№2 СӨЖ.
Қазіргі заманда білім беру саласында педагогикалық кадрларға жаңа талап қойылуда. Олардан жаңа технологияны жетік меңгерген, жаңаша ойлайтын, интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани және де басқа да көптеген адами келбеті қалыптасқан бәсекеге қабілетті педагог болу талап етілуде.
Өйткені қазіргі жастарды жаңа заманға, жаңаша түсінікке, жаңа технологияға үйретіп, тәрбиелеу, өзін-өзі болашақ өмірге дайындауына көмек беретін сапалы педагог. Сонымен қатар ғылыми-техникалық прогрестің тез өсу қарқыны жоғары деңгейлі мамандар даярлауда жаңаша оқыту әдістерінің қажеттігін алға қоюда. Сондықтан да білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға негізделуін және ақпараттық құралдардың кеңінен қолданылуын қажет етеді. Сонымен қатар білім мен техниканың даму деңгейі әрбір адамда сапалы және терең білім мен кәсіби іскерліктің болуын, жастардың белсенді, шығармашылықпен жұмыс істеуін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын талап етеді.
Барлық педагогтарға тән интеллектуалды мәдениеттің, соның ішінде ақпараттық мәдениеттің белгілі бір деңгейіне ие болу- бұл білім беру үрдісіне қатысушылардың жемісті қызметінде ең қажетті шарт болып табылады. Білім беруде кез келген педагогтың ақпараттық мәдениетінің түйіні – ол оқу процесіндегі объекті мен субъектіден мәнді ақпарат алатындай болуы керек, оны құзырлы талдай біліп, өзінің кәсіптік қызметінде қолдана алуы керек. Сонымен қатар оқу-тәрбие үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдаланып, білім беру жүйесіне енетін түрлі әдістер мен формаларды, ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын сауатты қолданудың әдістемелік біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру- басты міндеті болуы тиіс.
Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдердің пайда болуы ақпараттардың мазмұнын адамның түрлі сезім мүшелері арқылы және аудиториямен интерактивті өзара әрекетке түсу арқылы қабылдауды, түрлі техникалық құралдардың көмегімен іске асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Міне осыған байланысты оқулық, дәптермен салыстырғанда электрондық құралмен оқыту дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатады.
Жалпы білім беретін оқу орындарында оқу-тәрбие үрдісін жаңаша таныту, оның нәтижесінің жоғары деңгейде болуын қадағалау жаңашыл педагогтардың қолында.
Қазіргі кезеңде еліміздің білім беру ұйымдарында оқыту процесін ізгілендіру мақсатында көптеген жұмыстар жасалуда. Оларды ғылыми тілмен айтқанда «инновациялық процесс» немесе «педагогикалық жаңалықтарды енгізу» деп аталады. Инноватика ұғымының мәні латынның «in-novus» деген сөзінен шыққан, «жаңарту, өзгерту, жаңашылдық» деген мағынаны білдіреді. Яғни, педагогика ғылымында жаңа әдістерді, тәсілдерді, құралдарды, бағдарламаларды пайдалану.
Инновациялық білім беру құралдарына: аудио-видео құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, компьютер – мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Сондықтан да қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірі –смарт технологияны білім беруде кеңінен пайдалану оқу іс-әрекеттерін жоғары дәрежеде жүзеге асыруға мүмкіндік туғызары анық.
Смарт технологияны пайдаланып, оқыту әдістерін жаңарту қазірде өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Яғни бұл дегеніміз заманауи ақпараттық және ұйымдық жүйелер арқылы адамның интеллектуалдық, жоғары технологиялық мүмкіндіктері жайлы орта құру. Оларды қолдануда әрбір жеке тұлға өзіне қажетті ақпаратты алатындай ұйымдастыру керек. Смарт білім беру дегеніміз үлкен көлемдегі әр түрлі білім ресурстарының (аудио, видео, графика) тыңдаушыға қажетінше оңай әрі жылдам, ыңғайлы түрде берілуі болып табылады. Сонымен қатар оңай басқарылатын және әрдайым сыртқы білім ресурстарымен толығып отыратын болуы тиіс.
Бұл технология барлық білім беру үдерістерін және осы үдерісте қолданылатын барлық әдістер мен технологияларды түгелдей жаңаруын жүзеге асырады және де ақылды тақта, ақылды экран, кез келген жерден интернетке қосылу сияқты жаңа технологиялардың туындауына себеп болады. Осы пайда болған жаңа технологиялар контентті жасақтап, жүйелеп пайдаланушыға жеткізеді. Соның арқасында білім беруді жүзеге асыру тек сыныпта ғана емес, кез келген жерде: үйде немесе мұражайда, кафе сияқты қоғамдық жерлерде де мүмкін болады. Яғни білім беру үдерісінің кез келген қатысушысы (оқушы немес мұғалім) интернет желісі арқылы ортақ контентті белсенді пайдалана алады. Бұл өз кезегінде білім беру үдерісінің уақытқа немесе орынға (сынып, аудитория) тәуелділігін жояды.
Соңғы жылдары Smart TV технологиясын қолданатын кең функционалды мүмкіндіктерге ие болатын теледидарлар да пайда болуда. Smart TV теледидардың интернетпен тиімді байланыс орнатудың жаңа ортасын құрайды. Басқа сөзбен айтқанда Smart TV интернетке енудің кең мүмкіндігіне ие. Соның арқасында сол теледидар арқылы да әр қолданушы өзіне қажетті материалын үлкен экраннан көре отырып, оны ақпарат тасуышқа сақтай алады, онлайн көре алады, ақпарат алмаса алады.
Қазіргі таңда интернет желісіне еркін ену функциясы дамудың перспективалық бағыттарының бірі болып отыр. Үлкен экранды теледидар арқылы бейнені таза айқын көріп қана қоймай, интернет беттерін парақтауға арналған веб-браузерлерді, әлеуметтік желі қосымшаларын, видеоларды көруге мүмкіндік беретін RuTube немесе YouTube сервистерін т.б пайдалануға болады. Сонымен қатар радио клиент қызметін атқаратын vTuner арқылы іздеудің және сорттаудың кең мүмкіндігіне ие болатын радиостанциялардың үлкен тобын пайдалануға болады. Жауапты қосымшалар қоры мен әр түрлі кеңейтілімдер кез келген контентті көруге мүмкіндік береді. Smart TV арқылы интернетті әр қолданушы өз мақсатына тиімді пайдалануға және үлкен көлемді онлайн контентті пайдалану мүмкіндігіне ие бола алады.
Қазіргі кезде мектептерде, оқу орындарында интерактивті SMART - тақталар мен плазмалы панелді арнайы құрылғылар көптеп қолданылуда. Ол плазманы интерактивті бетке айналдырады. Интерактивті SMART-технологиялар тактильді басқару болып табылады, интерактивті тақтамен жұмысты жеңілдетеді және интуитивті қарапайым және тәжірибесі жоқ адамға дейін түсінікті болатындай етеді. Интерактивті SMART-тақтаның бетіне арнайы қаламмен жазудың қажеті жоқ, керісінше кез келген затты пайдалануға болады - мысалы, указка, маркер, тіпті саусақпен де жазуға болады, бұл әсіресе мүмкіндігі шектеулі балалардың тақтада жұмыс істеуінің бірден бір жолы.
Интерактивті SMART-технологиялар тек оқу аудиториясы мен акт залын ғана емес, басқа да рекреациялық бөлмелерді, мысалы, кіре берісті қызықты да маңызды жерге айналдыруға мүмкіндік береді. Оқу мекемесінің кіре беріс немесе басты холлы - алдымен, оқушылар, педагогтар мен сырттан кірген адамдар көзіне бірден түсетін жер, сондықтан әдемі, тартымды рәсімделгені дұрыс, ақпараттар да соған сәйкес болуы қажет. Басты холл интерактивті SMART-фойе болады, сонда тұрып сол мекеме туралы ақпараттарды қолдануға болады.
Қазіргі оқу сыныптарында өзіндік медиатор пайда болды - мұғалім мен оқушының ынтымақтастығында бөлінбес орын алған байланыстырушы звено - интерактивті тақта. Интерактивті SMART технологияны қолдану арқылы (интерактивті тақталар SMART, интерактивті дисплей Sumpodium, AirLiner планшеттері) мұғалімде өз сабағын оқушымен бірге миға шабуыл арқылы модельдеу, оқу материалын көрсету, көрсетілген бейнеден тыс жазбаша комментарийлер келтіру, жаңа идеяларды хаттамалау мүмкіндігіне ие болды, осылайша оқушымен бірге білім беру контентін құрады.
Интерактивті технология қазіргі заманғы оқытудың техникалық құралдарынан ерекше айтуға болатыны. Ол ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында қолданылатын жаңа құралдың бірі-бағдарламалық-техникалық кешен болып табылады. Бұл кешен білім беру үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге және оны компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап интерактивті жүйе. Ол арқылы кез келген педагог өзіне қажетті оқу материалдарын электронды түрге аудара алады, сабақты көрнекі түрде өткізе алады. Сондықтан оның мүмкіндіктерін жан-жақты білу мен оларды қолданудың әдістерін үйрену білім сапасын жоғарылатуға жасалған қадам деуге болады.
Бағдарламалық-техникалық кешеннің құрамына енетін интерактивті тақтаны оқытушыға дәріс деректерін қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визуалды қор деп те айтуға болады. Дәрісті оқу барысында оқытушы тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды және Интернет ресурстарын қолдана алады.
Кез келген пән бойынша өте тиімді, ойлау және ойын қысқа әрі түсінікті түрде жеткізе білу қабілетін арттырып, өз ойларын жаңа технологиялар құралдары көмегімен жүзеге асыруын қамтамасыз ететін интерактивті тақта арқылы оқыту білім сапасын, оқушының ынтасын, қабілетін ашуға зор әсер ететіні сөзсіз.
Жалпы білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында мұғалімдер мемлекеттік стандартта берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманы шеше алатын, ақпараттық-коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық-дамытушылық функцияны атқара алатындай болуы керек. Қазіргі заманда мұғалім осы құзыреттілікті меңгере отырып, тек кәсіби икемділікті оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, оны іске асыру мүмкіндігін үнемі оқып-үйрену және жасай алуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |