«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет268/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

Қолданылған әдебиеттер:
1. «Мектеп алды даярлық» №5 2007жыл


606 
606 
2. «Отбасы және балабақша» №1 2008жыл
3. «Отбасы және балабақша» №3 2003жыл
4. «Отбасында және балабақшада баланы
5. «Мектепке дайындау бағдарламасы» 2011жыл
6. «Тәрбие құралы» 2012жыл 
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ПОЛИМӘДЕНИЕТТІ ТӘРБИЕ БЕРУ, 
ОЛАРДЫҢ БОЙЫНА ДРАМАЛЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ 
НЕГІЗДЕРІН СІҢІРУ ҚҰРАЛЫ
 
Сыздыкова А.Т. Бустекбаева М.М. 
Қарағанды қаласы КМҚК «Толағай» балабақшасы 
 
 
Маңыздылығы - балаға бүлдіршін кезінен полимәдениетті тәрбие беру отбасында да, 
қоғамдық мектепке дейін тәрбие беру жүйесінде де қалыптаса бастайды. Мұнда әсіресе, 
ересектердің – ата-аналар мен тәрбиешілердің рөлі өте орасан. 
Бұрын біздің санамызға сіңірілген, балалар әлі жас, олар кейбір күрделі де, ересек ой-
сананы қажет ететін мәселелерді түсінбейді, олармен саясат туралы, әлеуметтік проблемалар 
туралы, азаматтық құндылықтар туралы, ұлттық қарым-қатынастар туралы ой бөлісу қажет 
емес деген ұғым келмеске кеткен. Кейбір ересек адамдар баланың өмірлік ұстанымдарын 
нақты анықтап алуына аса зер салудың қажеттілігі жоқ деп ойлайды. Тіптен олай емес, 
мақсаттардың өз-өзінен анықталатын кезі әлі-ақ келеді. Олар өте қателесіп отырған әлі-ақ 
түсінетін болады. 
Әрбір ересек адам баланың өзге ұлттың адамдарына деген толеранттылығын 
тәрбиелеуге деген өзінің жауапкершілігін сезінуі міндетті. Тәрбие берудің маңызды 
құралдары: жеке үлгі көрсету, сөз, көркем әдебиет, халық ауыз әдебиеті шығармалары, 
қолданбалы-қолөнер бұйымдары, музыкалық шығармалар, әртүрлі ойын түрлері болып 
табылады. Мысалы, драмалық ойындар мектепке дейінгі балалардың мотивациялық-
эмоционалдық саласына жағымды ықпал етеді, басқа адамдардың өміріне үңілдіріп, 
зейіндерін аударады. 
Басымдық бағыттардың бірі – мектепке дейінгі жастағы балаларға ұлттық және 
өңірлік мұралар мен елдің, өлкенің тарихын таныстыру болып табылады. Ересек мектепке 
дейінгі жастағы балаларға полимәдениетті тәрбие беру міндеттері
:
1. Балалардың маңындағы басқа ұлт өкілдеріне деген қарым-қатынастарын сипаттау 
(орыстар, татарлар және т.б.). 
2. Әлем халықтарының ертегілерінің негізінде құрылған, этномәдениет пен оны 
құрушыларға оң көзқарастарын қалыптастыратын драмалық ойындардың мүмкіндігін 
анықтау. 
3. Фольклорлы ертегілерді іріктеуді нақтылау және толықтыру. 
4.Балалардың бойына өзінің және басқа ұлттарға деген эмоционалды-жағымды 
қатынастарын қалыптастыратын, орыс ертегілері мен басқа халықтардың ертегілерінен 
драмалық ойындар өткізу әдістемесін әзірлеу. 


607 
607 
Егер осы мақсатты іске асыру кезінде балалар туған халқының тарихы, оның 
мәдениеті мен өзге ұлттардың мәдениеті, олардың тілі, тарихы, шығармашылығы туралы 
білім алатын болса және өздерінің әсерлерін драмалық ойындарда көрсете алса, онда біздің 
мақсат пен міндеттеріміз орындалды деп есептеуге болады. Осыдан келіп күтетін 
нәтижелеріміз: 
1. Балаларда әлем халықтарына деген жағымды түсініктер қалыптасады, ең алдымен 
бұған өзінің ұлттық мәдениетін тану арқылы қол жеткізеді. Дәл осыған байланысты – басқа 
халықтардан алған құндылықтары, мәдениеті барынша түсінікті және әсерлі болып келеді. 
2.Басқа ұлттарға деген гуманды ойлардан қалыптасқан нақты өмір шындығына дейін 
эмоционалды жағымды қатынастар қалыптасатын болады. 
Ертегімен,осы шығарманы ойлап шығарған халықтың тұрмысымен, өмірімен 
таныстыру. Балалардың коммуникативті ерекшеліктерімен, артистизм мен сахнада ойнау 
дағдыларын дамытумен жұмыс. Балаларға музыка тыңдату, қолданбалы-қолөнер 
бұйымдарын (оның ішінде ұлттық киімдер, оның элементтері), олардың жеке белсенді 
қызметтерін: халық аспаптарында ойнау, халық әндерін орындау, хор жүргізу, ертегілердегі 
қажетті кейіпкерлерді, көріністерді сомдау: көркем шығармашылығын жарыққа шығару 
(сурет салу, жапсыру, конструкторлық қызмет). Ата-аналардың көмегімен драмаларға 
арналған атрибуттар мен деректемелерді әзірлеу. Сонымен бірге жеке көркемдік қызметі 
жандана түседі. Балалар кейіпкерлерін түсіне біледі, олар үшін уайымдайды, ең бастысы, 
әлеуметтік шынайы өмір туралы түсініктері қалыптасады. Енді олар «интеллектуальды-
эмоциональды байланыстар» жасай алады. Осыдан келе драмалық ойындарды 
ұйымдастыруға көп көңіл бөлінеді. Балалардың мінез-құлқында «интеллектуальды-
эмоциональды байланыстар» олар рөлдерді ойнағанда, жеке рөлдерді шығарғанда, рөлдік іс-
әрекеттер кезінде барынша айқын көрініс береді, сюжеттің дамуы оларды толқытқаны сонша 
- өздерін олармен теңдестіріп, сүйікті образдарының бейнесіне ене түседі, оның 
адамгершілік қасиеттеріне, ұлттық калоритіне шындап беріледі. Басқаша айтқанда, біз 
эмоциональды-жағымды көңіл-күйдің белгілі бір халықтың мәдениетінің элементі ретінде 
ертегідегі қарым-қатыстарына ұласқанын көре аламыз. 
Халықтық мәдениет нақты бір қасиеттердің, ойлау ерекшеліктерінің, мінез-құлықтың 
таптаурын жолдарының қалыптасуына ықпал етеді, жеке тұлғаның әлеуметтік-этникалық 
өзін-өзі билеуіне әсер етеді. 
- Халықтық мәдениет – ұлттық мәдениеттің негізі. Сол себепті баланы 
жалпыадамзаттық мәдениеттің жетістіктерімен таныстыру дәл осы негіздерден бастау 
қисынды болып табылады. 
- Халықтық мәдениет әлемі балаларға орыс халқының адамгершілік құндылықтарына: 
еңбексүйгіштікке, қайырымдылыққа, табиғатты, туған жерді сүюге жол ашады. 
- Халықтық мәдениет мектепке дейінгі балаларға қолжетімді түрде: ойындарда, 
өлеңдерге, ертегілерде, костюмдерде, үй керек-жарақтарында көрініс береді. Осындай әдемі 
де мазмұнды әлем балаларға да сол себепті қызықты болып көрінеді. 
- Әсіресе оқыту пәні балаға ойынға белсенді қатысушы болуына мүмкіндік береді. Ол 
өзін әртүрлі рөлдер мен іс-әрекеттерде сынап көреді. Өлең айту, билеу, сурет салу, 
құрастыру, театралды қойылымдарға қатысу, ертегі кейіпкерлерінің жұмбақтарын шешу – 
осының бәрі халықтық мәдениетті үйрену дегенді білдіреді, сонымен бірге, баланың жеке 
басын жан-жақты дамытуға мүмкіндік береді. 


608 
608 
- Тілдік аспекті де тартымды болып табылады. Сонымен бірге күнделікті өмірде орыс 
тіліне деген қатынастар әлі де жеткіліксіз, ауыз әдебиетінің шығармалары әдемі, бейнелі 
және поэтикалық сөйлей білу үлгілерін беріп отырады. 
- Халықтық мәдениетті үйрену (әсіресе театрланған мерекелі әрекеттерге, шеберхана 
жұмыстарына даярлық және қатысу) тек баланың жеке басын дамытып қана қоймайды, 
сонымен біргеадамдармен қарым-қатынас жасау дағдыларын да қалыптастырады, 
тәрбиешіге ұжымды әлеуметтендіруге, тәрбие процесіне ата-аналарды тартуға көмектеседі. 
Осылардың бәрін ескере келе рухани-адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу негізінде 
халықтық ойыншық құралдары арқылы мектепке дейінгі балаларды халықтық мәдениетке 
қызығушылықтарын тәрбиелеудің тиімді процесін қамтамасыз ететін педагогикалық 
жағдайларды теориялық негіздеу және іс жүзінде апробирациялау болып таблады. Мен 
мектепке дейінгі балалардың халықтық мәдениетке қызығушылықтарын тәрбиелеудің тиімді 
процесі мынадай жағдайлардан келіп шығады деп ойлаймын:
- мектепке дейінгі балаға халықтық мәдениеттің субъектісінің жалғасы және алға 
апарушысы ретінде қарау;
- мектепке дейінгі балаларды халықтық мәдениетті жеке тұлғаның басты құндылығы 
ретінде қабылдауына ықпал ететін әртүрлі белсенді шығармашылық қызметке тарту;

баланың эмоционалды-шығармашылық, мәдени-этнопедагогикалық ортасын 
қамтамасыз ететін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің ортасын құру;
- мектепке дейінгі балалардың халықтық мәдениетке қызығушылығын дамытудың 
диагностикалық ұстанымын қалыптастыру; 
- балалардың әртүрлі бағдарламалар мен іс-әрекет түрлерін теркін аңдауын білдіретін 
бағдарламалық-мақсатты ұстаным; 
- халықтық мәдениетке балалардың қызығушылығын тәрбиелеу процесінде білім беру 
субъектілерінің мақсатты интитуционалды өзара қарым-қатынастары. 
Негізгі міндеті – балалардың ертегіні тыңдау кезінде алған әсерлерін драмалық 
ойындар кезінде пікірталастар арқылы нақты өмірге айналдыруы, пікірлерін білдіруі, 
бастамалар жасауы, атрибутикалар әзірлеуі болып табылады. Өзара байланысты құралдар 
мен әдіс-тәсілдер кешені арқылы балалар басқа ұлттармен тікелей байланысқа түседі, 
олардың мәдениетімен танысады, біздің ойымызша ойын барысында туындаған ниеттестік, 
тіліктестік көңіл-күйлерін бекіте түседі.
1. Балалардың басқа ұлт өкілдерінің мәдениеті, тұрмысы туралы білімдері кеңейеді, 
ұлты басқа құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасау сезімдері оянады. Эмоциональды 
сипатта ғана емес, сонымен бірге оның балалардың сол халық туралы білімдері мен 
түсініктерін білдіретін мазмұны да болады. Сондықтан: 
* Эмоциональды қарым-қатынас саласында маңызды компонент мәдени тәрбие беру 
болып табылады. 
* Өзінің туған халқына, оның мәдениетіне және басқа ұлттарға, олардың тіліне, 
тарихына, шығармашылығына бірыңғай оң көзқарастарын қалыптастырады. 
* Баланың ой санасы өскен сайын қасында жүрген басқа ұлт өкілдеріне, олардың 
мәдениетіне деген түсініктері қалыптасады. 
* Көтеріңкі эмоциональды жағдайда ұлттық және ұлтаралық проблемаларды балаларды 
өзінің туған халқы мен басқа халықтардың жалпыадамзаттық адамгершілік құндылықтарға 
еліктіру – эмоциональды-жағымды қатынастарды қалыптастырудың оңтайлы жолы болып 
табылады. 


609 
609 
* Әлем халықтарының ертегілері – жалпыадамзаттық, адамгершілік құндылықтардың 
қайнар көзі, олардң тәрбие беру әлеуеті олардың өзектік функцияларын атқара отырып, 
дайындау және ұйымдастыру кезінде барынша жан-жақты ашылады, сонымен бір мезгілде 
балалардың білімдері мен түсініктері кеңейеді, соның негізінде мақсатты педагогикалық 
ықпал ету барысында ертегілерге - кез келген этникалық мәдениеттің элементіне, оны 
шығарған халықтың өкілдеріне деген жағымды көзқарастары қалыптасады.
Әдебиеттер тізімі 
1. Ушинский К.Д. М, «Педагогика» 1988 г, Собр.соч.Т.2,с 161 
2. Муналбаева У.Д. «Атамекен – очаг духовного воспитания»,
3. Журнал Бiлiм-Образование 2004.-№ 4. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет