Қазіргі заман физикасы. ХХ ғ. физикалық ашылулар тарихы



бет18/19
Дата17.09.2024
өлшемі1,44 Mb.
#204519
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Ресей ғылымы

Д. С. Рождественский (59-сурет). Петербургтағы кеңес физикасын негізін салушысы болған Дмитрий Сергеевич Рождественский. А.Ф. Иоффе Политехникалық институтты өкілі болса, ал Д.С. Рождественский университеттің түлегі болды.


59 сурет. -


Д. С. Рождественский



Дмитрий Сергеевич Рождественский Петербург тумасы болған. Ол 1876 жылы 7 сәуірде гимназия оқытушысының отбасында дүниеге келген. 1894 жылы гимназияны күміс медальмен аяқтаған ол Петербург университетінің физика-математикалық факультетінің жартылыстану бөліміне түсіп, артынан математикалық бөлімге ауысып, 1900 жылы «физика» мамандығымен аяқтап шығады.
Содан кейін бір жыл көлемінде Әскери-медициналық академияда лаборант болып жұмыс істейді де, профессорлық атаққа дайындалу үшін Германияға кетеді. Қайтып келген соң Петербург университетінде лаборант болып жұмыс істеп, тағы да
шет елге, осы жолы Парижге жол тартады. Ол Париж

университетінде 1907 жылдан 1910 жылдар аралығында қызмет етіп, Петербургке аяғынан тік тұрған, нақты ғылыми бағытымен қайтып оралады. Оның оптикаға, нақтырақ, аномальды дисперсияны зерттеуге қызығушылығы арта түседі.
1912 жылы жарық көрген «Натрий буларындағы аномальдық дисперсия» Рожденственскийдің жұмысы Петербург университетінің оқу кеңесіне магистрлік диссертация ретінде ұсынылады. Диссертация табысты қорғалғаннан кейін ол магистр атағын алып, Петербург университетінің приват-доценті (қазан төңкерісіне дейінгі Ресей мен кейбір шетелдердің жоғары оқу орнындағы штаттан тыс оқытушының ғылыми атағы және сол атаққа ие болған оқытушы) болып бекітіледі.
1915 жылы Д.С. Рожденственский «Сілті металлдары спектрлеріндегі қарапайым қатынастар» атты докторлық диссертациясын қорғап, университеттің физикалық институтының жетекшісі болып бекітілсе, 1916 жылы Петербург университетінің профессоры атанды.
Сонымен қатар, Рожденственский Ресейдегі оптикалық әйнек шығару мәселесімен де айналысты. Соғыс Ресейді оптикалық әйнектен құр қалдырған еді, Ресей оны германиядан алған, әскер және тұрмыстық қажеттіліктерге сай өз әйнектерін шығару керек болды. Бұл мәселені Рожденственский және оның әріптестері төңкерістен кейін-ақ шеше алды. Рождественский оптикалық Институтты құрумен айналысып кетті. Осы Институттың құрылуы тұрмыстық қажеттілік мәселесін шешумен қатар, ғылымды да біршама алға жылжытты, оптикадан көптеген жаңалықтар ашылды.
Д.С. Рождественскийдің кең ғылыми және ұйымдастырушылық әрекеттері әрқашанда жоғары бағаланып келген. 1925 жылы КСРО ғылым академиясының тілші-мүшесі болып сайланды, ал 1929 жылы оның толық мүшесі болады.
1940 жылы 25 маусымда Рождественскийдің белсенді айналысқан ғылыми өмірі қиылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет