Бұл әдістің ерекшелігі, қалып бір кезеңде алынады және қасыққа салынатын материал мен егелген тіске шприцпен жағылатын материалдың жабысқақтығы бірдей және екеуіде бір материалдан болады. Бұл әдістің кемшілігі қалыптың сыртқы қабатында қатпарлардың болуы.
Бір кезеңді – екі фазалы қалып алу
Бір кезеңді – екі фазалы қалып алу
Екі фазалы қалып алудың ерекшелігі, ауыз қуысындағы егелген тіске шприцпен жағылатын материалдын жабысқақтығы, қасыққа салынатын материалдың қоймалжыңдығы әр түрлі болады. Қасықтағы материал қоймалжыңдығы төмен болса, шприцтегі материалдың қоймалжыңдығы жоғары болады. Қалыпта қатпарлардың болмауымен және қалып алудағы өзінің дәлдігімен ерекшеленеді.
Екі кезеңді – екі фазалы қалып алу әдісі
Екі кезеңді – екі фазалы қалып алу әдісі
Бұл әдісте пластикалық материалмен қалып алып аламыз. Сол қалыптың вестибулярлы және альвеола ралық перегародкасы аймақтарында (поднутрение) ойықтар жасаймыз. Егелген тіске қоймалжыңдығы төмен қалыптық материал жағып, қасықты ауыз қуысына қайта саламыз. Бұл әдіс қозғалмалы тістер бар кезінде және парадонт ауырулары бар кезінде қолданбайды, себебі алғашқы материалдың қаттылығына байланысты тістер алғашқы орнынан қозғалып кетуі мүмкін.
Екі фазалы қалып алу, сублингвальды аймақтардың бейнесінің толық алуын қамтамасыз етеді.
Екі фазалы қалып алу, сублингвальды аймақтардың бейнесінің толық алуын қамтамасыз етеді.
Бір фазалы эластомерлі материалмен қалып алу доғалы протездерде қолдануға тиімдірек болады.