Бірінші кезекте бізге «html» немесе «htm» кеңейтулері бар файл жасап, осы мәтіндік редакторде (Windows-та стандартты «Блокнот» программасын қолдануға болады) ашу керек болады.
HTML құжатты броузер қалай көрсету керек болса, мәтініне де солай жазылады, ал құжатты (тэгтерді) белгілеу үшін арналған фрагменттерді бөліп көрсеткен кезде, бұрыштық жақшалар қолданылады («артық» және «кем» белгілері), мысал:
Кез келген HTML құжатты ашушы тэгтен басталып, оған сәйкес түрде жабушы тэгпен бітеді. Жабушы тэгтің ашу тэгтен айырмашылығы: жабушы тэгте тэг атауының алдында қисық сызық болады. HTML тілінде тэгтерді жазғанда үлкен және кіші әріптердің арасында айырмашылық болмайды, дегенмен көбінесе, ашушы тэг үлкен әріптермен, ал жабушы тэг кіші әріптермен жазылады. Ашушы тэг пен оған сәйкес жабушы тэгтің арасында орналасқан құжат бөлігі контейнер (to contain – бір нәрседен құралу, бір нәрседен тұру) деп аталады. Ашушы және жабушы варианттары бар тэгтер жұпты, ал тэг бір түрде ғана (мысалы, жай ғана тэг) қолданылатындары жұпсыз деп аталады. Web-беттің бүкіл файлы, бұл – бір үлкен HTML контейнері.
HTML контейнердің ішіне екі контейнер тізбектеліп жасалады:
(құжат тақырыбы). Бұл контейнердің ішіне бүкіл бетке ортақ параметрлер жазылады. Мысалға мұнда броузер терезесінің тақырыбында мәтін орналастыруға мүмкіндік беретін контейнер орналастыруға болады.
(құжат денесі). Бұл контейнердің ішінде броузер өз терзесінде құжат ашылған кезде көрсету керек болған барлық нәрсе бар. Егер құжат мәтіннен, графикадан, кестеден, сілтемелерден және т.б. тұратын болса, онда оларды осы жерде жазу керек. Егер де әр түрлі Web-беттің бастапқы мәтіндерін салыстыратын болсақ, онда олардың құрылымдарының ұқсастығын бірден байқауға болады. Бұл құжаттардың белгілі бір ережелер бойынша жасалатынын білдіреді.
HTML тілінің негізі ISO 8879:1986 «Information processing Text and Office systems. Standard Generalized Markup Language (SGML)» стандартынан тұрады. Бірақ ресми стандарт пен шын стандарттың арасында үлкен айырмашылық бар. Төменде қарапайым Web-құжаттың шаблоны келтірілген. Осы мысал бойынша біз HTML-беттердің жалпы құрылу принципін қарастырамыз. Web-беттің құрылымын түсіну үшін, бізге келтірілген листингтегі барлық элементтерді қарастырып шығу қажет:
name=”Author”
content=”Irina”>
name=”Keywords”
content=”WWW, HTML, document, element”>
Кез келген программалау тілінде осыған ұқсас ремарктарды жасауға мүмкіндік беретін құрылымдар болады. HTML тілі де осы тілдердің бірі болып табылады. COMMENT-тің ішіне орналастырылған мәтін, броузер тарапынан көрсетілмейді. Мұнда соңғы тэгті қоймасақ болмайды, себебі комментарилер негізгі мәтіннен бөлініп тұруы қажет.
Дегенмен мұнда әлі шектеу бар, коментаридің ішінде басқа элементтерді орналастыруға болмайды. Бұл, тек егер COMMENT элементінің бүкіл құрамы монитор экранында көрсетілмеуі керек болса ғана қолданылады. Егер де комментаридің ішінде басқа элемент болатын болса, онда оның құрамы сәйкес түрде форматталып, экранда көрсетіледі. Осымен қатар, қарапайым мәтіннің құрамында тэгтері бар фрагменттер болмауы тиіс. Мәтінге осыған ұқсас құрылымдарды қосу үшін, PLAINTEXT элементі бар.
Комментариді белгілеудің басқа да жолы бар. Леп белгісінен екі сызықшадан бастап, комментарийлерді жазамыз. Мұндай құрылымның ішіне тэгтерді де орналастырсақ болады: олар броузер тарапынан қабылданбайды.
Осы тіл принциптерінің бірі болып көпдеңгейлі элементтер қойылымы табылады. HTML ең ішкісі болып келеді де, оның бастапқы мен соңғы тэгтерінің ішінде бүкіл Web-беттері орналасуы тиіс. Негізінен бұл элементті формалдылық ретінде қарастыруға болады. Оның version, lang және dir атрибуттары болады, бірақ берілген жағдайда көптеген адамдар бұларды қолданбайды да, Web-бетінің жалпы құрылымын анықтайтын HEAD, BODY және PLAINTEXT элементтерін қолданады. Әрине, барлық гипермәтіндік құжаттар соңғы тэгпен аяқталады.
Басқаша айтқанда, оның бірінші бөлігі HTML HEAD сияқты құжаттың жалпы құрылымын қалыптастыру үшін ғана қызмет етеді. Бұл элементтің құрамында lang және dir атрибуттары мен TITLE, ISINDEX, BASE, NAME, LINK, NEXTID элементтері болуы мүмкін.
Іште орналасқан мәтін жолы құжатта емес, броузер терезесінің тақырыбы көрсетілетін жерде көрсетіледі. Бұл қасиет WWW-де іздеу жұмыстарын ұйымдастыру үшін қолданылады, сондықтан Web-беттерді жасайтын авторлар TITLE элементінің ішіндегі мәтінді өте ұзын қылып жасамай, жеткілікті түрде құжаттың мақсатын көрсетіндей етіп жасауы керек.
Жоғарыда көрсетілген мысалда Н2 және CODE элементтерінің шрифттары көрсетілген. Дегенмен әр элементтің үздіксіз жағдайында өзіне тән стильдік безендірмелері болады, сондықтан STYLE-ді қолдану міндетті емес. Бұл элементтің құрамында қызметтік ақпарат болады, ол Web-бет ашылған кезде көрсетілмейді. Оның ішінде қарапайым түсінікке ие болатын мәтін болмайды, сондықтан соңғы тэг те болмайды.
Әрбір NAME элементінің құрамында екі негізгі атрибуттан тұрады, олардың біріншісі берілген деректер түрін анықтап, екіншісі олардың құрамын анықтайды. Төменде meta-деректердің бірнеше мысалдары келтірілген.
Құжаттың «қолдану мерзімін» білдіреті күні, айы мен жылы: name=”Expires” content=”Data”. Электрондық поштаның адресі: name=”Reply-to” content= «Есім@Адрес». Web-құжат жасалған құжаттың нұсқауы: name=”Generator” content=”HTML редактордың атауы”.
Name атрибуты қосымша-клиент тарапынан Web-беттер туралы мағлұматтар мен олардың ретін білу үшін қолданылады. Бұл атрибуттың орнына көбінесе http-equiv атрибуты қолданылады. Ол сұраныс орындалған кезде, сервер тарапынан қосымша жолдарды жасау үшін қолданылады.
Мұнымен қоса, NAME элемнтінің құрамында URL болуы мүмкін. Бұл атрибуттың шаблоны мынадай: URL= «http://адрес».
Бұл элементтің ішінде Web-бетті анықтайтын гипермәтін болады. Бұл автор тарапынан өндірілетін және броузер тарапынан көрсетілетін құжат бөлігі. Сәйкес түрде, бұл элементтің соңғы тэгін HTML файлдың соңғы жағынан іздеу керек. BODY-дің ішінде Web-беттің дизайнеріне керекті барлық элементтерді қолдануға болады. BODY элементінің бастапқы тэгінің ішіне бүкіл беттің құрылымын қамтамасыз ететін бірқатар атрибуттарды орналастыруға болады. Оларды ретімен қарастырайық. Дизайн үшін ең пайдалы болғандардың бірі – беттің фонын анықтайтын атрибут. Оның пайда болуын WWW-дағы кіші революцияға теңеуге болады, себебі бәрі бірдей сұр. Web-беттер соның арқасында ашық түсті оюларға ие болды: backround=”фон файлына баратын жол”. Фонның одан да қарапайым безендірілуі оның түсін беруден тұрады: bgcolor=”#RRGGBB”.
Фонның түсі қызыл, жасыл және көк түстердің интенсивтілігін анықтайтын үш екі разрядты он алтылық сандармен беріледі.
Жоғарыда келтірілген екі атрибут та альтернативті болып табылмайды да, көбінесе екеуі бірге қолданылады.
Беттің фоны өзгеруі мүмкін болғандықтан, мәтіннің сәйкес түсін енгізу мүмкіндігіне ие болу қажет. Бұл үшін келесіде көрсетілген атрибут бар:
text=”#RRGGBB”.
Гиперсілтемелердің түсін беру үшін мына атрибут қолданылады:
link=”#RRGGBB”.
Осылайша қолданылған гиперсілтемелердің түсін беруге болады:
vlink=”#RRGGBB”.
BODY элементінің ішінде орналасқан гипермәтін еркін құрылымға ие болуы мүмкін. Оны алдыңғы кезекте, Web-беттің мақсаты және өндірушінің қиялы анықтайды. HTML құжат өте үлкен болуы мүмкін, бұл жағдайда қолданушыға беттің керекті бөліміне жылдам келіп отыру мүмкіндігі берілуі керек. Бұл үшін гиперсілтемелердің механизмі қолданылады. Сонымен қатар, мәтіннің қажетті жерлерінде сәйкес белгілемелерді қойып шығу қажет.
HTML (Hyper Text Markup Language, гипертексті белгілеу тілі) – web- парақтар жасайтын арнайы бағдарламалық тіл. Web-парақтар – бұл текстер мен арнайы HTML тегтерінен(дискрипторынан) тұратын HTML форматындағы құжат.Жалпы айтқанда, HTML тегтері тексті форматтау, яғни, браузер түсінетін түрге келтіреді. HTML құжаттары html. немесе htm кеңейтілген түрінде сақталады. HTML тегтері браузерге web- парақтың құрылымы мен форматталу ерекшеліктері туралы хабардар етеді. Тег – браузер интерпретаторына тиісті нақты әр директиваға мәнді қалай өңдеуді көрсететін HTML командасы. Бұл мән тег атрибуты деп аталады. Тегтің атрибуты болуы да, болмауы да мүмкін. HTML – құжаты қысқа түрде құжат тақырыбынан және құжат денесіне тұрады.
Кез-келген web-парақтарда болатын HTMLдің негізгі тегтері бар. Әр web-парақтарда міндетті түрде тегі болуы керек, одан кейін текстің болатын білдіретін тегі келеді. HEAD бөлімінде парақтардың атауын білдіретін тегі болады. Содан кейін web-парақтың өз денесінің бастауының болатыны көрсететін тегі келеді.
Қарапайым HTML-құжат: