Қазіргі тіл білімінің жағдайы: жаһандану үрдісіндегі білім берудің жаңа тәсілдері есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы филология ғылымдарының кандидаты Қорқыт Ата атындағы Қму қызылорда қаласы



бет1/3
Дата05.02.2022
өлшемі141,99 Kb.
#17751
  1   2   3

ҚАЗІРГІ ТІЛ БІЛІМІНІҢ ЖАҒДАЙЫ:
ЖАҺАНДАНУ ҮРДІСІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУДІҢ
ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІ

Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы филология ғылымдарының кандидаты Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Қызылорда қаласы
aigul_eskaraeva@mail.ru

лингвистикалық фактор, тілдік жүйе, функционалды грамматика, рухани құндылық, тіл ғылымы, типологиялық сипаттама, академиялық стиль, терминологиялық қор, орфографиялық ережелерді, лингвистикалық іс-шаралар, негізгі тіл, жаңа ойлар, жаңа идеялар, жаңа ақпарат, инновациялық технологияларды қолдану, ұлттық модем, сапалы білім беру,



Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде еліміздегі тіл білімінің дамуы ерекше қарқын мен жаңа сипат алды. Бұл ең алдымен қазақ тілінің Қазақстан Республикасы мемлекет құрушы ұлтының тілі ретінде мемлекеттік мәртебе алуымен – саяси фактормен, осы мәртебесінің қоғамдық өмірдің барлық салаларында заңды түрде бекітілуімен – құқықтық фактормен, қазақ тілінің қолданыс аясынан, кеңеюімен қатар қолдану мәдениеті сапасының артуымен – әлеуметтік лингвистикалық фактормен, қазақ халқының ұлттық бірегейлігінің көркеюі, тарихи санасының жаңғыруымен – тарихи фактормен, сол сияқты басқа да қазақ тілді қоғам үшін тың факторлармен байланысты болды. Осы факторлар негізінде қазақ тілінің дамуында тың әрі қарқынды даму үрдістері белең алды. Қазіргі тіл білімінде қоғамдық санадағы, қоғамдық болмыстағы осы өзгерістердің тілдегі рефлексиясына талдау жасау, тілдің даму болашағын айқындау, тілдегі кейбір үдерістердің бағытын тілдік жүйенің іргелі, қоғам сұранысына тиімді жауап беретіндей болуы үшін дұрыс арнаға бұру мақсатында дәстүрлі ғана емес бейдәстүрлі – антропоцентристік бағыттағы әлемдік тіл ғылымы салалары бойынша да күрделі зерттеулер жүзеге асырылды. Сөзімізге айғақ боларлық бір дерек. Мәселен, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты– қазақ тілінің дыбыстық және лексикалық қорын жинақтау, жүйелеу, нормалау негізінде қазақ тілі және тіл ғылымы бойынша құнды зияткерлік (интеллектуалдық) мүліктің сақтаушысына айналып, 5 миллионнан астам картотекадан тұратын Ұлттық тілдің сөздік қоры қалыптасты. Нәтижесінде, қазақ тіл білімінде соңғы жылдары жаңғыртыла дамытылып отырған басым бағыттар санатында мемлекеттік тілдің грамматикасын, сөздігін, оқулығын атауға болады. Сонымен қатар, ғылыми зерттеу парадигмасы өзгерді. Ендігі зерттеулерде тілді адамның ішкі табиғатынан өсіп шығатын рухани құндылық ретінде, адамның қарым-қатынаста қолданатын құралы ретінде антропоцентристік көзқарас тұрғысынан қарастыру орын алып отыр. Осы талап тұрғысынан орындалған зерттеулердің бірі – «Қазақ тілінің функционалды грамматикасы». Бұл еңбек екі том болып 2010-11 жылдары жарыққа шықты. Тілдің қолданыстағы жалпы қоғамдық кеңістік пен уақыт ішіндегі қолданымдық қызметі, қолданыс ерекшеліктері айқындалды. Грамматикалық категориялардың тілдік жүйедегі орны нақтыланып, олардың танымдық табиғаты зерделенді. Тілдегі нормативті құбылыстармен қатар нормаға қайшы келетін, бірақ тілдік тәжірибеде бар дағдылы қолданымдардың (узус) да типологиялық сипаттамасы жасалды[1-14-15].
Әрине, тілді жаңғырта дамыту ісі сапалы сөздік түзумен тәмамдалмайды. Тіл са­ласында жүргізілген сапалы зертте­мелердің негізінде жазылатын жақсы оқу құралдары қажет. Қазіргі кезеңде қазақ тілі бойынша түрлі авторлардың қаламынан шыққан оқу құралдары пайдаланылып келеді. Олардың арасында ой-пікір қайшылығы орын алатын жағдайлар да бар. Сол себепті қазақ тіл біліміндегі соңғы жаңалықтарды зерделей отырып, академиялық стильде жазылатын көптомдық еңбектің қажеттілігі айқындалып отыр. Соңғы жылдары қазақ тілінің жазу-сызуы мәселесіне, әсіресе орфографияға қатысты біраз сын айтылып келеді. Дәл осындай әңгімелер терминологияға қатысты да айтылып жүрген болатын. Енді, міне, мемлекеттік тілдің жазуын латын қарпіне көшіру туралы тарихи шешімнің қабылдануына байланысты, әліпбиді өзгертумен бірге жоғарыда аталған мәселелерді оңтайлы шешіп алуға, негізгі түркі тілдеріне ортақ қаріптерді таңдау жолымен ұқсас әліпби жасауға, кірме терминдерді қабылдаудың ортақ жүйесіне көшу арқылы ортақ түркілік терминологиялық қор жасауға тарихи мүмкіндік туып отыр. Себебі жаңа әліпбиді қабылдау ісі осы негізде жаңа орфографиялық ережелерді жасаумен, ғылым мен техника салаларындағы кірме терминдерді қабылдаудың және қай саладағы терминдерді қай тілден қабылдаудың жөн-жосығын ай­қындаумен, оның жаңаша тәртібін ен­гізумен, жаңадан орфографиялық, орфоэпиялық, түсіндірме, аударма, терминологиялық сөздіктер түзумен, басқа да лингвистикалық іс-шаралар жүйесімен бірге атқарылады[2].
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының 12 сессиясында: «Қазақстандықтардың жас ұрпағы кем дегенде үш тілді білулері тиіс: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерулері қажет» - деп [1], Еуропадағы мектеп түлектері мен студенттерінің өзара бірнеше тілде еркін сөйлесулері қалыпты жағдайға айналғандығын атап өтті. Елбасы үш тілдік идеяны ұсынғанда балаларымыз бәсекеге қабілетті болумен қатар, жаңалықтарды түпнұсқасында оқи алатындай дәрежеге жеткенін мақсат еткен болатын. Осы тұрғыдан алғанда латын қарпіне көшу жастардың, өскелең ұрпақ балалардың ағылшын тілін игеруіне әлдеқайда жеңілдетеді. Себебі, бүгінде техника, технология туралы ақпараттың 70%-ы, электрондық ақпараттың 80 пайызы ағылшын тілінде шығады. Қытай, орыс, жапон, француз, тағы басқа тілдер де осы ақпараттың тек 20 пайызы ғана жарияланады. Көптеген саланың мамандары осындай жағдайдан кейін ағылшын тілін игеріп, оны өзінің кәсіби мамандығының тілі деп біледі. Мысалы ұшқыштар, дәрігерлер, жаңа материал жасау мамандары, химиктер, ақпараттық технология мамандары өз саласындағы негізгі тіл деп ағылшын тілін айтады. Бұл үрдіс барған сайын басқа мамандықтарға да кеңінен етек жайып барады[4]. Мына бір елең еткізерлік дерекке көз жүгіртелік. 2011 жылы әлемде ағылшын тілінде 550 мың кітап жарық көрген. Бұлар жаңа кітаптар мен аудармалар. Яғни, жаңа ойлар, жаңа идеялар. Сауатты боламын деген адамға керекті жаңа ақпарат. Сол жылы орыс тілінде 97 мың кітап басып шығарылды. Екі тілде шыққан кітаптардың салыстырма коэффициенті 1:5 (бір де бес), біздің Ресей көршімізден француздар шығарған басылымдар сәл төмен: 65000 (коэффициенті бір де сегіз). 2011 жылы қазақ тілінде 2300 кітап жарық көріпті. Яғни, ағылшын тілінде шыққан екі жүз кітапқа қазақ тілінде бір-ақ кітап келеді. Салыстыра келгенде кітаптардың ара жігін өзіміз-ақ салмақтай берейік.
Әртүрлі салалар үшін басылып шыққан ғылыми еңбектердің саны медицина бойынша ағылшын тілінде 14000, қазақ тілінде 147, экономика мен әлеуметтануда 29000, бізде 239, жаңа технология туралы 35000 да 191 кітап шыққан екен. Бұл тек біздің ғана басымыздағы мәселе емес. Әзербайжан, Грузия, Өзбекстан елдеріндегі жағдайлар да осындай, біздегідей, мүмкін одан да күрделі. Сондықтан көптеген әлем елдері Египеттен бастап, Мексика, Швецияға дейін олардың бәріне ортақ бір мәселе – әлемдегі сансыз ақпаратты өз тілдеріне аудару қажеттігі. Ал оны іске асыру ешбір елдің, ешбір бюджеттің қолынан келмейді. Аудармалардың үнемі сапалы шығатына да ешкім кепілдік бермейді. Тығырықтан шығар жол қайсы?! Жауап біреу. Ағылшын тілін меңгеру. Көптеген елдің халықтары өзінің ана тілімен қатар ағылшын тілін де толық игерген. Мысалы, барлық Скандинавия елдері, бүкіл Балтық бойы, Швейцария, Сингапур, Малайзия. Оңтүстік Кореяда ағылшын тілін таза сөйлейтіндер шамалы, бірақ барша халық осы ағылшын тілінде бірін-бірі жақсы түсінеді. Ағылшын тілін енгізуге табандап наразылық білдіріп келген Франция 2013 жылдан бастап, ресми түрде мектеп бағдарламасына ағылшын тілін енгізді. Экономикада, ғылымдағы басымдықтың ағылшын тілінде екенін мойындағасын, Франция мойын ұсынды. Халықаралық тіл мартебесіне ие боларлықтай Қытай елі де өз жастарына ағылшын тілін белсенді түрде үйрете бастады. Бір сөзбен айтсақ, білімнің де ілімнің де қара құлпы ағылшын тілінің кілтімен ашылады. Үш тілді қатар игеру біздің тіліміз бен мәдениетіміздің дамуына кедергі келтіреді деген де күмән бар. Ол да негізсіз емес. Қайткенмен де ұлт болып осы мәселені терең ойластыруымыз керек. Біздің ойы­мызша, заманымыздың осындай өктем талабына кезігіп отырған, оларға өз жауабын тауып отырған басқа елдер тәжірибесіне тереңірек үңілуіміз керек[5-116].
Швеция, Норвегия, Дания, Финляндия халықтары жаппай ағылшын тілінде сөйлейді, іс қағаздары да осы тілде. Бірақ өз тілін ешқайсысы ұмытқан жоқ, ал төл мәдениетін айтарлықтай дамытып отыр. Малайзия халқы сонау Британия боданы заманынан ағылшын тілін жаппай игерген. Бірақ әрбір малай азаматы өзінің ислам дініне берік, ана тілінде өз мәдениетін өте жақсы дамытып отыр. Көптілділік мәселесі – Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемнің алдында тұрған көкейтесті мәселелердің бірі, себебі, жаһандандыру және кейбір кеңестікке шыққан заман тілдерді білуді талап етеді.
"Кеңес дәуірінде мектептің оқу бағдарламасында ағылшын тілі жүйесіз, шашыраңқы оқытылды. Өйткені ең бірінші ағылшын әріптерін, сөздері мен грамматикасын оқытады. Енді сол сөздерді бір-бірімен байланыстырып үйрететін кез келгенде балалар алдыңғы сабақта үйренгендерін ұмытып қалады. Ал қазіргі тіл үйрететін арнайы курстарда тіл үйретуді бірден коммуникативті деңгейде қарастырады. Сабақ өзара байланыста өрбіп отырады. Мектеп оқушыларының ағылшын тілін он жыл оқыса да меңгеріп шыға алмайтыны содан",-деп ҚР білім және ғылым министрінің орынбасары Такир Балықбаев республикалық басылымдардың біріне сұхбат бергенде мәлімдеді. Ол рас. Себебі, аға буын арасында ағылшын тілін "әупіріммен" оқыған адам қарасы көп. Әрине, қазіргі жағдайда мектеп оқушыларына ағылшын тілін үйретудің сан тәсілі бар. Өз тәжірибемде мектеп оқушыларына сөз жаттатуда жүйелі жүргізгенді қалаймын. Мәселен "sunflower oil, ice cream" деген екі сөзден "күн, гүл, май, мұз, крем" деген 5 сөзді бірден жаттатқан ұтымды болмақ. Баланың ойында ол тез жатталып, әрі мағыналық байланысты байқайды. Бұндай мысалдар әлбетте көп. Осы орайда білім берудегі инновациялық технологияларды қолдану да тиімді.
Қазіргі кезеңде білім берудің ұлттық модеміне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдері мен инновациялық педагогикалық технологияларды игерген, технологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан, бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашылық педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім, зерделі оқытушы болуын қажет етеді[6]. Өйткені еліміздегі дүбірлі өзгерістер, қайта жаңғырулар білім беру жүйесіне де айтулы реформалар мен мақсаттар әкелді. Білім стандартының жасалынуы, төл оқулықтарымыздың жазылуы, жаппай компьютерлендіру, инновациялық технологиядағы іздену, білім мазмұнын байыту, әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатындағы жұмыстар сол өзгерістердің куәсі.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Сондықтан тіл үйретуде ақпараттық технологияларды қолданудың тиімді жақтары мен жаңа ақпараттық технология құралдары (жаңа типті компьютерлер, телекоммуникациялар, виртуальды орта және мультимедия, интерактивті құрылғылар) оқу үрдісіне көптеп енгізілуде.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз. Қазіргі таңда ақпараттық-коммуникативті технологиялар біздің елімізде де жоғары қарқынмен дамып келеді. Оқу үрдісінде жаңа технологиялық әдістермен қатар жаңа ақпараттық технологияларды да қолданудың мүмкіндігі жасалып отыр» деген болатын[3].
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі: «Білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін, нәтижеге бағытталған білім берудің жаңа жүйесіне көшу үшін әр оқытушы, жеке тұлға күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа ақпараттық технологияларға, әлеуметтік, тұлғалық және жеке құзыреттілікке ие болуы тиіс[6]. Бұл талаптар күнделікті әдістемелік жұмыстың жүйелі түрде ұйымдастырылуы негізінде жүзеге асырылады.
Оқытушының инновациялық іс-әрекеті - өз қызметіне жаңа технологияларды енгізу. Білім беру жүйесінде қазір технологиялардың сан алуан түрлері бар. Осыған байланысты деңгейлік тапсырмалар беруде оқытушы ең алдымен тапсырмалардың мазмұндық жүйелілігіне аса назар аударуы қажет. Жаңа инновациялық технологияны жүзеге асыруда оқытушы белсенділігі, шығармашылық ізденісі артып, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, студенттерін жеке тұлға ретінде бағалауы орын алады.
Сонымен қатар, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың оқу-тәрбие үрдісінде қолданылуы студенттердің білім алу мүмкіндіктерін кеңейтеді. Ақпараттық компьютерлік технологияны пайдалануда студенттер мектепте алған білімдерін ұштап, мамандыққа сай берілетін білімдерін молайтып сабаққа белсене қатысады. Өйткені компьютер арқылы оқу материалын беруге, оны әзірлеуге, бақылауға, қорытындылауға, көмек беруге мүмкіндік зор.
Түсті графиканы, бейнетехниканың мүмкіндіктерін пайдалану оларға ерекше әсер етеді. Студенттің кез-келген тапсырманы аяғына дейін орындап, өзінің ой-өрісін пайдаланып, кез-келген сұрақты қойып, оның шешімін тауып, білімін дамытуға мүмкіндік туғызады. Ақпараттық технологияны жеке тұлғаны дамыту мақсатында қолдану жолдары:
- электронды поштаны қолдана білу;
- материалды компьютер арқылы презентациялау;
- мәтінді графикпік сызбаларға түсіру;
- мәліметтер қорымен, әдебиеттермен жұмыс;
- электрондық оқулық, диск, қосымша материалмен жұмыс;
- интернеттен ақпарат алу.
Яғни, осы аталғандар арқылы ұйымдастырылған сабақ студенттердің шығармашылығын дамытып, өз бетімен ізденуге, алған білімін ұштауға, сенімін арттыруға, жеке тұлғасын, қабілетін, ынтасын, рухани әлемін дамытуға басты құрал болып табылады. Осындай жан-жақты ойластырып, мазмұнды түрде жоспарланған сабақ төмендегідей мақсаттарға қол жеткізеді:
- танымдық ой-өрісін кеңейтуге;
- жоспарлы жұмыс жасауға;
- нәтижені болжай білуге;
- танымдық қызығушылығын арттыруға;
- ойлау қабілетін арттыруға;
- өздігінен жұмыс жасауға;
- тез есте сақтауға;
- шығармашылық қабілеттерін дамытуға.
Осыдан байқайтынымыз, оқытушы мен оқушы арасында ақпараттық мәдениет қалыптасып, оны шапшандыққа, ізгілікке, тапқырлыққа, жауапкершілікке үйретеді, оқушының ойлауына, қабілетіне әсерін тигізіп, жеке тұлғасын дамытады.
Дәстүрлі оқытуда оқытушы дайын, толық ақпаратты берген болса, оқушы тек соны тыңдап, ақпаратты оқытушы арқылы қабылдап отыратын. Сабақта көбіне репродуктивті әдістер, лекция, баяндау, әңгімелеу, мазмұндау және т.б. қолданылды. Егер дәстүрлі оқытуда оқу тәрбие үрдісінде басты рольді оқытушы атқарса, технологияның көптеген түрлері қамтылған қазіргі жағдайда белсенді қызметті оқушы атқарады, яғни өзі ізденеді, өзі оқып, өзі үйренеді[7]. Ал оқытушы сабақты ұйымдастырушы, кеңес, бағыт-бағдар беруші. Әрбір студенттің жеке мүмкіндіктеріне байланысты қызығушылықтарын арттырып, берілген тапсырмалар олардың қабілеттерін ашуға бағытталады. Олардың жұмысы көптеген тұлғалық қасиеттеріне қарай бағаланады (интеллектуалды дамуы, тіл мәдениеті, дербестігі, инициативасы, жауапкершілігі).
Студенттерді қажетті білім дағдыларымен қамтамасыз ету үшін оқытушы әр сабақта жүйелі жұмыс жүргізуі керек. Ол үшін тіл үйретушінің әдіскерлік шеберлігі, теориялық білімі, ұйымдастырушылық қасиетінің жоғары деңгейде болуымен қатар, құнды жасалған көрнекілік, электрондық оқулық, аудио, бейнетаспалардың болуы да қажет. Осыған байланысты бір ғана электрондық оқулықтардың тиімділігін айта кетсек:
- әртүрлі жұмысты тез және қысқа мерзімде орындауды қамтамасыз ету;
- тілді үйрену уақытын үнемдеу;
- көрнекілік және түсініктілік принципін пайдалану мүмкіндігі;
- бейнелеу мүмкіндігінің жан-жақтылығы;
Сондай-ақ, электронды оқулықтағы оқыту, модельдеу, тестілеу т.б. бағдарламалар жиынтығы тіл үйретуде жай оқулықтарға қарағанда өте тиімді қосымша мүмкіндіктер береді. Олар жинақы, ыңғайлы түрде алынады, өйткені электрондық оқулық – бұл дидактикалық әдіс-тәсілдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негізделген түбегейлі жүйе. Оны пайдалану барысында төмендегі мақсаттар жүзеге асырылады:
- тыңдалым арқылы екпін, қазақ тілінің төл дыбыстарына назар аударту; тыңдау арқылы қабылдауға, есте сақтауға, дұрыс оқуға дағдыландыру;
- оқылым арқылы мазмұндап, өз ойын айтуға үйрету; оқу жылдамдығын арттыру; оқу арқылы мазмұнын меңгерту;
- жазылым арқылы берілген түрлі жаттығулар мен тапсырмалар арқылы тіл үйренушінің сауаттылығын арттыру; қойылған сұрақтарға жауапты жазбаша жазуға үйрету;
- көру арқылы берілген тақырып бойынша материалды пысықтау;
- әртүрлі тапсырмалар, тест арқылы тіл үйренушінің білімдерін тексеру.
Толассыз ақпараттар ағымын бүкіләлемдік Интернет жүйесі, спутниктік каналдар, теледидар, ұялы байланыс арқылы көріп, естіп қабылдауға машықтанған ХХІ ғасырдың өкіліне нағыз керегі – сандық бейне, анимация, компьютерлік оқыту ойындары, дыбысты жаңғырту т.б. компьютерлік технологиялар. Осылардың бәрін қолдануға мүмкіндік беретін қазіргі мультимедиялық бағдарламалар тіл үйретуді жеделдетуге, оқу уәждемесін көтеруге, сөйлесім әрекетін дамытуға зор әсерін тигізеді. Сөйлесім әрекетінің кез келген түрінің негізінде көру-есту моторының арасындағы байланыс жататыны белгілі[8].
Түйіндей айтсақ, ақпараттық технологияның кез-келген түрінің бүгінгі күні қарқындап өсуі, оның тиімділігі сапалы білім берудің бірден-бір қайнар көзі екендігі және оны әсіресе тіл үйретуде пайдалану – тіл үйренушінің ең басты құралы болып отырғандығы шындық. Ендеше келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде оқытушының инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі сапалы білімнің жемісі болмақ. Сондықтан қазақ тілін оқытуда дайын өнімдердің жетістіктерін есепке ала отырып, мультимедиялық технологияларды қолданып, ақпараттық оқыту бағдарламаларды әзірлеудің теориялық, әдістемелік мәселелерін терең саралау арқылы оны жетілдіре түсу біздің басты мақсатымыз болмақ.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет