Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ КӨМЕГІМЕН ЖАСТАРДЫҢ
БЕЛСЕНДІ ӨМІР ЖАҒДАЙЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Барлық мамандықтарының студенттеріне арналған
оқу-әдістемелік құралы
Павлодар
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультеті
Дене шынықтыру және спорт кафедрасы
ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ КӨМЕГІМЕН ЖАСТАРДЫҢ БЕЛСЕНДІ ӨМІР ЖАҒДАЙЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Барлық мамандықтарының студенттеріне арналған
оқу-әдістемелік құралы
Павлодар
Кереку
2009
УДК 796.093 (075.8)
ББК 75.727я73
К 88
Баспаға С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік
университетінің химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен ұсынылды
Пікірсарапшы
Ж. А. Усин – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ПМПИ, Дене шынықтыру және спорт факультетінің деканы.
Құрастырушы А. Ж. Куватов
К 88 Ұлттық ойындардың көмегімен жастардың белсенді өмір жағдайларын қалыптастыру : барлық мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы / құраст. А. Ж. Куватов. – Павлодар : Кереку, 2009. – 52 б.
Оқу-әдістемелік құралы өзіне ұлттық ойындардың түсініктемелері мен мазмұның кіргізеді және оқулықтың мәліметтерін дене шынықтыру сабақтарында, өздік білім алу үшін студенттер мен оқытушыларға қолдануға болады.
Оқу-әдістемелік құралы барлық мамандықтарының студенттеріне арналған.
УДК 796.093 (075.8)
ББК 75.727я73
© Куватов А. Ж., 2009
© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2009
Материалдық дұрыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге авторлар мен құрастырушылар жауапты
Кіріспе
Қазақстан егеменді ел болғалы тарихта қалған мәдениет, ұлттық әдеп ғұрыптар қайта жаңғыртылуда. Олар өздерінде өте бай мәліметтер қамтиды, олардың ішінде ұлттық ойындар да бар. Ұлттық ойындар ғасырлар бойы жастардың белсенді өмір жағдайларын қалыптастыру құралы ретінде келе жатқан мәдени мұра.
Ойындар – тарихи жинақталған қоғамдық құбылыс. Ойын өзі-өзінді тану, демалу, шынығу және ортақ әлеуметтік тәрбие құралы ретіндегі спорт түрі. Ойын мәдениет элементі болғандықтан, қоғамға байланысты дамиды. Ол адамдардың әр түрлі қажеттіліктерін орындай отырып, өзгереді. Ойындық іскерлік тек мәдениет элементі ретінде ғана емес, сонымен қатар тәрбие беру нышаны ретінде де қолданылады.
Ойын адам мәдениетнің асыл қазынасы. Олар әр түрлі, әр түрде, әр бағытта болады. Оны зерттеумен тарих та, этнографияда, антропология да, педагогика да, денені шынықтырудың теориясы мен методикасы да айналысады.
Көптеген ойындардың ең басты белгісі – ойлау қабілеттілікпен мінезі жатады. Әр ойыншының алдында белгілі бір мақсат тұрады: ойынның ойналу тәртібіне байланысты ең басты мақсатты орындау, нәтиже беру.
Ойын - өте эмоционалды іскерлік, сондықтан ол балалар мен жастарды тәрбиелеуде үлкен орын алады. Жастар мен балалардың арасында кең таралған ойын түрі – қозғалыс көп жасалатын ойындар. Қозғалыс жасалатын ойындар балалар мен жастардың денелік тәрбиесі, сонымен бірге спорттық ойындар мен басқа спорт түрлеріне дайындық ретінде саналады.
Халық педагогикасында ойындар іскерліктің бір түрі ретінде үлкен рөл атақарады. Ойындар үлкендердің тәрбиелеу, оқыту мақсаттарында қолданылады. Сонымен қатар ойындар қарым-қатынас құралы ретінде де пайдаланылады.
Көптеген қазақтың ойындары жастардың белсенді өмір жағдайларын қалыптастыру құралы ретінде жалпы білім беретін мектептердің оқу бағдарламасына енгізілген. Мазмұнына қарай бүкіл халық ойындары ой-қабілеттің белсенді жұмыс істеуін, жан-жақтылықтың кеңейюін, қоршаған әлем жөніндегі түсінікті тудырады.
Е. Сағындықовтың тәжірибелік зерттеулері бойынша, қазақтың ұлттық ойындары ойдың логикалық дамуына үлкен әсер етеді.
1 Ұлттық ойындардың даму тарихы
«Ғылымның қай саласы болмасын өз тарихын терең зерттеп алмайынша алға баспайды. Демек, зерттеуді өз тарихынан бастау – ғылым жетістіктерін игерумен қатар, оның одан әрі алға басуына үлкен мүмкіншіліктер туғызады». Дәл осы жағдай қазақ ұлт ойындарының даму тарихына да қатынасы болса керек. Халықтың ұлттық және спорттық ойындарының да өзіндік тарихи даму жолдары, қалыптасу кезеңдері, тәрбиелік маңызы халықтың саяси әлеуметтік-экономикалық дамуының негізінде болды.
«...Алғашқы қауымдағы адамдар күн көрудің, табиғатпен күресудің қиыншылығынан мейлінше жаншылуда болған» кезі адамзаттың жануарлар дүниесінен бөлініп шыққан дәуірі болғандықтан олардың өз бетінше тіршілікке қалыптасуында дене мүсінінің ерекшелігі басты рөл атқарды. Адамзат басқа жыртқыш жануарларға өздері жем болмас үшін және табиғат апатымен күресте, күшті де кесек тұлғалары жеке басын қорғауы былай, нәзік денелі әлсіздеріне де жәрдемші болды. Міне адамзаттың дәл осындай кесек тұлғаны өмір сүрген орта керек етті. Жаратылыста дене мүсінінің қалыптасуы барлық адамдарға бірдей бола бермеген. Алайда, алғашқы адамдардың табиғатпен күрестегі әлсіздігі, аң аулауда кейде сәтті, кейде сәтсіз болатындағы және мүсінді-күштілердің нәзіктілеріне қарағанда табиғат кесепатынын зардабын аз тартатындығы, міне мұның бәрі жеке бастың мүсін ерекшелігінде болды. Осыдан келе жаратылыстағы кесек тұлғаның табиғат апатына қарсы тұрудағы ролін адамзат сол кезде-ақ ұқты.
Бұл құбылыс бірте-бірте дами келіп саналы түрде кесек тұлға жасаудың бағытын қарастырып жеке бастың өз бетінше мүсін немесе денесін шынықтыру жүйесін тудырды.
Мұндай жүйеленген дене шынықтыру одан әрі дамып, қалыптасу барысында әр түрлі ойындар мен дене жаттығуларын тудырды. Мәселен, тарихи уақиға, Қазақстан жерін мекендеген көшпелі тайпалардың кезіндегі негізгі кәсібі болған аңшылық – келе-келе жекеленген тайпа мүшелерінің қоғамдағы орны мен ролін анықтады. Осыдан барып тайпалардың аңға шығардағы жасаған дайындық жаттығулары кезінде «Қарагие» ойынын туғызды.
Ойнаушылар бас киімдерін шешіп ортаға тастайды. Ойын жүргізуші көмбеден қашықтығы 25-30 адымдай жерге апарып арасы мен биіктігін аршын етіп белгіленген сызықтың бойына бас киімдердің саны қанша болса сонша қазық қағады. Қалғандары көмбеде тұрып әр ойыншы қолындағы сырығымен өзінің бас киімін атып алуы керек.
Қазақ халқының ұлт ойындары жайындағы деректемелерді қағаз бетіне түсіргендердің бірі Венеция саяхатшысы марко Поло болды. Ол өзінің Қазақстанға жасаған саяхатында Жетісу бойындағы қазақ ауылының мерекелі тойларында болып, ойын-сауықтарын көріп, көптеген ұлт ойындарына талдау жасап, шығу тарихтарына, қалыптасу дәуірлеріне де болжам айтқан.
Ұлт ойындары жайында бұлардан басқа да, тіптен Қазақстан жерінде болмаған көптеген шетел ғалымдарының осы бір көшпелі халықтың тарихы мен этнографиясы туралы жазған зерттеулерінде де кездеседі. Мысалы, Австралияның атақты дипломаты С. Герберштейн 1516-1517 және 1526-1527 жылдары Мәскеуде болып, Қазақстанда болған орыстардың ауызша айтуларынан жиналған мәліметтерінен жазған 1549 жылы латын тілінде жарық көрген «Записки о московских делах» атты еңбегінде Қазақстанның жері, әдет-ғұрпы, орыс халқымен қарым-қатынасы, ойын-сауықтары жайында жазған.
А. Гумбольдт қазақ жерінде жүріп, көшпелі халықтың өмірі жайындағы ойға түйгенін Канкрин және Шеллерге жазған хатында былай деп көрсетеді. «Мен қазақ ауылында болған кезімді өмірімнің аса құдіретті кезеңі деп есептеймін. Себебі көшпелі халықтың біздерге көрсеткен қонақ сыйы мен ойын-сауықтары естен кететін уақиға емес... Мұндай өмірімнің аса бір белді кезеңін одан әрі Каспий теңізінің бойында өткізбей кете алатын емеспін. Мен, өмірімде осындай қысқа уақыт ішінде мұндай үлкен тарихтан осынша материал жинап көрген емес едім, бірақ бұл кең дүниенің ортасында болғандықтан да солай болу керек».
ХІХ ғасырда қазақ халқының әдет-ғұрпын, ойын-сауықтарын, ұлт ойындарын зерттеуде еңбектер жазған тек басқа ұлттардың өкілдері ғана емес, сондай-ақ жергілікті көшпелі халықтың өз ішіндегі сауаттылары да өз халқының өмірін оқу, оны зерттеу жұмыстарымен айналысқан. Солардың ең алғашқыларының бірі Ешмұхамед Букин. Ол «дене тәрбиесінің тұңғыш ұстазы» атанған. Е. Букин «Физическое и умстевенное воспитание у киргиз» атты еңбегінде жергілікті мамандар арасынан бірінші болып «гимнастика» деген терминге ғылыми негізде түсініктеме берді, демек, адам баласы үшін дене шынықтырудың маңызын, оның жасөспірімдер үшін ғана емес, ересектер үшін де қандай рөл атқаратының баяндайды. Жергілікті мамандар ішінде ұлт ойындарын жинастырып, қағаз бетіне түсірушілер барған сайын көбейе береді.
Ұлт ойындарының жалпы қалыптасу кезеңі біздің заманымызға дейінгі ХІІ-ІХ ғасырлардағы Қазақстан жеріндегі көшпелі тайпалардың құрылу дәуірі - өйткені ойындардың қай-қайсысы болмасын, қай кезеңде дамымасын, олар тек өндірістік қарым-қатынастың қалыптасуына негізделген. Кезіндегі өндірі күштерінің құралына пайдалануға икемделген тас, ағаш, сүйек, т.б. табиғи заттар осы дәуірдегі қалыптасқан ұлт ойындарына да сол өндіріс құралдарының материалдары қолданылды. Мысалы, күні бүгінге дейін мәнін жоймаған «Асық» ойындарына кез келген сүйек емес жануарлардың асықтарын икемдеді, «Бес тас» ойынына кез-келген тастар емес, ұстағанда қолға сиятындай, домалақ тастар, «Қарагие» ойынына қолға түскен ағаш емес, тек қайың мен ырғайдың бірі, тіпті табылмағанда талды пайдаланған.
Алғашқы феодалдық қатынас кезіндегі қалыптасқан ұлт ойындарындағы болған кезеңді өзгеріс, бірінші рет топқа бөлінетін ойындар пайда бола бастады. Ондай ойындардың алғашқыларының бірі күні бүгінге дейін сақталған «Ақсүйек» ойыны.
Ұлт ойындарының келесі бір даму кезеңі ХV ғасыр, яғни Қазақстан жерінде алғашқы хандықтардың қалыптасу дәуірі. Бұл қазақ халқының ұлт ойындарының дамуының жаңа бір сатысы болды. Бұл кезеңдегі ойындардың көбіне қоғамдық құрылыстың ерекшелігіне қарай жеке адамның рөлі арқау болып, таптық элементтер араласты. Айталық ұлттық ойындар арқылы үстем тап өз мүддесін, өз идеологиясын өткізгісі келсе, халық, еңбекшінің тап соған қарсы өз дегенін айтуға тырысты. Олардың қоғам құрылысына деген көзқарастарын бейнелейтін элементтер әсіресе асық ойындарында көбірек көрсетілген.
2 Ұлттық ойындар тарихи-мәдени мұралардың бірі ретінде
Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың әр қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған.
Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлт ойындары. Бүгінде ойынды халық педагогикасының құрамды бір бөлігі деп тегін айтпаса керек, адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына сегізінші етіп осы ойынның аталып жүруі де жайдан-жай емес.
Қазақ халқы – материалдық мұраларға қоса, мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бірі. Сондай қомақты дүниелер қатарына ұлт ойындары да жатады. Бүгінгі замандастарымыз бен болашақ ұрпақтарымыздың оны оқып үйрене отырып, өздерінің кім екендіктеріне барлау жасауына, ата-бабаларының психологиялық болмысы мен ойлау жүйелеріне зер салуларына, көздеген мақсаттарын саралап, жете білулерін, дәстүрлер жалғасын өрістете отырып, өткен мен бүгінгіні байланыстыра білулеріне, сөйтіп «мәңгүрттік» атаулығы тосқауыл қоюларына септігін тигізбек.
Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, заманымыздың аса көрнекті жазушысы М. О. Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кешкен – ұзақ жылдарында, өздері қызықтаған алуан ойын өнері бар ғой. Ойын деген, менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған»,-деп тегіннен айтпаса керек [4]. Мұхтар Әуезовтың бұл пікірін теориялық қағидаларға ғана сүйеніп айтылмаған, өзі өмір сүрген ортасының шындығынан және Семей қалысында тұңғыш отау көтерген «Ярыш» атты футбол командасының құрамында ойнаған белсенді өмір тәжірибесінен шығарған қорытындысы деп білеміз.
Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, содан үлкен де мәнді-мағыналы істер туындап өрбитінің байқаймыз. Өйткені, ең алдымен ненің болсын бас алып, жол бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Ойынды біз бар өнердің бастауы деп білеміз. Ал қай өнер болса да кең арналы, сулы шалқар дариядай болып кемеліне келгенше жолында кездескен сандаған үлкенді-кішілі арналардан бас құрайтын өзен сияқты ғой. Сол алып өзеннің орта тұсынан шыққан адам, оның басы әуелде жылжып аққан бұлақтан басталып еді дегенге онша иланы қоймас та еді.
Ұлт ойындары біздің көз алдымызға тап осы суреттерді елестетеді. Өйткені бір кезде ол бар өнердің басы, олардың нәр алатын бастауы болғаны анық. Шынында да, көне мәдениет пен әдеби туындылар, ең алдымен, сол жинаған думанды-сауықта, ойын-той үстінде дүниеге келіп, көптің игілігіне айналған. Сөйтіп, бүгінгі және болашақ ұрпақ ұлт ойындарының өзі адам еңбегінің жемісі, халықтың фантастикалық ой–құбылыстың көрінісі, дүниені танып, білуге талпынысының нышаны ретінде өмірге келгенін, оның бар өнердің бастамасы, халықтың әлеуметтік-экономикалық өмірінің айнасы екенін білуге тиіс.
Ұлт ойындары осылайша атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отырған және хылықтың дәстүрлі шаруашылық, мәдени, өнер тіршілігінің жиынтық бейнесі көрінісі де болған. Әрине, ойын өнер ретінде әдебиет пен мәдениеттің сан алуан түрлерімен қабысып, астасып келіп, бірін-бірі толықтырып, байыта түседі.
Өзінің өлең-жырларында халық ойынды тәрбие құралы деп танып, оның бойындағы жастарды ойландырып, толғандыратын қасиеттерін аша түседі. Ойын тек жас адамның дене күш-қуатын молайтып, оны шапшандыққа, дәлдікке, т.б. ғана тәрбиелеп қоймай, оның ақыл-ойының толысуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді. Манашыұлы Тұяқбай жырында:
«Балалармен ойнайды,
Ойнап жүріп ол бала
Кеудеге ақыл ойлайды»,- деп түйіндейді [4].
Қазақ халқы ұлт ойындарына бай халықтардың бірі. Бірақ ол ертеде ауызекі туып, жалпақ жұртқа ауызекі таралып отырған да, сондықтан көпшілігі бүгінгі күнге жетпей ұмыт болып кеткен. Қазақтың ұлттық ойындары туралы қағаз бетіне түскен алғашқы деректер ХІІІ ғасырдан басталады. Оны алғаш жинап, Европа жұртшылығына таныстырған Италия саяхатшысы Плано Карпини болды. ХІІІ ғасырда Европа халқына Моңғол тарихын таныстыру мақсатымен саяхатқа шыққан. Карпини Жетісу мен Тарбағатайды басып өткен кезде, осы өңірді мекендеген ру-тайпалардың тұрмысы, әдет-ғұрыптары, ойын-сауықтары жайлы көптеген этнографиялық мәліметтер жинаған.
Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттікті, батылдықты, шапшандықты, ептілікті, тапқырлықты, табандылықты, байсалдылықты, т.б. мінез-құлықтың ерекшеліктерімен бірге күш-қуат молдығын, білек күшін, дененің сомданып шынығуын қажет етеді. Сонымен бірге бұл ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғары принциптеріне негізделген. Өйткені, ойынға қатынаспай тұрып-ақ оған күн ілгері көп адамдардың тер төгіп, еңбек етуіне тура келеді. Мысалы, бәйгені алайық. Ол үшін алдымен бәйгеге қосылатын атты таңдап алады. Ол атты баптап бағып, күтуге тура келеді, оның жейтін жемі мен ішетін суына дейін белгілі мөлшерге келтіріледі. Атты белгіленген уақытта күн ілгері осы сынақтарға қатысады (атқы ауыр болмау үшін оған мініп шабантын баланың жасы 11-12-ден аспауы керек). Бәйге шарты мүлтіксіз орындалу үшін төреші тағайындалыды. Бәйгеге қосылатын аттардың шабатын жерінің алыстығына қарай кейде ат айдаушылар біреу емес, бірнешеу болуы да мүмкін. Ол ат шабатын қашықтықтың өн бойына орналастырылады. Бәйгеге әзірліктің басы-қасында болған бала, осы өнердің сырларын жете біліп, үлкен шаруашылық мектебінен өткендей әсер алады. Сондықтан қазақтың ұлттық ойындары тек ойын-сауықтық жағынан ғана маңызды емес, ол – спорт, ол - өнер, ол - шаруашылық, тәжірибелік маңызы бар жастардың белсенді өмір жағдайларын қалыптастыру құралы.
Қазақ халқының фольклорын, ұлт ойындарын жинаушы этнограф Ә. Диваев өзінің «Қазақ балаларының ойыны» деген еңбегінде оның бала тәрбиелеудегі маңызын айта келіп, сол кездегі қалыптасқан әдет-ғұрып бойынша жас ерекшелігіне қарай жасөспірімдерді негізінен үш топқа бөледі: бір жастан жетіге дейін – нәресте, жеті жастан он бес жасқа дейін – бозбала, он бес жастан отызға дейін – жігіт. Осының негізінде қазақ ойындарын да сәбилер ойыны, бозбалалар ойыны және жігіттер ойыны деп негізінен үш топқа бөледі.
Халық ойынның неше алуан түрлерін туғызып қана қойған жоқ, соны іс жүзінде қолданып, оның тәрбиелік, білімдік жақтарын да көре білді. Сондықтан олар «бала ойынмен өседі» деген өмірлік қорытынды жасап, осы тәжірибелік қорытындыны өздерінің бала тәрбиесі туралы көзқарастарының негізгі арқауы етті. Бала ойынды тоқтатса, одан қол үзіп үйде көбірек бола берсе, ол баланың денсаулығы ата-аналарын еңбек етуі қандай қажет болса, баланың ойыны да сондай қажет нәрсе ретінде қабылданған. Бала ойынының маңызына тоқтай келіп, Н. К. Крупская мынаны ескерткен болатын: «Егер бала ойнамаса, онда оның не ауырғаны немесе шамамен тыс педагогикалық ықпалға түскені». [11]
3 Қазақтың ұлттық ырықты ойындарын эмоционалды халын реттеу үшін қолдануы
Жасалынып жатқан жаттығулардың бір түрлі міңезінен немесе жоғары темптен шығарылған зейін тұрақтылығы бұзылған кезде, ойындарды жаттықтыруға қосқанда, шұғылданушылардың зейінің жоғарлатады және жұмыскерлікті қалпына келтіреді. Техникалық әрекеттерді меңгеру үрдісі, дене сапаларын тәрбиелеуі спортшының көңіл-күйінен, оның құмарлығынан тікелей байланысты. Ойыншыларда астеникалық (жағымсыз) эмоциялардың пайда болуында жаттықтыруды жарамды әрекеттер коэффиценті едәуір төмендейді. Бұған жасалынатын жаттығуларға бұлшықет әрекетінің міңезі мен ритмі, өзінің әрекеттік құрамы бойынша ұқсамайтын, қиындығы аз ойындарының кіруі, шұғылданушыларда сценикалық (жағымды) эмоцияларын тудыруға әсер етеді. Бір әрекет түрінен басқасына ауысқаны, сайысу элементі, ойындағы еркін тандау әрекеті қарқынды демалыстан кейін қарқынды жаттықтыруды жалғастыру үшін «екінші демін» ашуға рұқсат ететін сияқты. Сабақтар үрдісінде ойындарды ақылмен қолданғанда, бұларға бүкіл жаттықтыру циклы бойынша қызығушылық сақталып тұрады.
Қазақтың ұлттық ырықты ойындарында зейін және эмоционалды қалпын жоғарлату үшін, дәстүрлі түрде үлкен денелік күш салулар және өткір конфликт жоқ. Ойынды сабаққа кіргізу уақытын дәлме дәл анықтауы өте маңызды. Кейде ойын, жақсы көңіл-күйді сақтау үшін, жаттықтырудың дене қызығу бөлігіне және аяқ шеңіне қосылады. Бірақ ойынды сабақта жоспарлаусыз өткізу мүмкін.
Ұсынылған мысалды ұлттық ырықты ойындары: «Тұйғындар мен қарлығаштар», «Түйілген орамал», «Ақсүйек» және басқалары әрине шұғылданушылардың назарын жинақтауға және сабақты жандандыруға көмектесетін ойын материалының бай арсеналын тауыстырмайды. Қайта жоғарыда айтылған ойындар көбінесе қандай да бір тапсырманы шешуге бағытталған (эмоционалдық тонусты, назарды жоғарлату және басқалар) және әрбір ойын көп немесе аз шамасында ойнаушыларға жиынтықтік әсер ететін туралы назарда ұстау қажет.
4 Қазақтың ұлттық ойындарының басқа ұлттар ойындарынан айрықша ерекшеліктері
Ұлттық ойындардың бүкіл уақыттар бойы үлкен қоғамдық маңызы болды. Бұлардын пайда болуы ежелгі заманға жатады және өзінің дамуына халықтың шаруашылық әрекетіне және қоғамдық қатынастарына сәйкес келетін, кезекпен ауысқан түрлер қатарынан өтті. Бірақ бұған қарамастан ойындар бізге өзінің ойын жеткізіп, ерекшілігін жоғалтқан жоқ. Ғасырлар бойы бұларда адамдардың ұлттық тұрақтылықтары, еңбектері, тұрмыстары, өмір бейнелері жарық көрініп жатты. Бір немесе басқа деңгейде болса да, басқа халықтар ойындарынан қазақтың ұлттық ойындары өзінің мағыналы мазмұнымен айрықша болады. Қазіргі заман мен болашақты байланыстыратын, халықтың рухани тәжірибесің, оның педагогикалық көзқарастарын сақтап тұратын халықтың есте қаларлығы бұл – ұлттық ойындар. Ойындар жататын мәдениетінде ұлттық ойлары, өздік танулары, түсініктері және де тарихы көрінеді.
Жанқиярлықты, іскерлікті, күшті дамытатын ат үстіндегі әр түрлі ойындар мен сайыстар қазақтардың көшпенділі өмір қойылымның күшіне қарай ең көп таралған.
Еңбек үрдістерінен шыққан сауықтар, яғни адамдардың тәжірибелік әрекетінен және ойындардың пайда болу туралы теориясы сөзсіз болып келеді. Ойындар халықтың еңбектік, рухани әрекетін және тұрмыстың көптеген жақтарын қамтыған, қайсына бұлардың көптігі көшпенділі ортада пайда болуы және көшпенділер-малшылардың материалдық мәдениетін және дүние көзқарас ерекшеліктерін көрсетіп аз деңгейінде емес әсер етті. Уақытымен, материалдық өмір қоғамының өзгеруімен, ойындардың мазмұны мен қалыптасуы өзгереді.
Ойындар, сауықтар және дағдылар көмегімен жастарда ойдық және денелік қабілеттері өндірілетін, яғни олар өмірге керек болып қалуына үйренетін. Қоғамның шаруашылық әрекетімен байланысты ойындар ең кең функцияларын жасайтын (мысалы жамбы ату, аударыспақ, бәйге, қазақша күрес және басқа ойындары). Ойындардың бір бөлігі салт-дәстүрлік функциялы болатын, бірақ кейін бұлардың көбі өзінің алғашқы мағынасын жоғалтып, қайта туып дамыған (мысалы, көкпар, аламан бәйге). Бірақ осы алғашқы ойы қазақтың ойындарын басқа халық ойындарынан айрықша етеді.
Ұлттық ат ойындары көптеген және әр түрлі. Жылқыларды силау және ат ойындарына махаббаты қазақтарда салт-дәстүрлер болып қалды.
5 Қазақтың ұлттық ырықты ойындары
Қазақтардың ойындарында ежелгі заманнан келе жатқан тастан, ағаштан, аң сүйектерінен, кейін металлдан жасалынған құралдар қолданатын. Кең дамыған халықаралық қарым-қатынастар ойын-сауықтың жаңа түрлерін тудырып, жалпы мәдени бойын көтереді.
Ғасырлар бойы балалар мен жастарды ерте жасынан ұлттық ойындарымен тәрбиелеу, қоғамдағы қарым-қатынасқа, қоршаған айналаға дұрыс қатынасу қалыптасуына әсер етті. Қазақтардың өңегелік-этникалық сұраныстарына сәйкес бозбала жасында күнделікті қоғам өмірінде қарқынды қатынасу тәрбиеленетін.
Қазақтардың салт-дәстүрі бойынша бозбала тәрбиесімен ерлер айналысатын. Ұлдар ойындарда үлкендерге ұқсастырып, олардың шаруашылық әрекеттерін жасайтын, ал қыздардын ойындарында тұрмыстық және отбасылық қатынастар көрінетін.
Көшпенді мал шаруашылығының өмірі жанжақты денелік дамуды қажет етті. Сондықтан ұлттық ойындар ереже түрінде ойнап тұрып өзінің іскерлігі мен күшің көрсетіп, өте ырықты болды.
Ұлттық ойындар қоршаған ортаға, аңларға қастерлеу қатынасты тәрбиелеп көрсететін. Халық шаруашылығының бір саласы аң аулау болғандықтан, қазақтарда ежелден аңдар мен құстар дауыстары мен құлықтарына ұқсату өнері атақты болған. Аңдардың құлықтарын имитациялайтын ойындар әліде кездеседі.
Қазақтың тайпалары өзінің тәуелсіздігі үшін күресіп, көптеген соғыстарды жүргізуге мәжбүр болды. Жігіттер өз ойындарында шабуылшы және қорғаушы аттыларға бөлініп, әскери әдістерге ұқсатып жасайтын.
Қазіргі уақытта, қазақтардың арасында діни ойды, ырымдылықты ойындар әлі де бар. Мысалы: «Мырш-мырш» (лақап атауы), «Ханды-қарабасты» (періште хан), «Жұмақ-тозақ». Бірақ шыңында бұлардың діни бағыттылығы туралы атауымен ғана айтуға болады, ал бұл ойындардың нақты мазмұның жалпыланған түрінде кесірлік пен жақсылықтын арасындағы ғасырлық күресін міңездеуге болады.
Ежелгі заманнан бізге жеткен көптеген ойындардың өздік мазмұны өзгермей сақталды, бірақ тарихи мазмұнының процессінде өзінің атауын өзгерткен: «Қарагие» – «Найза лақтыру», «Аң аулау» – «Құспен аулау» (іскерлік құстармен аулау), «Қақпа тас» – «Бес тас», «Садақ ату» – «Жамбы ату» (садақпен ату) және т.б.
Сонымен, ұлттық ойындар спорт түрлері сияқты әр түрлі тарихи кезеңдерде халықтың өмірі нақты және объективті болып келді. Ұлттық ойындар дене тәрбиесі бойынша бағдарламасына қосылған. Бұлар демалулар мен дәстүрлі мейрамдардың маңызды бөлігің құрайды. Қазақтың ұлттық ойындарының мазмұны мен түрлілігі біздің күнімізге дейін жетті. Кейбіреулерін қарастырып жіберейік.
6 Қазақтың ұлттық ойындары
Достарыңызбен бөлісу: |