Қазіргі уақыт қажеттіктерін қанағаттандыратын, бірақ болашақ ұрпақтардың өз қажеттіктерін қанағаттандыру қабілеттілігіне қауіп төндірмейтін даму болып табылады. Брундтланд комиссиясы, БҰҰ, 1987ж



бет4/5
Дата07.02.2022
өлшемі32,58 Kb.
#92691
1   2   3   4   5
Байланысты:
Тұрақты даму

Қоршаған орта
Қоршаған орта сапасын жақсарту мақсатында, атап айтқанда атмосфералық ауа сапасын жақсарту мақсатында, Осло қаласында (Норвегия), ол 2003 жылы БҰҰ «Еуропаның орнықты қаласы» болып танылған, 20 ғасырдың 90 –шы жылдардың бойында атмосфераға қатты заттардың, күкірт қышқылының, қорғасын және азот оксидінің шығарылыуын төмендету бойынша бағдарлама іске асырылды. Шығарылулар көлемін азайту қажеттігін туғызған себеп, ол жекелеген аудандардағы ауаның газдануы деңгейінің артуы салдарынан балалар арасында астма және басқа да тыныс өкпе ауруларының ұлғаю болып табылды. Ластанудың негізгі себебі қаладағы қарқынды автомобиль қозғалысы болып табылған. Берілген проблеманың неігзгі шешімі қоғамдық көлік жүйесін дамыту, атап айтқанда, пайдалануға трамвайларды, жерасты қоғамдық көлігінің жүйесін және электотоғымен жұмыс істейтін монорельсті поездарды енгізу болып табылды (тоқ көзі – гидроэнергетика). Сондай-ақ жеке автокөлікке шығыс газдарын каталитикалық өртеушілер орнату міндетті болды. Осло қаласындағы көлік қозғалысы жүйесін жақсарту үшін, атап айтқанда, метро желілерін кеңейту үшін қала әкімшілігі орталық үкіметтен қаржыландыру алады.
Германия жел энергиясын пайдалану бойынша әлемде бірінші орын және күн энергиясын пайдалану бойынша екінші (Жапониядан кейінгі) орын алады. «Жаңартылатан энергия туралы» заң әрекет етеді: күн немесе жел көмегімен өндірілген әрбір киловатт-сағат үшін үкіметі өндірушіге 48 цент төлейді, бұл көмір есебінен өндірілетін энергияның нарықтық бағасынан - 5 цент, әлде қайда артық. Нәтижесінде қазіргі уақытта елде 14 мың жел және 80 мыңнан астам күндік өндірісітікқондырғылар орналасқан және жыл сайын баламалы энергия көздеріне инвестициялар шамамен 6 млрд. еуродан құралады. Геттеборн ауылының маңында 2008 жылға арай әлемдегі ең ірі күн электрстанциясы салынады, қуаттылығы 8,2 МВт құны 35 млн. еуро.
Үкімет кіші қуатты күн көзімен су жылытатын қондырғыларға инвестицияларды салуды жалғастыруды жоспарлауда. Күн көзімен су жылытатын қондырғыларға ие болғысы келетін неміс отбасы күн колеккторлары орналастырылған әрбір шаршы метр үшін 110 еуродан алуы мүмкін. 1999 жылдан бастап ГФР мемлекеттік бюджетінен бұл бағдарламаны іске асыру мақсатында 2,7 млрд. еуро бөлінген.
Күн энергетикасын дамыту тек қана қана қоршаған ортаны қорғауға көмектеспейді, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын құрады. 2004 жылы саладағы жұмыспен қамтылғандардың саны 4 мың адамға артып, 16 мыңадамға дейін жетті. Перспективада, неміс мамандарының есебі бойынша, күн энергетикалық қондырғыларын салу, жөндеу және қызмет көрсету ГФР шамамен 100 мың адамды тұрақты жұмыспен қамтамаыз ете алады.
Цюриха имиджі күн энергиясының биржасын құру идеясынының арқасында жаңа экологиялық сипат алды. 1997 жылдың мамырынан бастап Цюриха электростанциясының клиенттері электр энергиясының орнына күн энергиясын алу мүмкіншілігін алды, осылайша олар қаражаттың алты есе үнемделуін қамтамасыз етті және экологиялық энергетиканы қолдауда өз үлесін қосты.
Ұсынысты халық өте жақсы қабылдады, өте қықа мерзмінің ішінде алғашқы күн қондырғылары өндіруі мүмкіндігіенен екі есе асатын мөлшерде күн энергиясына тапсырыс түсті. Электростанция клиенттерінің 3% күн энергиясының биржасына қатысады. Үлкен сұраныстың арқасында алғашқы биржаның басталуынан кейінгі 20 ай ішінде жалпы қуаты 365 мың квт.с. болатын 16 жаңа күн қондырғыларын қосу мүмкін болды, осы сияқты жалпы желіге қосулар одан әрі үздіксіз жалғасуда.
Цюрих электростанциясы өзіне жеткізушілер мен клиенттер рарасындағы белсенді делдал ролін алады. Ол күн энергиясын сатып алады, сонан кейін оны қосмыша құнсыз барлық жеткізулердің аралас бағасымен сатады. Күн энергиясын жеткізушілер өз қондырғыларын салады және оларды қала ішінде саылнған алаңдарда өз қалауы бойынша орналастырады. Бұл үшін электростанция 20 жыл мерзімінде күн энергиясын тұрақты бағамен сатуды кепіл етеді.
Раухалахти (Финляндия) қаласында мақсаты жылу мен электр тоғын стандартты (көмір, газ) және баламалы (торф, биомасса, өнірістік қалдықтар) көздерді пайдалан отырып өндіру әдістерін біріктіру болып табылатын жоба іске асырылды. Жоба целлюлоз-қағаз өнеркәсібі және басқа да өңдеуші өнеркәсіп өкілдерінің, сондай-ақ жергілікті билік органының қатысумен іске асырылды. Кәсіпорындардың шығыс тесіктеріне қойылған фильтрлер атфмосфераға шығарылатын зиянды заттардың көлемін екі есеге азайтуға көмектесті. Жоба жылу көзі ретінде өндірістікжәнеқаланың тіршілік әрекеті қалдықтарын қолданудың негіздемесін растады. Азғана инвестицияларға қарамастан, мұндай кәсіпорындар рентабелді және үздіксіз энергия өндіру тұрғысында сенімді болып шықты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет