«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет267/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.Салауатты өмір салтын тәрбиелеудегі оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру 
мәселе. // Бастауыш мектеп. 2006. № 12. 48-50б.
2.Г. 
Икіманова. 
Саулық 
пен 
сымбат. 

Алматы: 
Қайнар, 
1991.
3.Дене мәдениеті – оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде. Ізденіс-
4.14.01.2014.жылғы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауы. 
5.«Дене тәрбиесі» оқыту әдістемесі. 
МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОПТАРЫНДА 
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ 
 
Кабдуова А.Е.Рамазанова А.А.
№15 ЖББОМ КММ 
Өмірдің - негізгі мақсаты өзіңді - өзің жетілдіру.
Оқу- инновациялық тәжірибедегі қолданылып жүрген жаңа технологиялар және қол 
жеткізілген нәтижелер.
«Бала ойында қалай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан ұқсас болады. Сондықтан 
келешек қайраткер азаматты тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады.» А.С.Макаренко.
Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті ойын, сондықтан да оның мәні 
ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы А.Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала 
болама?» деп айтқандай баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық 
ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады.
Ойын-оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық 
категория. Сонымен бірге ойынды мұғаліммен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара 
байланысты технологиясы ретінде де қолдануға болады. Бастауыш сынып оқушыларының 
мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті ойын болса, оқу тәрбие үрдісінде олар біртіндеп 
ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланатын 
дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді. Ойын 
оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан да бастауыш дайындық 
сыныптарында оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға пайдаланатын 
ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніліп отырады. Ойынды 
математика сабағында пайдалана отырып, балаларды саналы ойлауға үйретеміз. 
Нәтижесінде балалардын қаншалықты білім меңгергенін анықтауға болады. Мұндай 
ойынның көптеген түрлері бар. Сондықтан ойын балалардың жас ерекшеліктеріне және 
өтілетін сабақтың тақырыбына сай тандап алынғаны дұрыс. Бала ойын іс-әрекеті үстінде 
білімді қалай игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай 
қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және іс-әректтері табиғи бірлікте, болып, пәндік білім, білік 


602 
602 
және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Мысалы: дайындық сыныптарда сан санауға 
заттарды санап және олардың екі тобын салыстыруға, өлшеміне, пішініне және түстеріне 
қарай ажыратуға үйрету мақсатында «Жеміс жинау», «Өз орныңды тап», «Сан құрамын 
анықта», т.б. ойындар ойнатуға болады. Балалардың ой белсенділігін, саналы ойлана білімін 
дамыту, жетілдіру – мұғалімнің негізгі міндеті. Әр сабақта ойынды тиімді пайдалану сол 
сабақта өтілетін жаңа тақырыпты бала жақсы меңгеруіне әкеледі. Дайындық сыныптарында 
сауат ашу сабақтарында әріптермен, дыбыстармен танысу барысында балалар бірнеше ойын 
түрлерін ойнайды. Мысалы: «Санамақ ойыны», «Сөз ойла, тез ойла.», «Сөйлемді 
жалғастыр», «Жоғалған буынды тап.», т.б. Балалар ойын барысында өздерін еркін сезініп, 
ізднімпаздық, тапқырлық әрекет танытып, түрлі психологиялық түсінікпен сезім әрекетіне 
сүңгиді. Ұлттық ойын ойнау арқылы ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні 
байланыстыратын баға жетпес байлығымыз асыл қазынамыз. Ойын үстінде ауызекі сөйлесе 
білуін жақсартып, сөздік қорын байыту, қимыл әрекет жасауға деген талабын 
қанағаттандырып жетілдіре білу. Ойын баланың алдынан өмірлік есігін ашып, оның 
шығармашылық қабілетін оятады. Сонымен қатар ойын тынысы кең, алысқа мензейтін, 
ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат беретін ғажап нәрсе. Я.А.Каменский «Ойын 
айналадағы дүниені танудың тәсілі», — деп атап көрсеткен болатын. Осы сөздің өзінен ақ 
балалардың танымдық әрекетін қалыптастыруда ойынның қаншалықты маңызы бар екенін 
түсінуге олады.
Проблема: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін дидактикалық материалдардың 
болмауы, ойын құралдарының жетіспеушілігі, кабинеттердің талапқа сай болмауы ойын іс-
әрекеті арқылы ойлау қабілетін дамытуға қиындық туғызып отыр.
Мақсаты: Оқу тәрбие процесін дұрыс ұйымдастыра отырып баланың ойлау қабілетін 
ойын іс-әрекеті арқылы дамыту.
Міндеті:
1. Оқу-тәрбие процесін жаңаша ұйымдастыра отырып, ойын әрекетін дамытуға 
мүмкіндік жасау.
2. Дұрыс ұйымдастырылған оқу орталықтарын құра отырып, балалардың ойлау 
қабілетіне арналған дидактикалық материалдарымен жағдайын тудыру.
3. Ата-ананы оқу процесіне қатыстыра отырып ойын әрекетін ұйымдастыру.
4. Құзіреттілігі жоғары тұлға қалыптастыру.
5. Баланы ойын арқылы зерттейтін диагностикалық өлшеуіштерді құру.
Өзектілігі: Ойын процесі арқылы дербес танымдық іс-әрекет өрісіндегі құзырлығын 
қалыптастырып, бәсекеге қабілетті түлек дайындау қажеттілігі туындап отыр.
Болжам: Егер баланың жас ерекшеліктеріне сай ойын түрлерін ұйымдастырып, оқу 
барысында дұрыс пайдаланса және білімін дамытуда қолайлы жағдай туғызса, оқу ортасын 
талапқа сай құра білсе оқушыны дамыта оқытуға жағдай жасалады.
Нәтиже:
1. Дұрыс ұйымдастырылып, құрылған жоба арқылы бала қабілеттілігін дамытуға 
арналған жағдай жасалды.
2. Баланың ойлау қабілеттілігіне арналған ойын арқылы оқыта отырып дамытуға 
арналған материалдық жағдай толықтырылды.
Қорытынды
Оқу үрдісінде ойын түрлерін пайдалану – бағдарламада анықталған білім, білік және 
дағдыларды қалыптастыру, тиянақтау, бекіту немесе тексеру болып табылады. Сондайақ 


603 
603 
мұғалім ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес 
түрлендіре отырып, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалдарды қайталағанда білімді 
тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісі мен құралы 
ретінде пайдалануға болатынына көз жеткіземіз.
1. Құзіреттілік – тұлғаның өзара байланыстық қасиеттерінің жиынтығы.
2. Бәсекеге қабілетті – танымдық іс-әрекет өрісіндегі құзырлықтың қалыптасуы.
Мектепалды даярлық сыныптарында сабақтың өн бойы ойын әрекетін ұйымдастыру 
арқылы жүзеге асады. Себебі, 5-6 жасар бала сабақ оқығаннан гөрі ойын ойнағанды қалайды, 
зейіні тұрақсыз, бір іспен ұзақ уақыт шұғылдана алмайды. Бала ойынмен өседі. Халқымыз 
бала мінез-құлқының қалыптасуында ойын әрекеті де елеулі мән атқаратынын жақсы 
аңғарған. Ойында баланың қарым-қатынасы кеңейіп, таным қабілеті өседі, мінез-құлқы 
қалыптасады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық, 
мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді.
Ойынды әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны 
таза, жүрегі нәзік сезімтал тұлға болмақ. Ойын адамның дамуына, қалыптасуына әр түрлі 
әсер береді.
Кей бала ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді. Ойын – бала 
табиғатымен егіз, өйткені бала ойынсыз өспек емес, жан-жақты дамымақ та емес. Ол – бала 
миын жаттықтыратын әрі тынықтыратын негізгі жаттығу. Мағжан Жұмабаев: «Ойын - 
баланың өз ісі. Баланың ойынына кірісуші болма. Баланы бір нәрсе бүлдірмес үшін тек 
шеттен бақыла. Есте болуы керек, бақылау деген сөз - қарауылда тұрған солдаттай 
қабағыңды түйіп, қарап тұр деген сөз емес, олай тұрсаң бала ойынына кірісуші болма!». 
Ойынның дамуына және баланың ойынға араласуына әсер ететін факторлар өте көп. 
Мысалы, үлкендердің ойынға басшылық жасауы, ойыншықтар, баланың өсетін ортасы, 
балалар ұжымы, баланың тәрбиесі т.б. Дегенмен де ойын тек әрекет емес, балалардың да, 
үлкендердің де қызығушылық ермегі, адамды рахат пен қанағат сезіміне бөлейтін іс-әрекеті. 
Бала тұрмақ, үлкен адамдар да әлі күнге дейін ойнайды, әрине ойынның түрлері де, мазмұны 
да сан алуан. Балалар ойыны әр алуан, оның өзгеріп отыруы балалардың жас және дара 
ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, сюжеттік рөлді, қимыл-қозғалыс, драматизация, 
музыкалық, дидактикалық, құрастыру, ұлттық, спорттық, дамытушы ойындардың түрлері 
бар. Әрқайсының өзіндік мәні, ерекшеліктері, мазмұны, ережелері, тәртібі, білімдік, 
тәрбиелік, дамытушылық функциялары бар.
Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-
физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады.
Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай 
деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін, еңбектің, жұмыстың, 
қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен 
соң жұмыста да көп жағынан сондай болады. Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу 
алдымен ойыннан басталады». Ойын - қанағат алу үшін жасалатын іс-әрекет. Оқуда да, 
еңбекте де ойын элементтерін қолдануға болады. Ойын туралы көптеген теориялар бар. 
Солардың бірін алғаш рет жасаған Ф.Врубель. Ол ойын арқылы бала өзін-өзі көрсеткісі 
келеді дейді. М.Лазарус жұмыстан кейін дем алу теориясын, Г.Спенсер денедегі артық 
энергияны шығару, К.Круз тіршілік үшін күреске әзірлеу ойындарының, С.Л.Рубинштейн 
еңбекке дайындайтын ойындарының теориясын жасады. Ойын әлеуметтік қызмет, ол 
баланың жасына қарай, өзін қоршаған ортаны танып білуге, оны өзгертуге құштарлығын 


604 
604 
арттыратын құрал. Онда танымдық және бағдарлық қызмет бар. Ойын арқылы бала білім 
алады, тәрбиеленеді, қоғамды құрметтеуге үйренеді, ынтымақтасып жұмыс істеуге 
дағдыланып, ұтылуға емес, ұтуға тырысады. Ойын баланың психикасында сапалы өзгерістер 
туғызады, оқу әрекетінің негіздері қаланады. А.М.Горький: «Ойын арқылы бала дүниені 
таниды» - десе,А.С.Сухомлинский: «Ойынсыз ақыл – ойдың қалыпты дамуы жоқ және болуы 
мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың 
рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын 
дегеніміз – ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» - дейді.
Баланы тәрбиелеуде ойын технологиясының берері мол. Ойын кезінде жеке тұлғаның 
өзін- өзі басқару қабілеті жетіліп, қалыптасады.
Ойынның дамытушылық қызметінің маңызы өте зор. Ойын үстінде бала өз еркімен, 
ықыласымен барлық зейінін аударып істегендері күннен күнге өрлеу, даму үстінде болады. 
Ойын- бала қызығуының ұйымдастырылған мәдени стратегиялық кеңістігі. К. Д. Ушинский 
баланың ойынға деген қызығушылығы жөнінде былай дейді: «Ойын- балалар үшін шындық. 
Ал шындық қоршаған ортадан да қызық, бала үшін қызықты болу түсінікті, өйткені онда 
өзіндік іс- әрекет көрінеді. Бала ойын әлемінде өмір сүреді, оның ізі шындық, өмірге 
қарағанда терең қаланады.»
Балалар ойын кезінде өз жетістіктері мен кемшіліктерін біліп отыруы тиіс. Дұрыс 
орындалған ойында жақсы қатысқан оқушылардың атттары аталып отыруы керек. Ойын түрі 
белгіленген уақыт ішінде өтеді.
Балаға бір рет кездескен ойынның бәрі жаналық, бәрі де ғажап дүние. Ойын арқылы 
баланың бойында адамгершілік қасиеттер қалыптасып, психологиялық қабілеттері жетіледі. 
Мағжан Жұмабаев халықтық педагогика негізінде бала мынадай мән берген: «Баланың 
қиялы, әсіресе ойында жарыққа шығады. Айналасындағы тұрмыстан нені көрсе, соны 
істейді.Ойын балаға кәдімгідей бір жұмыс. Ойнағанда бала жанындағы нәрселерді 
пайдаланады ». Оқытудың белсенді тәсілдерінің ішінде дидактикалық ойындар ерекше орын 
алады. Кезінде А.В.Луначарский: «Ойын – белгілі дәрежеде барлық адамзат мәдениетінің 
негізі болып саналады! – деп жазды.
Дидактикалық ойын – кішкене балаларға тән оқыту формасы болып табылады.Арғы тегі 
ойынды өлеңмен, қимылды ұштастыру негізінде жатыр.
Міндеті –ойынның оқыту сипатын , оның мазмұны баланың танымдық әрекетін 
дамытуға бағытталады.
Дидактикалық ойындарға қойылатын талаптар:
1. Ойынға берілген уақыт оқушыны жалықтырмайтындай болуы;
2. Тақырып аясынан ауытқымай, оның мазмұнын ашуы қатаң ескеріледі;
3. Ойынға қажетті материалдар алдын ала даярлануы;
4. Ойынның оқушыға беретін білімдік және тәрбиелік мәні болуы;
5. Оқушының жан-жақты дамуына, танымдық қызметінің артуына әсер етуі керек.
Дидактикалық ойындардың мазмұны мыналарды қамтуы тиіс.
1. Сыныптағы бағдарлама материалға, оның ішінде нақты сабақтың мазмұнына сай 
болып, тапсырманың мәнің ашу керек.
2. Ойындардағы тапсырмалардығың әр түрлі тәсілмен орындауын қадағалау және 
оқытудың тәрбиелік ықпал ету қажет ықпалын күшейтуге ықпал ету керек.
3. Дидактикалық ойындар нақты, қысқа, қызықты, тартымды болуы міндетті.


605 
605 
4. Дидактикалық ойындарда қолданылатын материалдар мен көрнекіліктер қарапайым 
болып, олардың жасалуы мен дайындалуы тез әрі жеңіл болуы шарт.
5. Дидактикалық ойындардың нәтижелері, тапсырма жауаптары қорытындылануы тиіс.
Дидактикалық ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамиды. 
Мұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, 
уақытты бағдарлауға үйренеді, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік 
сапаларын қалыптастырады. Мысалы, математика сабақтарында ойындар арқылы оқушылар 
әр түрлі амалдар мен жаттығулар орындайды, сөйтіп, олар математикалық сипаттағы 
қиыншылықтарды меңгергендерін тіпті байқамай қалады. Бұл ойындар жай ғана емес, оқу 
ойыны болып табылады.
Ойын технологиясы мектепалды даярлық сыныптарында кең тараған технология болып 
табылады. Бұл ойындарды әрбір сабақта түрлендіріп қолдануға болады. Көрнекіліктер 
тартымды болса, балалар қызыға қатысады.
Қорытынды. Ойын оқу процесін ширатады, баланың оқуға деген ынтасын арттырады, 
сабақ қызықты өтеді. Ойын белгілі бір қабілеттердің қосындысы, оны былай көрсетуге 
болады: зейін + қабылдау + ес + ойлау + пайымдау. Ойынды халқымыз балаларын 
тәрбиелеуде ертеден пайдаланған. А.Байтұрсынов «...баланы ойынға үйрету, ойынға 
қатыстыру арқылы ойыны қайсы, үйретуі қайсы екенін балалар айырмастай, сезбестей етіп 
үйретуі керек» деген қағидасын басшылыққа алған жөн. Ойын – үйрету әдісінің ерекше түрі. 
Ол үйренуді мәжбүр етпейді, баланың өз еркімен, ынтасымен орындалады. Ойын әдісі мына 
бағытта жүргізіледі:
- үйретудегі оқушының міндеті ойын арқылы шешіледі;
- оқушыларға жаңа ұғымдар меңгертуге қажетті оқу материалы ойын құралы ретінде 
пайдаланылады;
- үйрету де, үйрену де ойын – жарыс түрінде жүргізіледі;
Біріншіден, ойын баланың жас шамасына байланысты ерекшеліктерін жақсы білуге 
көмектеседі. Бұл арқылы баланың психологиясына жете үңіліп, мінез-құлқын білуге болады. 
Екіншіден, ойын баланың жауапкершілігін арттырады, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Кез 
келген бала ешуақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды. Топқа 
бөліп жүргізілетін ойындарда оқушы өз тобының жеңіп шығуына өзінің тікелей қатысы 
барын ұғынады. Басқалардың алдындағы жауапкершілігін сезінеді де, берілген тапсырманы 
ынтамен, зейін сала ықыласпен орындауға тырысады. Сонымен бірге олардың бойында 
бауырмалдық, жанашырлық, ізеттілік, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық сияқты жақсы 
қасиеттер қалыптаса бастайды. Үшіншіден, ойын арқылы бала оқу материалын жеңіл түсініп, 
терең меңгереді және оны ұзақ уақыт бойы есте сақтайтын болады, сабаққа қызығушылығы 
арта түседі.
Дидактикалық ойындарды тиімді қолдана білсек, оқушылардың рухани дүниесін 
ізгілендіруге, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға жол ашамыз.
Ұлттық педагогика негіздерімен оқушыларды оқыту арқылы олардың өз халқын 
сыйлауға, туған тілін құрметтеуге үйренеді. Бұл оқушылар бойына бір-бірімен қарым-
қатынас кезінде өзара кішіпейілдікпен қарауды, әдеп сақтауды, сыпайы сөйлесуді 
қалыптастырады және соның нәтижесінде балалардың тіл мәдениеті жетіледі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет