579
579
ойларын дұрыс айта білу іскерліктері қалыптасып, диалогтік және монологтік сөйлеулері
дамып, сөздік қорлары толығады.
Егер қарым-қатынас кезінде біз эмоционалдық жағын ұмытып кетсек, онда қарым-
қатынасқа жасау қажеттілігі төмендейді. Сондықтан лингвистикалық ойындар кезінде
баланың көңіл-күйіне де
назар аударып, оның сөйлеу мүмкіндігін есепке аламын. Бала
қажетті сөзді таба алмаса, тілдік және тілдік емес қарым-қатынасты бірлестіре
пайдалануына, яғни ым-ишараны, пластиканы қолдануларына мүмкіндік береміз.
Тіл дамыту сабағында біз мектеп жасына дейінгі балалардың айналасындағылармен
мәдениетті қарым-қатынас жасау дағыдыларын да қалыптастыруды қолға аламыз. Мәдени
қарым-қатынасқа тәрбиелеуде көркем әдебиеттің маңызы зор. Яғни ертегілерді, әңгімелерді
оқу, тыңдау, тақпақтарды жаттау арқылы балалар ондағы кейіпкерлерден сүйіспеншілік,
қамқорлық, мейірімділік сияқты қасиеттерді бойларына сіңіре отырып, өзгелердің және
өздерінің әркеттерін бағалай білуге үйренеді. Сондықтан балалардың сөйлеу тілінде ертегі
терапиясының да әсері мол. Мнемокестелер қолдану арқылы балалар ертегілер мен
әңгімелердің
желісі бойынша әңгімелейді, бір-біріне сұрақ қояды, сол сұрақтарға жауап
береді.
Сол сияқты тіл дамыту сабағында ҰОҚ рөлдік ойындар; оқу үрдісін ойын түріндегі
(жарыс сабақ, конкурс сабақ, саяхат сабақ, КТК сабағы) оқу түрлерін ұйымдастырамыз.
«Отбасы», «Емханада», «Супермаркетте», «Әжеде қонақта» сюжеттік-рөлдік ойындар
арқылы балаларды бір-бірімен, үлкендермен қарым-қатынас жасау мәдениетіне, қоғамдық
орындардағы тәртіпке үйретеміз. Мұндай ойындар балалардың өзіне деген сенімділігін
арттырады. Қатты ұялшақ балаларға жүргізушілік
рөлді беру арқылы, олардың өз
құрдастарымен белсенді қарым-қатынас жасап, үлкендермен де қорықпай қарым –қатынасқа
түсуіне мүмкіндік береді.
Тіл дамыту ҰОҚ бойынша «Жыл мезгілдері» тақырыбында балалардың жұмбақтарды
шешу арқылы пассивті сөздік қорлары дамытылды. Оқу үрдісі барысында АҚТ қолданылып,
«Бұл қай кезде болады?» тақырыбы бойынша слайд көрсету арқылы балалардың жыл
мезгілдері, апта күндері, ай аттары, тәулік уақыты бойынша тілдерін дамыту жұмыстары
жасалды. «Бұл қандай құс?», «Сөйлемге сөз қосып, толықтыр» т.б. ойындарда баланың
лексикалық
қоры молайып, қажетті сөздерді табуға тез үйренеді, сөздік қорлары
белсендірілді.
Инновациялық әдістер мен тәсілдердің бір түрі ретінде тіл дамыту сабағында «ӨЕШТ-
педагогика» бойынша ойын түрлерін қолдандық. Олар: «Жақсы-жаман», «Шырғалаң»,
«Сүйікті ертегіңнің соңын заман ағымына қарай өзгерт» және т.б. ойындары.
Өз жұмысымызда инновациялық технологияның бір әдісі ретінде тілдік белсендіргіш
тренажерді қолданыламыз. Жұмыс кезінде бала сөзді көріп қана қоймай, оны қолына алып,
алақанында ұстап, онымен сөйлемдер құрастыра алады.
Осылайша, тіл дамыту сабағында АТҚ, инновациялық технологияларды қолданылу
балалардың тілдің дыбыстық мәдениетін, тілдің грамматикалық және фонематикалық
лексикасын дамытуға мүмкіндік береді. Ал әрбір педагогтың негізгі міндеті – ғылыми-
техникалық
прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде
қабылдап, өңдеп, өз жұмысында нәтижелі пайдалана білу болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Респбуликасының «Білім туралы» Заңы, 2007
2. А.С.Құрманбекова «Мектепке дейінгі білім беру жүйсеніде педагогикалық
технологияларды қолданылу»
3. «Мектепке дейінгі білім» республикалық ғылыми-әдістемелік журнал. №5 2009 ж.
4. Ткаченко Т.А. «Формирование связной речи», 2007