593
593
қалыптасуын жылдар бойы күтуге болады деген. «Тәрбиешінің басты міндеті әрбір баланың
қолына скрипка беріп, музыканың қалай туатынын сезіндіру» деп жазған.
Музыкаға деген эстетикалық қатынасты үйретуде тәрбиешіге шыдамдылық пен
тұрақтылық қажет.
Мектеп жасына дейінгілердің музыкалық тәрбиесінің дамуы, музыкалық тәрбиенің
әдістері болып табылатын сендіру және жаттығу әдістері арқылы жүзеге асады[2].
Мектеп жасына дейінгі балаларға музыкалық білім беру әдістері –
педагог пен баланың
өзара байланыс іс-әрекеті, мектеп жасына дейінгілердің музыкалық мәдениет негіздерін
қалыптастыруға, музыкалық қабілеттіліктерін дамытуға бағытталған.
Көрнекілік – сөздік әдісі
— музыкалық шығарманы педагогпен немесе техникалық
құралдардың жабдықтарымен орындау болып табылады. Көрнекілік – сөздік әдісін
қолданудың нұсқалары (мәселелік жағдайды тудыру):
-
жанды дыбыс пен жазылған дыбысты салыстыру;
-
2-3 шығарманы өзара салыстыру.
Көрнекілік-көзбен көру әдісінде
- суреттер, картиналар, үлестірмелі карточкалар көмекке
келеді.
Осы әдісті қолданудың мәселелік жағы:
— үш картинадан музыканың мазмұнына келетін бір картинаны таңдап алу;
— картинамен 2-3 музыкалық шығарманы салыстыру және мазмұнына жақын келетінін
таңдап алу.
Сөздік әдіске
- әңгіме, мазмұндау, түсірдіру және т.б. жатады.
Бұл әдістің ерекшелігі тұрмыстық емес, образдық сөйлеуге негізделеді. Бұл жағдайда
педагог ашық, сауатты, мәнерлі, эмоционалды сөйлеуі қажет. Әдіс мәселелік сипатқа ие емес.
Егер балаларға салыстыру, өз ойын айту сияқты (сипаты, жанры, құралдары) тапсырмалар
берілсе, әдіс мәселелік сипатқа ие болады.
Практикалық әдісте
- қимылдың, аспаптардың көмегімен көмегімен ән айту жүзеге
асырылады.
Егер педагог орындау іс-әрекеттерінің бірнеше нұсқасын ұсынған кезде әдіс мәселелік
сипатқа ие болады:
— бірнеше қимылдардың ішінен музыка сипатына сәйкес келетінін таңдап алу
ұсынылады;
— музыкаға сәйкес келетін бірнеше нұсқалы қимылдарды баланың өздігінен таңдап
алуы ұсынылады[3].
Әдістерді таңдау балалардың жас ерекшеліктеріне сай жүргізіледі:
Кіші мектеп жасына дейінгілерге көрнекілік және практикалық әдістер қолданылады.
Сөздік қоры аз балаларға сөздік әдіс қолданылады. Олардың сөздік қоры әлі дамымаған.
Педагог балалардың сөздік қорын арттыру мақсатында, жаңа сөздерді қолдануды үйретеді.
Ересек мектеп жасына дейінгі балалармен шығармашылық пен дербестікті тудыруға
себеп болатын барлық мәселелік әдістер қолданылады. Жоғарыда көрсетілген барлық әдістер
мектеп жасына дейінгілердің музыкалық дамуына, музыкалық білім алуына септігін тигізеді.
Әдістерді таңдау музыкалық шығармамен жұмыс істеудің кезеңдерін анықтайды:
1 - кезеңде — көрнекілік-есту және сөздік әдістер жетекші рөл атқарады.
2 - кезеңде — практикалық әдістің рөлі арта түседі, яғни бұл әдісте көрнекілік және
сөздік әдістерді пайдалана отырып, әртүрлі тәсілдер арқылы әнді орындап беру.
3 – кезең — (шығарманы жатқа айту) практикалық әдіс дербестік пен шығармашылыққа
ұласады.
Достарыңызбен бөлісу: