Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар



Дата14.04.2022
өлшемі18,94 Kb.
#139235
Байланысты:
Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар адамның күнделікті өміріне әсері




ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭССЕ
Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар
адамның күнделікті өміріне әсері

Орындаған: Нышанбек Балайым


Қабылдаған: Сыздық Мақпал
Оқу тобы: 1602-11

Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар адамның күнделікті өміріне әсері

Қазіргі біз өмір сүріп отырған заманды ақпараттық деп атайды, ақпарат қоғам өмірінде, оның іс-әрекетінде маңызды бір элементі болып табылады. Ақпараттану ақпараттың қоғамға өту процесі ретінде адам өмірінің барлық саласына әсер етіп шықты. Жаңа ақпараттық технологиялар ғылымның және ғылыми қоғамының дамуына жаңа беттерді ашты. Электронды пошта, компьютерлік бағдарламалар адамдардың тығыз байланысын қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие. БАҚ-ды үлкен аудиторияларға ақпараттың таралу процесі болып табылады. Бұл адамның танымы мен психикасына идеологиялық, саяси, экономикалық және т.б жағынан ықпал етуші құрал ретінде.


Қазіргі таңда біздің қоғамда теледидар (эфирлік, кабельдік, спутниктік), баспа, радио, электронды пошта, ұялы телефон байланысы, интернет еркін коммуникациялық кеңістікке айналды. Бұның бәрі негізі ақпарат болып табылатын қоғам құрғанымызды айғақтайды.
Ақпараттық ғасырға аяқ басқан тәуелсіз Қазақстанның әлемдік үрдістен кенже қалмауы мен технологиялық, мәдениеттік, өркениеттік сапасын арттырудың бір бағыты – саяси жүйені заман талабына сай жаңғыртып, ақпараттық басқаруды қалыптастыру мен дамыту екені анық.Бұқаралық ақпарат құралдарының даму үрдісіндегі ең қуатты алғышарт компьютер мен Интернет бүгінде басқаларынан қол үзіп кетті. Ол барлық әлемді құшағына қамтып, кез келген ақпарат көзімен әп – сәтте -ақ байланысқа түсе алады. Оның себепттері, біріншіден, кино мен әлеуметтік – өмірлік уақыттың қайшылыққа келуі, екіншіден, киноның компьютерлік технологиядан да озық стилін таба алмауы, үшіншіден кино сәт сайынғы жаңашылдықты жасап шығару талабына жауап беруінің қиындай түсуі т.б. БАҚ-кейде қоғамдық пікірді білдіретін шынайы билікке ықпал ететін, тіпті оның мүмкіндіктерін бір сәтке шектейтін күш. Осы арқылы медиамәдениет қоғам мен мемлекет, билік пен тұлға арасындағы делдал ретінде көрініс табады.
Бүгінгі XXI ғасыр негізгі құндылығы‑ақпарат. Ал ақпарат таратуда теледидар, газет – журналмен қатар бүгінгі таңда ғаламтордың да үлес салмағы артып келеді. Бүгінгі жаһанданған әлемдегі технологиялық инновацияның шарықтаған заманында: интернет, спутниктік байланыс арқылы мәтін, аудио, видеоақпараттардың тез арада әлемге таралуы, олардың географиялық, экономикалық, рухани аймақ шекарасынан ары шығып кетуі осыған айғақ.
Қазіргі кезде Қазақстандық қоғамның барлық саласында ақпараттандыру процесі қызу жүруде, оның ішінде саясат саласында да жаңа ақпараттық – коммуникативтік технологияларды қолдана отырып, мемлекеттік қызмет пен әкімшілік – басқару істерін әлемдік стандарттарға сай модернизациялауға барынша күш салынып жатыр.Өркениетті жасаушы да, жоюшы да адам болғандықтан, антропология мәселесін жан – жақты салалы зерттеу қай кезеңдеде толастаған емес. Адамға ең қызықты обьект – ол адамның өзі. Адам адамға әрі объект, әрі субъект. Ешқандай ғылым адамды толыққанды зерттей алмайды. Бір ғылым адамның занын зерттесе, екіншісі биологиялық құрылымын, ал үшіншісі қоғамдағы рөлін зерттейді. Адаммен байланыссыз бірде бір ғылым жоқ. Барлық ғылым адамға тәуелді, себебі ол адам ойының, адам дүниетанымының жетістігі. Ақпараттық қоғам алаңында ақпарат пен білімге негізделген жаңа биліктің түрі басымдыққа ие болып келеді. Жаңа биліктің негізгі сипаты болып-білімнің синтезі ретіндегі интеллект, ақпарат пен коммуникация, әлеуметтік-мәдени құндылықтардың рухани күші секілді ерекшеліктер бейнеленуде.
XXI ғасыр техниканың гүлдену шағы. Техникадағы ең керемет жетістік ақпараттарды сақтау мен беруге қатысты тасымалдау құралдарының эволюциясы: кітаптық басылым, кино, радио хабарламасы, интернет, теледидар. Интернет 1969 жылы АҚШ-тағы қорғаныс министрлігінің компьютерлік орталығын және академиялық ұйымдарды біріктіру мақсатында құрылған болатын. Жүйенің бірінші әрі басты ерекшелігі оның ақпараттарды тасымалдаудағы тиімді әрі әмбебап құрал болуы ғана емес, сонымен қатар, оның шексіз ақпаратты сақтау және тасымалдау қабілеттілігінде. Болашақта ақпараттарды электрондық жүйеде тасымалдау тасымалдау тәсілінің «қағаздық» тасымалды толығымен ығыстырып тастау мүмкіндігі күмәнсіз. Ерте ме, кеш пе біздің бүкіл кітап мұрамыз, сонымен бірге кино қорымыз, музыкалық жазба жинақтарымыз және т.б. электронды түрде ғана болады. Сонда жүйе (NET) бұқаралық қолданыстың жалғыз құралына айналуы мүмкін. Бұл әлемдік прогресс жемісі. Шын мәнінде, қазірдің өзінде әлемдік Интернет жүйесі адамзаттың ақпараттық әулетін айтарлықтай дамытып, әлемнің барлық бұрышындағы миллиардтаған адамдардың тең әрі оңай бірігуінің басты себебі болып отыр.
Қазіргі әлем онтологиясын өркениеттік тұрғыдан зерттеу барысында қазіргі таңда отандық философтар мен әлеуметтанушыларды, тарихшылар мен мәдениеттанушыларды жалпы гуманитарлық ғылым өкілдерін қатты қызықтырып отырған мәселе. Өркениет ұғымы, жалпы өркениет мәселесі социо-гуманитаристикада орталық мәселелердің біріне айналып отыр. Біздің көзқарасымызға сай, бұл қызығушылықтың бірнеше себептері бар тәрізді.Біріншіден, өркениетті қалыпттастыруға ұмтылуда. Екіншіден, көптеген батыс ғалымдарының пайымдауынша, кемелденген әрбір мәдениет өркениетке ұласпай қоймайды.
Өткен ғасырларда өмір сүрген даналарымыз халықты үнемі рухани адамгершілік бағдарларға шақырып отырған. Әл-Фараби замандастарына «қайырымды, ізгілікті қаланың» қажеттілігін айтса, Жүсіп Баласағұн қоғамда әрбір адамның әділетті болуын көксеген, Абай пендеге арнап «Адам бол» деп нақты кеңесін берген, Шәкәрім болса, ар-ұяттан, ұжданнан әлеуметтік болмыстың, адам өмірінің түп қазығын іздеген. Әрбір ұлттық мәдениет өзінің дамуында рухани дүниесіне сүйенеді. Әлемдегі басқа ұлттар мен ұлыстар сияқты қазақ халқының көп ғасырлық тарихында даналықтың озық үлгісі боларлық әлемді танып-білудің, зерделеудің өзіндік сипаттамалары, түркілік ерекшеліктерді танытатын философиялық-этикалық ойлар мен тұжырымдар жеткілікті болғаны белгілі.Мәселе сол рухани інжу-маржандардың қадірін біліп, қаймағын бұзбай қазіргі күрделі жахандану заманында жүйелі түрде жинақтап алуда және оны әрбір жаңадан келетін жас ұрпаққа рухани сабақтастықпен жүйелі түрде бере білуде болып отыр.
Адам ақпаратқа үш деңгейде ие болады деп айтуға болады. Бірінші-биологиялық яғни генетикалық; екінші-әлеуметтік орта арқылы; үшінші-техника арқылы ақпаратты қабылдап, оның өмірлік жолы мен бағыт-бағдары айқындалады. Ақпараттың тасымалдану мен таратылуының жылдамдауын ықпал ететін технологиялар, көпшілік бұқараның өміріне енуі, оларлың мәдени деңгейін көтеріп, сауатын ашуда. Бұл дегеніміз бұрын баяу қозғалыстағы қоғамның бөлшегінің үрдістерін жылдамдататындығы сөзсіз.Ақпараттық дәуірде бірінші кезекте, БАҚ-тың тірегі ретінде «аудиовизуалды мәдениет». Кино әсіресе теледидар ықпалымен «экрандық мәдениет» деп аталатын құбылыс пайда болады. Соңғы он жылдардың ішінде көптеген ғалымдар, теледидарды «өмірдің басты ұстазы» деген ойды қолдауы бекер емес.
Қазіргі заманды ақпарттық кезең деп атайды, ақпарат қоғам өмірінде, оның өмір іс-әрекетінде маңызды бір элементі болып табылады. Ақпараттану ақпарттың қоғамға өту процесі ретінде адам өмірінің барлық саласына әсер еттіп шықты. Жаңа ақпарттық технологиялар ғылымның және ғылыми қоғамның дамуына жаңа беттерді ашты. Электронды пошта, компьютерлік конференциялар ғалымдардың тығыз байланысын қызықтырған мәселелерді интенсивті талқылауды қажет етеді. Ғылыми зерттеулердің ақпараттануы‑ зерртеу объектілері туралы дәл, дер кезінде толық білімді алуға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыру болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет