Қазіргі заман физикасы. ХХ ғ. физикалық ашылулар тарихы



бет19/19
Дата17.09.2024
өлшемі1,44 Mb.
#204519
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Ресей ғылымы

С. И. Вавилов (60-сурет). Д.С. Рождественский өте зор үлес қосқан кеңес оптикасы Мәскеуден аса ірі көшбасшы табады. Ол лебедев-лазарев мектебінің жас түлегі Сергей Иванович Вавилов еді.
С. И. Вавилов 1891 жылы 24 наурызда Мәскеуде дүниеге келген. 1909 жылы Мәскеудің ақылы училищесін бітіріп, латын тілінен емтихан тапсырып физика-математикалық факультеттің математика бөліміне түседі.


60 сурет. - С.И. Вавилов



Студент болып жүріп Вавилов П. Н. Лебедевтің зертханасында П.П. Лазаревтің жетекшілігімен ғылыми жұмысын бастап кетеді. «Тепловое выцветание красителей» атты жұмысын ол университет қабырғасында аяқтай алмай, университеттен 1911 жылы П.Н. Лебедев пен П.П. Лазарев және т.б. оқымыстылармен бірге кеткеннен кейін аяқтайды. Ол жұмысы 1914 жылы жарыққа шығып, авторға жаратылыстану білімін сүюшілер Қоғамының алтын медаль әкелді.
1914 жылы университет бітірген Вавилов «профессорлық атаққа дайындалуға» қалғысы келмеді, өйткені университетте физиканы оқып-үйренетін ешкім қалмағанын көреді.

Ол әскерге кетіп, әскери қызметі төрт жылға созылады, ол саперлік және радио бөлімінде прапорщик болып соғысқа қатысады. Вавилов 1918 жылы әскерден қайтады да, өзінің ұстазы П.П. Лазарев құрған биофизика Институтына келеді. Бұл жерде ол ғылыми жұмыстарды орындағанмен қатар, ол институттың физикалық оптика бөлімін басқарады. Ғылыми жұмысымен қатар ол педагогикалық жұмысты да атқарды, Жоғары зоотехникалық институтта, Мәскеу университетінде, Жоғары техникалық училищеде дәрістер оқып жүрді.
1929 жылдан бастап С.И. Вавилов Мәскеу университетінің жалпы физика кафедрасының меңгерушісі болады. 1931 жылы КСРО ғылым Академиясының тілші-мүшесі болып сайланады. Бір жылдан соң С.И. Вавиловты толық мүшесі етіп сайлап, Оптикалық Институттың ғылыми жетекшісі болып тағайындалады. 1932 жылы Вавилов КСРО ҒА физика-математикалық институтының физикалық бөлімін басқарады. Бір жылдан соң бұл бөлімді КСРО ҒА өзіндік физикалық институты етіп қайта құрады.
С.И. Вавиловтың негізгі ғылыми зерттеулері люминесценция мен жарық табиғатына бағытталған. Фотоүлкейткіштер пайда болғанша С.И. Вавилов көз арқылыәлсіз жарық ағындарының кванттық флютуацияларын зерттеді. Осы көп тер төккен еңбегі оның «Жарықтың микроқұрылымы» атты монографиясында жалпыланған.
С.И. Вавиловтың жарық люминесценциясы бойынша зерттеулері жалпы нәтижелі болды. Ол өз әріптестерімен «күндізгі жарық» люминесценттік шамдарының құрылысын өңдеп шығарды. Осы жұмыстары үшін С. И. Вавилов, В. Л. Левшин, В. А. Фабрикант 1951 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Сонымен қатар оның кванттық флюктуация бойынша еңбегі де Мемлекеттік сыйлыққа ие болды.
С.И. Вавилов көп жылдар ғылым тарихымен де айналысты. Ауыр соғыс жылдарында болған Ньютонның 300-жылдығына арналып «Исаак Ньютон» атты монографиясы жазылған. Вавиловтың бастамасымен ұлы орыс оқымыстысы М.В. Ломоносовтың еңбектерінің толық жинағы басылып шықты. Ол Ньютонның «Оптика» және «Оптикадан дәрістер» атты оптикалық мемуарларын аударды. Оның бастамасымен әлі күнге дейін бар «Ғылым классиктері» атты серия шыға бастады.
1945 жылы С.И. вавилов КСРО ғылым Академиясына Президент болып сайланды.
Оның ғылыми-ұйымдастырушылық жұмыстары көбейді. Дегенмен ол саяси және ғылыми білімді тарату бойынша Бүкілкеңестік қоғамды («Знание» қоғамы) қолға алып, 1947 жылы негізін қалап, өзінің өмірінің соңына дейін, 1951 жылдың 25 қаңтарына дейін оның төрағасы болды.


Студенттің өзіндік жұмысына арналған сұрақтар:

1. Жалпы КСРО кезіндегі физиканың дамуына сипаттама беру.


2. Кеңес физикасына үлес қосқан оқымыстылар.
3. Кеңес физикасының дербес бөлімдерінің даму тарихы.
4. А.Ф. Иоффе – кеңес физикасының негізін қалаушы.
5. Л.Д. Ландау.
6. П.Л. Капица.
7. А.Д. Сахаров.
8. Кеңес одағы кезіндегі ғылыми басылымдар.
9. Қазақстандағы ғылымға жалпы сипаттама.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет