«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет257/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

 
Пайланылған әдебиттер 
МеңжановаА.К.Балаларды көркем шығармалар арқылы адамгершілікке,еңбекке 
тәрбиелеу.-Алматы:Рауан,1991. 
ЖұмабековаФ.Н: Мектепке дейінгі педагогика.-Астана.2000. 
В.И.Ядышко ,Ф.А.Сохина Мектепке дейінгіпедагогика.Алматы.1982. 
Мұқанова Б.Ы.,ТөлеубековаР.К.Педагогика.-Алматы:Дарын,2004. 
И.С.Мариенко 
Мектептегі 
адамгершілік 
тәрбиесі 
процесінің 
негіздері.-
Мәскеу,1985.365б. 
 

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУ ҮРДІСІ 
 
Омарбекова Н.Р. 
«№ 114 «Бақыт» балабақшасы» КМҚК 
 
Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін 
жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып табылады.
1. Білім мен тәрбие беруге арналған дамытушы ортаны жабдықтау қажет десек, ол мектепке 
дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен құндылықтарын сақтайтын, баланың балалығына 
бағытталуы шарт.
2. Тәрбие мекемесінің басшысы мен тәрбиеші педагогтар қауымы кәсіби шеберліктерін 
үнемі шыңдап, білімін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп, ұжымның шығармашылық бағыт-
бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруға белсенділікпен ат салысуға және жағымды 
психологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпал ету қажет. Сондай-ақ, отбасының сұранысы 
мен талап-тілектерін қанағаттандыру және білім мен тәрбиенің балаға берілген үрдісі 
жайында ата-анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізде жұмыс істеу де өте маңызды.
3.Балабақшада еңбек етуге толық жағдай жасалып, тәрбиелеу мен білім берудің 
технологияларын сауатты меңгеріп, жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер жүйесін кәсіби 
шеберлікпен игеріп, оны тәжірибеде пайдалануға шығармашылықпен үлес қосып отырса.
Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Бұл мақсаттар 
өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болады. Баланы өмірге дайындау үшін 
дамытудың маңызы ерекше.
Даму барысы: 
1. Зердесін; 
2. Эмоциясы мен сезімдерін
3. Күрт қиыншылықтарға төтеп бере алуын; 
4. Өзіне-өзінің сенімділігін, өзін-өзі қабылдау, жақсы көруді; 
5. Танымдық үрдісін; 
6. Өзін-өзі көрсете алуына, өзін-өзі жетілдіруге ынтасын дамыту .
Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. 6 жастағы балалар заттарды 
түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастап, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін 
білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын 
анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балалар 
өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрселер оларды ойлантады. Балалар 
әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады. Күн сайын 


573 
573 
олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол сұрақтың жауабын олар ересектерден күтеді, 
өйткені, олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар 
балалардың ақыл-ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан 
ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқан жөн. Себебі сұрағына жауап 
ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды және бұл баланы дүниені 
тануына кері әсер етуі әбден мүмкін.
Мектеп жасына дейінгі кезең – қиялдың тез дамитын уақыты. Сондықтан қиялдың 
дамуын төрт ерекше кезеңдерге бөлуге болады (2 жастан 6-7 жасқа дейінгі аралықта);
1) Бірінші кезең баланың қабылдауының ерекшелігіне байланысты (бір заттан басқа бір 
затты көре бастауы);
2) Екінші кезең – қиялдың ойыншықтарды жандандыру құдіретінің байқалуы; 
3) Үшінші кезең – ойындағы рөлдерге байланысты өзгеруі;
4) Төртінші кезең – бала қиялында өзіндік көркемдік шығармашылықтың басталуы 
(бейнелерді қайта құруы, жасауы).
Танымдық қиялдың басты міндеті – ақиқат өмірдің белгілі бір түрде бейнеленуі.Сонымен 
қиялдың даму қызметін үш түрлі компоненткенентке бөлуге болады.
Олар:
1.Көрнекілікке сүйену; 
2. Өткен тәжірибесін қолдану
3. Ерекше ішкі позицияны қолдану. 
Осы үш компоненттің қолдануында халық ертегісінің айрықша орнын анықтап, зерттеуге 
мән берілді.Мектеп жасына дейінгі кезеңде қиял – қоғамдық тәжірибені меңгерудегі 
алғышарттары болып келеді, өйткені балалар қоршаған ортаны, адамгершілікті, эстетикалық 
идеяларды өзіндік көзқараспен қабылдайды.Сонымен қиялдың дамуы төмендегідей екі 
компоненттен тұрады:
1) қиял қоршаған болмыспен байланысты, дайын нәтижені ойластыруға мүмкіндік береді. 
2) баланың өткен тәжірибесімен байланысты, бірақ сонда да заттық байланыстың рөлі бар.
Сонымен, қорыта айтқанда, 5-6 жасар бала өз қиялында алуан түрлі жағдайлар құра алады 
және баланың өзі сонда әртүрлі жағынан көрінеді. Ойын барысында қалыптаса отырып, қиял 
басқа да іс-әрекет түрінде өте алады. Тілі және қиялы жақсы дамыған бала қызықты сюжетті 
тез арада жанынан ойлап шығара алады. Қиялдың үздіксіз жұмысы – баланың айналадағы 
әлемді танып-білуінің және игеруінің маңыздылығы, бұл жеке тәжірибе аумағынан шығудың 
әдісі. Баланың қиялдауы ойын үстінде қалыптасады. Ойын үстінде қалыптасқан қиял 
мектепке дейінгі бала іс-әрекеттерінің түрлеріне де ауысады. Бала сурет салғанда, ертегілер 
мен тақпақтарды ойлап шығарғанда қиял неғұрлым айқын байқалады. Сондай-ақ мектепке 
дейінгі шақта зейіннің, естің, қиялдың дамуында ұқсастықтар бар. Егер сәбилік шақта өзінде 
қабылдау мен ойлау іс-әрекеттері ретінде анықтауға болатын бағдарлау іс-әрекеттерінің 
ерекше формалары ретінде бөлінсе, мектепке дейінгі кезеңде мұндай іс-әрекеттер үздіксіз 
күрделілене және жетіле түседі, ал зейін, ес, қиял ұзақ уақыт жеке сипат ала алмайды.
Мұндай іс-әрекеттер тек мектепке дейінгі кезеңде қалыптаса бастайды.Мектепке дейінгі 
кезеңде баланың зейіні төңіректегі заттарға және осылар арқылы орындалатын іс-әрекеттерге 
қатысты ынтамен сипатталынады. Бала бір нәрсеге ынтасы өшпей тұрған кезде ғана зейінін 
шоғырлайды. Жаңа бір нәрсе пайда болысымен-ақ баланың зейіні лезде соған ауады.
Мектепке дейінгі кезеңде балалар іс-әрекетінің күрделенуіне жалпы ақыл-ой дамуының 
ілгеруіне байланысты зейін күшті шоғырланып, тұрақтылыққа ие болады.
Мысалы, мектепке дейінгі кезеңдегі кішкентайлар бір ойынды 30-50 минут ойнайтын 
болса, 5-6 жасқа жеткенде ойынның ұзақтығы 1,5 сағатқа дейін созылады. Мұны ойында 
адамдардың күрделірек іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарының бейнеленуімен және 
ойынға үнемі енгізілетін жаңа ахуалдардың қолдау табуымен түсіндіруге болады. Балалар 
суреттерді көргенде, әңгіме, ертегі тыңдағанда зейін тұрақтылығы арта түседі.
Мысалы, мектепке дейінгі шақтың соңында суретті көру ұзақтығы екі есе артады, 
мектепке дейінгі кішкентайға қарағанда алты жасар бала суретті жақсырақ түсінеді, оның 


574 
574 
өзіне қызықты жақтары мен егжей-тегжейлерін бөліп алады. Бірақ мектепке дейінгі кезеңде 
зейіннің негізгі өзгеруі баланың алғаш рет өз зейінін меңгере білуінде, оны саналы түрде 
белгілі заттарға құбылыстарға бағыттай білуінде және кейбір тәсілдерді пайдалана отырып, 
соларға зейін қоя білуінде.
Мектепке дейінгі шақ ішінде өз зейінін ұйымдастыру үшін сөзді пайдалану күрт өседі. 
Сонымен, баланың мінез-құлқын реттеуде сөздің маңызының жалпы өсуіне байланысты 
мектепке дейінгі шақта ықтиярлық зейін қалыптасады. Мектепке дейінгі бала тәрбиесімен 
айналысатын педагогтар мен тәрбиешілер, ата-анала Мектепке дейінгі балалар әдетте 
ойынды, сурет салғанды жақсы көреді, ересектермен және өзі қатарлы балалармен лезде тіл 
табысып кетеді. Мектепке дейінгі шақтың әсіресе, алғашқы үш жылы психологияда «қауіпті» 
кезең аталып, өзіне зерттеушілердің үлкен зейінін аударуда. Дер кезінде тәрбие мен үйрету 
көрген бала бес жасында еш қиындықсыз таза сөйлей білуі тиіс. Балалардың жеке басының 
қалыптасуына әсер ететін әртүрлі іс-әрекеттердің ішіндегі ең маңыздысы шығармашылық 
белсенділіктің сапалығына назар аударады. Алайда мектепке бару қарсаңында баланың 
психологиялық даму деңгейінде жекелей өзгешеліктер өсе түседі. Бұл өзгешеліктер мынадан 
көрінеді: балалар бір-бірінен ақыл-ой, адамгершілік және жекелей дамымен ажыратылады. 
Олай болатын болса, балаларға психологиялық қолдау жасау бiлiм беру мекемелердің 
(балабақша, мектеп) ең негiзгi мiндетi болып табылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет