Қазіргі заман физикасы. ХХ ғ. физикалық ашылулар тарихы


Александра Андреевна Глаголева-Аркадьева



бет15/19
Дата17.09.2024
өлшемі1,44 Mb.
#204519
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Ресей ғылымы

Александра Андреевна Глаголева-Аркадьева (54-сурет) 1884 жылы 28 ақпанда дүниеге келген. 1910 жылы Мәскеудегі Жоғары қыздар курсының


54 сурет. - А.А. Глаголева-Аркадьева



математикалық бөлімін бітіргеннен кейін физика кафедрасында ассистент болып қызмет атқарады. Оның алғашқы жұмыстарының бірі радиотехникаға арналған. Соғыс жылдары денедегі оқтың, басқа сынықтардың және т.б. орналасу тереңдігін анықтауға болатын рентгеностереометр – аспабының құрылысын ойлап шығарды.
A.А. Глаголева-Аркадьева өзінің массалық сәуле шығарғышымен және онымен өлшеу әдістемесімен өмірінің соңына дейін айналысты. Ол 1945 жылы 30 қазанда өмірден өтеді.
В.К. Аркадьев кеңес елінің бірнеше магнитологтары мен радиофизиктерін тәрбиелеп

шығарды. Оның мектебінен Б. А. Введенский, К. ф. Теодорчик, Н.Н. Малов және т.б. радиофизиктер; Н.С. Акулов, Е.И. Кондорский және т.б. магниологтар шыққан.
В.К. Аркадьев және өзінің әріптестері «стиктография» деп атаған фотосуреттің электромагниттік аналогын өңдеп шығарды.
Максвеллдің жарықтың электромагниттік ториясы оның ғылыми жолының негізі болды. В.К. Аркадьев 1953 жылдың 1 желтоқсанында қаза болады.
А.К. Тимирязев (55-сурет). Қазан төңкерісінен кейін Мәскеу физиктерінің арасында маңызды орын алған Аркадий Климентьевич Тимирязев.


55 сурет. - А.К.Тимирязев





А.К. Тимирязев Мәскеуде 1880 жылы 19 қазанда дүниеге келген. Ол атақты орыс ботанигі Климент Аркадьевич Тимирязевтің ұлы болған.
К.А. Тимирязев өзінің өсімдіктер физиологиясында физиканың қорытындылары мен әдістерін кеңнен қолданып, бұл ғылымды жоғары бағалайтын. Ол өзінің жалғыз ұлы физик болса екен деп армандаған. К.А. Тимирязевтің достарының көбі Мәскеу университетінің атақты физиктері А. Г. Столетов және П. Н. Лебедев болған. Болашақ физик осы атақты адамдардан аса үлкен әсер алып жүрді. Гимназияны бітіргеннен кейін ол Мәскеу университетінің математикалық бөліміне түсіп, өз мамандығы физиканы таңдап, П.Н. Лебедевпен бірге

жұмыс істей бастады.Тағы бір ұстазы болған Столетовтің оқушысы Николай Петрович Кастерин (1869—1947) болды. Шет елдегі физиктерден 1909 жылы әкесі таныстырған Д.Д. Томсон болды.
А.К. Тимирязев Д.Д. Томсон және Л. Больцман іспеттес материалист болған.
А.К. Тимирязевтің ғылыми жолы көптеген жылдар бойы оқып келген негізгі пәні болған газдардың кинетикалық теориясы облысынан болды. Оның 1917-1918 жж. Мәскеу университетінде оқыған дәрістерінен құралған 1923 жылы алғашқы баспадан шыққан «Материяның кинетикалық теориясы» атты кітабы осы пәннен алғашқы кеңес оқулығы болды.
Тимирязевтің зерттеу пәні сиретілген газдардағы құбылыс: ішкі үйкеліс және температуралық өзгеріс болды (56-сурет). Тимирязев сырғанау коэффициенті мен температуралық өзгеріс арасындағы байланысты Максвеллдің теориясын қолданып, 760-тан 0,001 мм.сын.бағ. аралығы облысындағы қысымда экспериментті түрде зерттеген. Ол Кундт пен Варбургтің зерттеулерімен сәйкестік тапқан.
Ауамен және көмірқышқыл газымен жасаған тәжірибелері осыны дәлелдеді. Тимирязевтің зерттеулері 1913 жылы неміс тілінде жарыққа шығып, 1914 жылы Петербург университетіне магистерлік диссертация ретінде ұсынылады. Оппоненттер О. Д. Хвольсон мен Н. А. Булгаков жоғары бағалайды да, Тимирязев магистр дәрежесін алады.



56 сурет. - А.К. Тимирязевтің сиретілген газдардағы ішкі үйкелісі
бойынша құрылғысының сызбасы

А.К. Тимирязев өмірінің соңғы жылдарында физика тарихы кафедрасының меңгерушісі болады. Оның М. В. Ломоносов, А. Г. Столетов, П. Н. Лебедев және т.б. бірқатар оқымыстылар туралы жазған мақалалары бар. Ол А.Г. Столетов пен П.Н. Лебедевтің таңдаулы еңбектері еңген А.Г. Столетовтің үш томды шығармалар жинағының редакторы болды. Оның редакциясымен С. Кудрявцевтің «Очерки по истории физики в России», «История физики» П. (т. I, 1948) кітаптары жарық көрді. А.К. Тимирязев 1955 жылы 15 қарашада қаза болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет