«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет246/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

Қолдыналған әдебиеттер: 
1.
«Дошкольное воспитание» журнал. 1986, №12. 
2.
Куцакова Л.В. «Трудовое воспитание в детском саду». 
3.
Маханева М.Д., Скворцова У.В. «Учим детей трудиться». 
4.
Шаламова Е.И. «Реализация образовательной области «Труд» в процессе 
ознакомления детей старшего дошкольного возраста с профессиями». 
5.
Кишик Т.А. «Нравственное воспитание в труде».
6.
«Отбасы және балабақша» журналы. 1993 -№9. 
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ 
БАЙЛАНЫСТЫРА СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ.
Тусупбаева С.Ж., Джангильдинова К.Х.
Қарағанды қ. «Қуаныш» балабақшасы КМҚК. 
Жаңа қоғамға жаңа ұрпақ тәрбиелеу мақсатында жастарға білім беру жүйесі 
реформаланды. Солардың бірі – адамзат қоғамы тарихында қарым-қатынас құралы 
міндетін өтеп келе жатқан, ғылым-білімді үйрену негізі – тілдерді меңгерту, мемлекеттік 
мәртебе алған қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту. Өйткені кешегі мен бүгінді танып, 
білу құралы – тіл.


559 
559 
Бүгінгі бала – ертеңгі еңбек етуші, тұтынушы, инновациялық технологиялар мен 
менеджменттік басқарудың алып барушысы. Балабақшадағы оқу-тәрбие жұмыстарының 
басты мақсаттарының бірі – баланың тілін ұстартып, жақсы сөйлей білуге үйрете отырып, 
оның ой-өрісін дамыту. Бала тілді ертерек меңгере бастаса, оның келешегі жеңілрек 
болатыны мәлім. Балабақшадағы қазақ балаларымен қатар өзге ұлттың балалары да 
мемлекеттік тілде сөйлеп, қазақ тілінің қыр-сырын танып білуде. 
Басқа ұлтты мектепке дейінгі балаларды 2-ші тілге оқытуы – тілдік орта жоқтығы бар 
күрделі үрдіс. Біздің мақсатымыз – балаларға мемлекеттік тіл –осы елдің өзіндік белгісі 
болып табылатындығын ұғындыру, қазақ тіліне деген өзіндік қызығушылығын ояту.
Қазіргі заманғы қоғам өсіп келе жатқан ұрпақтың алдына биік талаптарды көздейді: 
мектеп қабырғасынан шыққан түлектер 3 тілде еркін түрде сөйлеу керек: қазақ 
/мемлекеттік/, орыс /ұлтаралық/, ағылшын /халықаралық/. Сөзсіз жаңа кезеңде қызмет 
атқаратын ұстаз да қазақ пен орыс тілдерінде еркін түрде сөйлеу қажеттілігі мәлім. Осы 
себебтен, балабақша қабырғасында қызмет атқаратын қазақ тілі мұғалімі бүлдіршіннің 
қасында жүретін тіл әлеміне өзіндік жолсерігі рөлін орындайды. Мұғалім мектепке дейінгі 
балаға қазақ тілдің әсемдігі мен поэзиясын сезініп көруге көмектесуі керек. 
Мектепке дейінгі балалар мектеп табалдырығын берік, мықты білімдерімен аттауы 
үшін уақыт керек. Бірақ, ол уақыттың жетпейтіні де белгілі. Қазіргі заманғы мұғалімнің 
басты маңызды мүмкіндігі бар – бағдарлама, әдіс-тәсілдерді таңдап, өзіңе қажетті дұрыс 
бағыт табуы. Ол барлық альтернативтік бағдарламалар мен жаңа технологияларды мұқият 
зерттеп, қазақ тілін оқытуында алға басу /озық, тереңдете/ модульдік технологиясында 
тоқтау керек. Яғни, озық, тереңдете оқыту технологиясы – балабақшада қазақ тілін оқыту 
бойынша қолданатын бағдарламалық материалды ең саналы оқитын шарасы. Тек ғана 
озық, тереңдете оқыту әдісінде уақыттың қажетті резервін табуға болады. Алға басу 
технологиясы бойынша оқыту жүйрік, тез қарқында және қызықты өту керек. Өйткені ой-
өрістік іс-әрекеттің дамуына жаратымды әсер көрсетеді.
Қазақ тілін оқыту үрдісінде дифференциалдық шығармашылық тапсырмаларға үлкен 
назар аударылады. Олар балалардың белсенді дербестік ойлау қабілетін дамуына қажетті. 
Мектепке дейінгі балалардың балалық шағы ерекшеліктерін алдын-ала ескеріп – олардың 
тез шаршағандығын, жалықпауын, қозғалыс және эмоционалдық тиянақсыздығын – сабақ 
барысында іс-әрекеттің түрлерін жиі айырбастап, сабақтың белгіленген мөлшерден 
аспауын қадағалап отыруы жөн. Ол үшін әртүрлі тапсырмаларды орындау қажет: ребус, 
сөзжұмбақтарды шешу; «Танысу», «Дүкенде», т.б. тақырыптарға қарай сұқбаттарға 
үйрету; сабақ соңында сурет салу; буындардан сөз құру, дауысты дыбыстарды танып, 
оларды дауыссыз дыбыстардан айыру, әріп пен дыбыстың айырмашылығын білу, 
геометриялық пішіндер мен түстерді танып айту; реттік, кері, тұра санауларды білу; 
тақпақ, өлеңдер, жаңылтпаштарды таза айту дағдылары. 
Ойын – мектепке дейінгі баланың іс-әрекетінің негізгі түр мен маңызды әдісі. Ойынды 
сүйемелдеу факторлары – қызығушылық, әуестік, қуаныш сезімдері – оқыту процессін 
жеңілдетеді. Бұл себебке қарай, оқыту процессінде ойынды күрделіндіру барысында 
жүйелік, жеңілдік, көрнекілік принциптерін сақтауы қажет. Рөльдерді таратуы бар 
ертегілерге ойнау балаларда әрдайым табыстық табады. Балалар қанағаттанып ертегілік 
кейіпкерлерді, айуанаттар мен құстарды бейнелеп, өздерінің шағын мәтіндерін жаттап, 
ертегілер бойынша қойылған театрализацияға белсенді қатысады. «Отбасы», 
«Балабақша», «Емхана», «Шаштаразы», «Дүкен», «Қонақтар үшін дастархан жаямыз», 
«Кеме» атты сюжеттік-рольдік ойындар барысында балалар қоршаған әлемнен алған 
таныс бейнелерді көрсетіп, орындайды. Бұл мақсатта қимылды / «Күміс алу», «Тақия 
тастамақ», «Орамал», т.б./, дидактикалық / «Лото», «Лабиринт», «Домино», «Саңырау 
телефон», «Артық сан», «Оң жақта не бар, сол жақта не бар?», «Түстер», «Геометриялық 
пішіндер», «Мына заттарды бір сөзбен ата», сөздік «Ассоциациялар», «Не жүзеді, не 
батады», «Не артық?», «Жеке-көпше», «Ұшады-ұшпайды», «Аудармашы» т.б./ ойындары 
кең қолданады. 


560 
560 
Балабақшада қазақ тілі дамуы тек ғана қазақ тілі сабақтарында өткізілмей, режимдік 
сәттердің барысында /тамақтану, жуыну, шынығу, еңбектену, серуендер/ үлкендер мен 
балалармен қарым-қатынасы процессінде, тәрбиешінің басқа сабақтарында бекіту 
жұмысы өту керек. Балалар әртүрлі ертеңгіліктерге, ойын-сауықтарға қатысып, өлең 
айтып, тақпақтарын оқиды, қазақ тілінде қысқаша сахна-бейнелерді көрсетеді, қазақ 
халқының ұлттық аспаптарымен танысып /жетіген, домбыра, қобыз, асатаяқ, дауылпаз/, 
олардың үндерін айыруға үйренеді. Қазақ тілін меңгеру процесін белсендіру мақсатында 
мұғалім мен тәрбиешінің, мұғалім мен МҰ қабырғасында қызмет атқаратын басқа 
мамандар арасында өзара әрекет болуы жөн. 
Оқытудың гуманизация үрдісі сабақта қолданатын оқу жұмысын ұйымдастыруының 
иілмелі формаларын ізденісін, ойлау стереотиптерін меңгеруін алдын-ала болжайды. 
Бұндай формалардың бірі – шағын топтарда жұмыс істеу. Шағын топта құрылған 
комфорттық жағдай балалардың белсендігін жоғарылатады, ал мұғалім ше өз жұмысының 
тиімділігі мен әр баланың және де өзіндік кемшіліктерін көрнекі көріп, оларды жүйелеп 
жояды.
Әр шетел тілге оқыту барысында коммуникативтік келісім басты болып белгіленеді. 
Бұнда қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшін сөйлеу іс-әрекетінің 4 түрін меңгеру керек 
– аудирование, сөйлеу, оқу, жазу. Әрине, 6 жастағы балалар үшін аудирование, сөйлеу, 
оқу жарамды. Яғни, әр оқу өлшемі, дыбыс әлде әріп, сөз әлде грамматикалық модель 
болсын, баланың құлағымен естіліп, тілмен айтылып, оқылып, сана сезіммен түсінулуі 
қажет. Қазақ тілі мұғалімінің жұмысындағы ең басты мақсаты – мектепке дейінгі баланы 
қазақ алфавитіне тән дыбыс, әріптерін дұрыс айту, әріптерді тану, орыс алфавитіндегі 
әріптерімен бірге оларды оқып білу. Белсенді меңгеру сөздердің тізімінде зат есімдерімен 
бірге сын есімдері, сан есімдері, есімдіктер мен етістіктер болуы керек. Олар балаға өз ой-
пікірін жеткізуге, бітіруге көмектеседі. 6-7 жастағы балалар грамматикалық ережелерді 
білмесе де, бірақ қашан оны қолданатынын біледі. Бұнда фабульдік мәтіндермен жұмыс 
істеуді апаруға болады, яғни фабульдік мәтіндерде таныс сөздерімен қатар бейтаныс 
сөздер жүреді. Олардың мағынасын балалар өз күшімен түсініп әлде мұғалімнің 
көмегімен меңгереді. 
Мектепке дейінгі баланың психологиялық ерекшеліктері мен оның көрнекі-бейнелік 
ойлау қабілетін ескеріп, педагогтар баланы халық педагогиканың қайнар көзіне 
қатыстыру керек – салт-дәстүрлерімен сахналау арқылы таныстырып, олардың 
қойылуында ауызша халық шығармашылығын кең пайдалану жөн /мақал-мәтелдер, 
жұмбақтар, ырымдар; Құрманғазы, Тәттімбет, Дина Нұрпейісова сияқты ұлы сазгерлердің 
күйлерін тыңдау/. Педагог алдымен өз жұмысын дұрыс жоспарлап, бағыттаса, 
бұндай жан-жақты ұйымдастыру тілдік ортаға «батудың» себебшісі болып, мектепке 
дейінгі балалардың қазақ тіліне оқыту процессінің тиімділігін жоғарылатады. Және де 6 
жастағы бала үшін тіл меңгеруі – еңбекшілдік, жігердің байсалды сынауы болып шығады. 
Ал бұл қасиеттер балада тек ғана жаңа-жаңа салынады. Сондықтан мектепке дейінгі бала 
педагогтардың психологиялық қолдауы мен көмегінде мұқтаж болады. Бала қателік 
жасаса да, одан қорықпай, саспай, қайтадан сұрап, қайталауға үйрету және тәрбиелеу 
керек.
«Оқу инемен құдық қазғандай» деген мақал-мақалдың түбінде бала болмысын 
қалыптастырар өмірлік оқу да жатыр. Тәрбие берудің ауқымы білім берумен ғана 
шектелмей, оған ата-ананың да ат салысуын ауадай қажет ететінін ұққанымыз абзал.
Тіл – ұлт мәдениетінің қайнар көзі. Сондықтан, тіл дәрежесін өзіміз көтермесек, басқа 
ұлт қайтсін. Қазақ тілі кеңістігінің кеңеюі, сөзсіз. Жыл сайын балаларын қазақ тілді 
балабақша мен мектепке беруге ниет білдіруші орыстілді отбасылар /орыс тілді 
қазақтарды қоса алғанда/ саны артуда. Ендігі түйткіл сол әлеуметтік сұранысты 
қанағаттандыратын қазақ тілді балабақшаның жетіспеуінде болып тұр.
Бүгінгі таңдағы тағы бір өзекті мәселе – кадр мәселесі. Бұрынғы даярланған мамандар 
балабақша жүйесінің құлдырауы жылдарында басқа салаларға сіңіп кетті. Қайтадан қолға 


561 
561 
алына бастаған іс соншама баянды болмай тұр. Себебі балабақша мамандарының 
жалақысы да бұл салаға қызығушылық тудырмайды. Балабақша педагогының әлеуметтік 
және экономикалық мәртебесі ең болмағанда мектеп мұғалімімен теңелмейінше, 
бюджеттік сала қызметкері ретінде оның ролі арттырылмайынша тәрбиеші-педагог 
даярлығын қоғамдық сұранысқа сай ету ету проблемалық сипатын сақтайды. Бұл тек 
қажеттілік емес, тұлға тәрбиесінің қажетті заңдылығы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет