQL(Structured Query Language, сұраныс жасауға арналған құрамды тіл) тілін қарастырайық. Бұл сұраныс тілі барлық бағдарламалармен жұмыс жасай алады. Сонымен қатар МБ-ғы ақпараттармен сенімді, тез, қарапайым жұмыс жасайды. Осы тіл арқылы клиент серверге сұраныс жіберіп өзіне жауабын ала алады.SQL тілінде сұраныс жасау арқылы ақпарат қосуға, жоюға және өзгертуге болады.
Мәліметтер базасын басқару жүйесі (МББЖ) – мәліметтер базасын ұйымдастыру мен жүргізуге арналған арнайы программа (көбіне программалар комплексі). Программаны алгоритмдік тілде жасау үшін транслятор қалай керек болса, ақпараттық жүйені жасау және басқару үшін МББЖ да сондай маңызды.
Көптеген мекемелер өздерінің жұмыс процестерін қолдау үшін электронды мәліметтер базасын қолданады. Көбіне бұл 1-2 қолданушыға арналған dbf-бағытталған дамыту қолданбаларының көмегімен жасалған жүйелер: MySQL, Clipper, Dbase, Oracle, FoxPro, Paradox, Access. Әдетте осындай өзара тәуелсіз базалар қатары қолданылады. Егер мәліметтер базасындағы ақпарат тек қолданушыға емес, басқа да тұлғаларға қызықты болса, онда ақпараттың ары қарай таралуына мәліметтер базасы жасаған қағаз есептер мен анықтамалар қолданылады.
Локальды желілердің пайда болуының, сондай торлардың Интернетке қосылуының, корпоротивті аралық желілердің жасалуының арқасында кез келген жұмыс орнынан желінің ақпараттық қорына қол еткізу мүмкін болып отыр. Бірақ, жұмыс атқаратын мәліметтер базасын қолданар кезде жұмыс орнының біртектілігін талап ететін («туған» интерфейсті қосу кезінде), желідегі үлкен траффикпен байланысты, файлдық серверді жүктеу мен аралықтан жұмыс істеудің мүмкін еместігі сияқты проблемалар туындауы мүмкін (мысалы, коммандировкадағы жұмысшылар). Бұл қолайсыздықтардың шешімі ретінде бір жүйеге келтірілген WWW интерфейсін мекеме ресурстарына қол жеткізуде қолдануды айтуға болады. МББЖ-ның негізгі функциялары:
1. Сыртқы жадыдағы (дискілерде);
2. Оперативті жадыдағы мәліметтерді дискілік кэшті қолдану арқылы басқару;
3. Өзгерістерді тіркеу, резервті көшіру және қате жұмыстан кейін мәліметтер базасын қайта қалпына келтіру;
4. МБ тілдерін қолдау (мәліметтерді табу тілі, мәліметтерді басқару тілі).
МБ-на қол жеткізу әдісі бойынша:
Файл-серверлік:
Файл-серверлік МББЖ мәліметтер файлы орталықтандырылып файл-серверде орналасады. МББЖ әр клиенттік компьютерде орналасады. МББЖ-ның мәліметтерге қол жетізуі локальді желі арқылы жүзеге асады. Оқылу және жаңарту синхронизациясы файлдық блоктандыру арқылы жүзеге асады. Бұл архитектураның артықшылығы деп сервердің орталық портына түсетін аз жүктемені айтамыз. Кемшіліктері: локальді желінің потенциалды жоғары жүктемесі; жоғары сенімділік, қол жетімділік және қауіпсіздік сияқты маңызды сипаттардың орындалуының қиындығы. Көбіне мәліметтер базасын басқару функциялары қолданылатын локальді қосымшаларда пайдаға асады. Қазіргі кезде файл-серверлік МББЖ ескірген болып есептеледі. Мысалдар: Microsoft Access, Paradox, dBase, FoxPro, Visual FoxPro.
Клиент-серверлік:
Клиент-серверлік МББЖ серверде мәліметтер базасымен бірге орналасады және МБ-на монопольді режимде қол жеткізіледі. Барлық мәліметтерді өңдеуге байланысты лиенттік сұраныстар клиент-серверлік МББЖ-да орталықтандырылып өңделеді. Клиент-серверлік МББЖ-ның кемшілігі серверге дегер жоғары талап болып табылады. Артықшылықтары: потенциальді локальді желінің біршама төмен жүктемесі; орталықтандырылған басқарудың ыңғайлылығы; жоғары сенімділік, қол жетімділік және қауіпсіздік сияқты маңызды сипаттардың орындалуының ыңғайлылығы. Мысалдар: Oracle, Firebird, Interbase, IBM DB2, MS SQL Server, Sybase, PostgreSQL, MySQL, ЛИНТЕР, Caché, MDBS.
Орнатылатын МББЖ – локальді машинада бір жүйеге келтірілген түрде мәліметтердің үлкен қорын сақтауға мүмкіндік беретін кітапхана. Мәліметтерге SQL арқылы немесе МББЖ-ның кез келген айрықша функциясы арқылы қол жеткізуге болады. Орнатылатын МББЖ қарапайым клиент-серверліктен жылдамырақ және сервердің орнатылуын талап етпейді, сондықтан үлкен мәліметтер қорымен айналысатын локальді программалық жабдықтамада сұранысқа ие (мысалы, геоинформациялық жүйелер). Мысалдар: OpenEdge, SQLite, BerkeleyDB, Firebird-тің бір түрлері, MySQL, Sav Zigzag, Microsoft SQL Server Compact, ЛИНТЕР.
Достарыңызбен бөлісу: |