«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»


МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРДІҢ АДАМГЕРШІЛІК-



Pdf көрінісі
бет262/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРДІҢ АДАМГЕРШІЛІК- 
ПАТРИОТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ТӘРБИЕЛЕУ. 
 
Турсунова Айнур Саматовна – тәрбиеші 
Калинбетова Зарина Бекмуратовна – тәрбиеші 
КМҚК № 150 «Таңшолпан» балабақшасы 
 
 
Қазіргі таңда мемлекетіміздегі жағдайдың өте көп өзгерістерге ұшырап жатқаны 
бәрімізге белгілі. Ал патриоттық тәрбие ше? Ол өзгеріске ұшырады ма, әлде сол қалпы 
қалды ма? Осы сұрақ бәрімізді толғандыруда. Соңғы 10-жылда әлеуметтік өмірдің 
өзгерісіне байланысты, балалардың да көзқарасы өзгеріске енуде. Бүгінгі таңдағы 
отансүйгіштікті неден көре аламыз? Әркез осы тақырыпта тәрбиеленушілерге не туралы 
айтуға болады деген сұрақ туындайды. Қазақстан әлемдегі үлкен, бай, күшті 
мемлекеттердің бірі деп пе , әлде туған үйіңе, балабақшаңа, туған қалаңа, табиғатқа, 
қалыпты өмірге деген сүйіспеншілікке тоқталу керек пе?
Патриоттық тәрбиеге байланысты міндеттер мен сұрақтар өте көп. Оның барлығына 
біздің жауабымыз бола бермейді. Мектепке дейінгі тәрбиеленушілердің патриоттық тәрбиесі 
– заманауи Қазақстанның өзекті мәселесі.
Әлеуметтік өмір ғана емес, біз де өзгердік. Біз әлдеқайда көппіз, бұрыңғыға қарағанда 
өзіміз, еліміз жайлы көп білеміз, көп ойланамыз. 10-жыл бұрын байқамағанды, қазір назарға 
алып, жауапкершілікпен қараймыз.
Қазіргі заманауи әлемде Қазақстанның болашақ патриот ұрпағын тәрбиелеуде 
жұмысымның басты мақсаты - бала бойында белсенді әлеуметтік көзқарасты, өз-өзіне 
қызмет көрсете білу, интеллектуалды дамыған тұлғаны қалыптастыруды дамыту болып 
табылады. 
Балалардың бойына патриоттық тәрбиені сіңіруде қандай болащақ жоспар 
құрастыру керек? Осы мәселені зерттеп, өз еңбектерінде дәлелдеген атақты педагогтардың 
жұмыстарына назар аударайық. Мысалы, Януш Корчактың еңбектерінде, балалар үйіндегі 
патриоттық тәрбие бойынша жасалған зерттеу жұмысының нәтижесін алып қарастырайық. « 
Балалар құқығын қорғау туралы» конвенция шықпастан бұрын ол былай деп жазған еді: «Әр 
бала құрметке ие. Тәрбиеленушілерге қатысты басты терапия ол -заңға сәйкес өмір сүруге 
үйрету». Корчак балаларға ақылгөйсуді ұнатпаған, ол өмір сүру салты - үйретуде, одан да 
жақсысы - емдеуде деп есептеген.
«Педагогтың өзі құрметпен қарамаса, онда ол балаға намыс туралы айтудың өзі мағынасыз. 
Қарапайым адамгершілік құқықтарын білмей тұрып, баланы адамгершілік сезімін оятамын 
Адамгершілік 
патриоттық 
тәрбие 
отбасы 
балабақша 
көше, аудан 
туған қала 
Мемлекет 
тарихы 
заңы мен 
мәдениеті 


587 
587 
деудің өзі мағынасыз»,- деген. Оның педагогикалық зерттеулерінің басты нәтижесі - өзінің 
ішкі жан дүниесімен жұмыс жасау нәтижесінде баланы жақсы өмірге жетелеу. 
Осындай ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді зерттей келе мынадай шешімге келдім: 
Әрбір балабақша белгілі бір бағытта жұмыс жасайды. Бір мекемеде вариативті компонент 
бойынша жұмыс тәжірибелері жинақталса, басқасында ұлттық өнермен танысу бойынша, ал 
үшінші бір мекемеде қазақ халқының дәстүр, өмір салтын зерделей отырып, патриоттық 
тәрбие бойынша тәжірибе жинақталған, бірақ тәрбиеленушілерді патриоттық-
адамгершілікке тәрбиелеуде көпқырлы, жан-жақты зерттеу амалдарының жоқтығы көрінеді. 
Осы ретте тәрбиеленушілерге адами-патриоттық тәрбие берудің жүйесінің үлгісін көрсеткім 
келеді. Ұсынылған үлгі тәрбиелеудің көпқырлы амал-тәсілдерін есепке ала отырып, 
«Мектепке дейінгі жалпыға білім беру бағдарламасы» негізінде құрастырылған. Үлгіні 
жүзеге асыру үшін кешенді жұмыс түрін барлық балалар қызметінде: танымдық, ойындық, 
шығармашылық қызмет түрлерінде және ата-аналармен жұмыс кезінде қолданамын. 
Жүйенің нәтижелілігін арттыру мақсатында өзіндік ерекше әдістемелік тәсілдердің кешенін 
құрастырдық. Бұл жүйе дамытушылық білім берудің және позитивті Мен концепциясының 
негізінде қаланған.
Ол бірнеше бағыттан тұрады:
1- «Мен және менің отбасым» 
2- «Адамдар әлемі» 
3- «Адам - еңбек» 
4- «Экология» 
5- «Менің Отаным – байтақ Қазақстаным!» 
6- «Тарих» 
7- «Мәдениет» 
Қысқаша әр бағытқа тоқталғым келеді: 
«Мен және менің отбасым» - туған үйіне, туған туыстарына, анасына, балабақшасына 
қатысты адами-патриоттық сезімдерді дамыту , қалыптастыру. Барлығы туған үйі мен 
отбасының сақтаушысы анасынан басталады. Бұл міндет мектепке дейінгі мекемеде дәстүрлі 
түрде шешіліп келді, бірақ бүгінде бұл бағыттағы жұмысты әрі қарай дамыту, мазмұнын 
толықтыру қажеттілігі сезіледі. Отбасылық тәрбиенің жағдайы мәз емес, жұмыс бастылық 
пен балаға деген ата-ананың көңілінің аздығы, оның тәрбиесіне, толыққанды емес 
отбасылардың көптігіне әкеліп соқтырады. Біз отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге бар 
күшімізді салудамыз, бірақ бала бойындағы жақындарына, туған үйіне, балабақшаға деген 
сүйіспеншілікті тәрбиелеуге қауқарсызбыз. Ал бұл патриоттық тәрбиенің негізі, ең алғашқы 
маңызды сатысы болып табылады. 
«Адамдар әлемі» - бұл бағыттың мазмұны : 
1. Туылғаннан адам қоғамның бір мүшесі болып саналады – алдымен бұл отбасы, бақшадағы 
тобы, көршілер, осы кішкентай қоғамның өзінде әр қоғам мүшесі орындауға міндетті әртүрлі 
қағидалар мен дәстүрлер қалыптасқан. Өмірде басқа да қағидалар бар: жолда жүру, 
қауіпсіздік, гигиена, қоғамдық орындарда өздерін ұстау ережелері. Үлкендер қоғамында 
қағидалармен бірге заң да жұмыс істейді. Заңның орындалуы баршаға міндетті.
2. Жұмыс барысында әлеуметтік тәрбиелеудің негізгі міндеттері адами қарым-қатынас, 
эмоцианалды байланыс және жақындарына , үлкендерге, құрадастарына сенім, өзара 
түсіністікке талпыну. 
3. Балаға «Адамдар әлемін» , үлкендер мен құрдастарын жақыннан танып білу мүмкіндігін 
беруде:
- бала мен үлкендер арасында мазмұнды қарым-қатынас, эмоционалдық көңіл-күй қажет. 
- әлеуметтік тәртіптің дамуына бағытталған проблемалы жағдай тудыру маңызды. 
4. «Адамдар әлемі» және олардың әлеуметтік орны туралы түсініктеріне қызығушылығын 
дамытуда: мұражай, театр, көрме, экскурсия, серуен, фильмдер көрсету. 
5. Ұлтаралық қайшылықтар бүгінгі күннің қайғылы оқиғаларының шындығы, ұлтаралық 
қарым-қатынас мәдениетінің жоқтығынан туындайды. Бұл ұлтаралық қатынас тоқырауынан 


588 
588 
шығудың жалғыз жолы ұлтаралық қарым-қатынасқа бағытталған этикалық тәрбие беру 
болып табылады. 
6. Балаларды басқа мемелекеттер мен мәдениетімен таныстыру, әлем шекаралары туралы 
түсінігін кеңейту. 
7. Құқықтық тәрбиелеу- бұл баланы тұлға ретінде тәрбиелеудің тағы бір жолы, балалар өз 
құқықтары жайлы және басқа адамдардың құқығын құрметтей білу керек. 
«Адам және еңбек» бағытында, жұмысты жүзеге асырудағы басты мақсаты адамға 
деген құрмет, еңбек етушіге және оның еңбегіне құрметпен қарау. Бірінші ретте, өз 
қаласындағы адамдар еңбегімен таныстыру керек. Олардың еңбек нәтижелеріне 
мақтанышпен қарауға тәрбиелеу. Екіншіден, қарым-қатына кезінде тәрбиеленушілердің 
еңбекке деген сүйішпеншілігін арттыру. Баланың еңбегі үлкен және қиын емес. Бірақ та 
оның тұлғалық қалыптасуына қажет. Балалардың еңбек іскерлігіне қабілетін досына, 
тәрбиешіге, топқа, балабақшаға көмегін тигізу қызығушылығы негізінде қалыптастыру 
керек. Үшіншіден, сонымен қатар жүйелі түрде балабақша мен үйдегі еңбекті қоғамға 
пайдасы тиетін бағытта ұйымдастыру керек. 
«Экология» бағытында, патриоттық тәрбие мен экологиялық тәрбие арасында қандай 
байланыс бар деген сұрақ туындайды, тәрбиеші табиғат пен оның заңдары туралы түсінік 
қана бермей, балаларды оның сұлулығын көре білу, онымен бірге тығыз қарым-қатынаста 
өмір сүре отырып, тыныштық бұзбауға, оны қорғауға үйрету керек.
«Менің отаным – байтақ Қазақстаным!» бағытында, бала өзін ең алдымен кіші 
отанының бір бөлігі ретінде, содан кейін Қазақстанның азаматы, ал содан кейін барып, Жер 
шарының тұрғыны ретінде сезіну керек.
«Тарих» бағытында, балаларды отансүйгіштікке, оны сол күйінде жақсы көруге 
үйрету. Білетін, сүйетін, сезінетінді ғана жақсы көріп, сақтауға болады. Баланы таза көңіл, 
адалдық, сұлулықтық, терең мазмұнында не қызықтыруы керек? Бұл біздің көп ғасырлық 
тарихымыз. Біз өз тарихымызға неге мақтанамыз? Балаларға қазақ елінің батырлары, ұлы 
ғұламалары, хандарына, ғарышты бағындырған ғарышкерлерге деген мақтаныш сезімін 
ояту керек. 
«Мәдениет» бағытында, бізге қалдырылған ұлттық отандық мәдени мұраны бойына 
сіңіру. Мәдениет бағытында төмендегі: 
1- мерекелер 
2-ойын-сауықтар 
3-жергілікті қолөнермен таныстыру тақырыбындағы ҰОҚ 
4- балаларға басты қызықты және маңызды болып саналатын отандық суретшілер, 
қолбасшылар, жазушылар, композиторлардың еңбектері . 
Қорыта келгенде, «Ел болам десең-бесігіңді түзе» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, заманауи 
адам мен ел болашағының іргетасын қалаушы болашақ ұрпақты өсіруде адами-патриоттық 
білім беру, тәрбиелеудің алатын орны ерекше.
Әдебиеттер тізімі 
1. Богославский В.В. Жалпы психология.- Москва. - 1978ж.
2. Базарбаев Ж. Нұсқабаев Ж., Даулетова Қ. Инабат. Әдептану оқу 
құралы. Алматы: «Жазушы». - 1996ж. 
3. Власкин А.Г. Оқушының рухани әлемі. - Ленинград.- 1991ж. 
4. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті: «Мектеп». - 1974ж. 
5. Досмұхамбетұлы Х. Аламан: «Ана тілі». - 1991ж. 
6. Жолдасбеков М. Асыл арналар.- Алматы: «Жазушы». - 1986ж. 
7. Жұмабаев М. Педагогика: «Ана тілі». - 1992ж. 
8. Жарықбаев Қ.Б., Наурызбаев Ж. Қазақтың ұлттық тәлім - тәрбие атауларының түсіндірме 
сөздігі. – Алматы. - 1993ж. 
9. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тілінің тәрбиесі. - Атамұра.- 1994 ж. 
10. Жарықбаев Қ., Табылдиев Ә. Әдеп және жантану. Атамұра.- 1994 ж. 


589 
589 
11. Құнанбаев А. Шығармалары. Екі томдық. «Жазушы».- 1968ж. 
12. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. - Алматы.- 1993ж. 
13. Қалиев С. Қазақ халқының салт - дәстүрлері және демократ ағартушылары. Алматы: РБК. 
- 1993ж. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет