«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет271/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

Әдебиеттер:
 
1. Қазенова Г. Ойын арқылы оқыту. //Бастауыш метеп, 2001, №4 12-13б. 
2. Ортаев Б. «Технологиялық мәдениет» ұғымының мәні // Қазақстан мектебі, 
3. Ж.А.Қараев «Деңгейлеп саралап оқыту» // 2-13б.
4. Бодрова И.В. «Мнемотехника для детей» // 1-2б. 
5. Горохова О.В. «Мнемотехника для детей» // 3-4б. 
 
 
0,00%
100,00%
I деңгей-
II деңгей-
III деңгей-
18,50%
74,10%
7,40%
0,00%
50,00%
100,00%
I деңгей-
II деңгей-
III деңгей-
7,40%
62,98%
29,62%


613 
613 
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЗДІК ҚОРЫН,
СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУ 
Бакирова Ж.Е. 
«Ақбота» балабақшасы, Қарағанды қаласы 
Балабақшадағы оқыту-тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік 
қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде 
еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге 
жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.
Мектеп жасына дейінгі кезендегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі-тіл 
дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді. 
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісіне тәрбиешінің: 
-
Балалардың сөздік қорларын дамыту; 
-
Жаңа сөздерді меңгерту; 
-
Үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет
болып саналады. Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде 
басшылыққа алып отыруы тиіс. 
Кез келген адамзат баласы өзін қоршаған өзге адамдармен қарым-қатынас жасайды. 
Ал, қарым-қатынас тіл арқылы, сөз жүзеге асады. Мектеп жасына дейінгі кішкене балалар 
сөйлеуді ата-анасының, туған-туысқандарының және тәрбиешінің көмегімен сонымен қатар 
құрбыларымен тілдесу арқылы үйренеді. Міне осы кездерде баланы дұрыс дыбыстауға, 
сөйлемді дұрыс құрастыруға, яғни дұрыс байлансытырып сөйлеуге үйрету керек. 
Болашақ ұрпақтың танымдылық белсенділігін дамыту ақыл-ой тәрбиесінің бip 
міндеті ретінде күш бүгінге дейін күн тәртібінен түспей келеді. Ақыл-ой тәрбиесінің бұл 
acпектісі баланың ойлау операциясының, танымдық процестерінің және қабілетінің 
дамуына тікелей байланысты. 
А.П.Усова өзінің «Балабақшадағы оқыту» атты еңбегінде мектепке дейін 
балалардың оқу әрекетіндегі танымдық белсенділігіне байланысты үш деңгейге бөлген 
теориясын басшылыққа алуды ұсынады. 
5-6 жастағы балалардың танымдық белсенділігін дамыту балабақшадағы 
педогогтардың үлесіне тиіп, үйымдастыру шеберлігімен тікелей байланысты. Сондықтан 
бүгінгі күні тәрбиеші-педогог мамандарына түпкілікті білім берумен қатар, кәсіби іс-
әрекетінің ғылыми негіздерін практикада қолдануға, практикалық біліктілік пен дағдыны 
қалыптастыруга ерекше көңіл бөлу керек. 
Бұл топта тіл дамыту сабақтарының тақырыптары төмендегідей: 
1.
Сөз құрап тұрған дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету, сөз, дыбыс туралы
ұғымдарды практикалық жолмен меңгерту. 
2.
Граматикалық формаларды қолданып, сөйлей білуге, жалаң, жайылма,
құрмалас сөйлемдер құрап айтуға үйрету. 
3.
Сөйлеу тілін байыту мақсаты көзделе отырып,әрбір сабақ түріне,
мазмұнына қарай сөздік жұмысын жүргізіп отыру. 
4.
Байланыстырып сөйлеуге үйрету. 
5.
Көркем әдеби шығармалар оқу. 
6.
Оқылған шығарма мазмұнын әңгімелету. 


614 
614 
7.
Творчестволық әңгіме құрату. 
Мектепке дейінгі балалардың сөздік қорын, сөйлеу тілін дамыту
мәселесі жаңа бағдарлама бойынша осы бағытта белгіленген. Алайда әлі оқи, жаза 
білмейтін балаларға жалпы тілге қойылатын талаптарды меңгерту, жаңа сөз үйрету, сөйлеу 
тәсілдеріне жаттықтыру, қоғам өмірінен, табиғат тіршілігінен тыс емес, осылармен тығыз 
бірлікте, сабақтаса жүргізіледі. Олай болса, тәрбиешілер тіл дамыту сабағын жоспарлағанда 
баланың өмірден алған әсерін, естіп, білгенін ұдайы ескертуге тиісті. Сөз үйретуге арналған 
сабақтар экскурсия, бақылау жұмыстарымен үйлестіріле жүргізіледі. 
Тәрбиеші қай тақырыпта қандай бақылау, экскурсия, әңгімелесу, әңгімелету 
сабақтарын өткізгенде де балаға берілетін білім мен зат арасында шартты байланыс болуын 
ескеруі керек. Сөздік атауларды бала саналы түйсініп, дәл танып-білсін. Мысалы, балабақша 
үйін бақылату, үйдің оң және сол жағындағы көше аттары, сол көшедегі немесе қарсысына 
орналасқан басқа мекеме туралы балаларға атап айтып түсіндіру керек. Бала мұндайда «оң 
жақ», «қарсы алданда» деген сөздерді үйренеді. 
Сонымен бірге қоғамдық өмір жайында да балаға белгілі дәрежеде мәлімет 
беріледі. Күнделікті өмірде ауылда, қалада болып жатқан жаңалықтарды айтып отыру. 
Мысалы, балабақша, мектеп өмірі, жанадан салынып жатқан қоғамдық құрылыстар – электр 
станциялары, мәдениет үйі), кинотеатр, пионерлер сарайы, демалыс паркі, жасанды көл, 
колхоздың төл алуы, астық жинау науқаны, малды жайлауға шығару, малшылар өмірі 
туралы айту. «Жайлау», «шопан», «жылқышы», «ферма», т.б. сөздерді түсіндіру. 
Айналадағы өмірді бақылату жұмысында екі түрлі әдіс қолданылады: - біріншісі 
– баланың өмір шындығын қабылдап түсінуі. Бұл бақылату жұмысында іске асады. Осының 
нәтижесінде түрлі заттар мен өмір құбылыстары туралы айқын елес қалады. Көріп, таныған 
заттардың атына, қажеттігіне, түр-түсіне, формасына байланысты сөздік қоры дамиды; 
-
Екіншісі – заттар мен өмір құбылысын нақтылай түсіндіріп, бақылатып
көрсету. Мұндайда тәрбиеші адамдардың өмір тіршілігі – еңбек процесі, өлі және тірі 
табиғат ерекшелігі туралы әңгімелеп беріп, жүйелі түрде салыстыра көрсетіп тапсырады. 
Әрбір бақылау, әңгімелету, әңгімелесу сабақтарында сабақ мазмұнына қарай диафильм, 
ойыншық, суреттер көрсетіп, әдеби шығармалар оқылады. Сабақты осылайша көрнекі 
құралдарды пайдалана отырып, өмірмен, іс-тәжірибемен байланысты жүргізгенде ғана 
баланың санасында айналадағы дүние жөнінде айқын елес қалады.
Сөзді түрлі формада қолдануға үйрету жұмыстары тіл дамыту сабақтары кезінде 
іске асады. 
Тәрбиеші әр түрлі заттар мен ойыншықтарды көрсете отырып, балаларды кімнің? 
ненің? кімді? нені? кімге? неге? не үшін? қандай? т.б. сұрақтарға жауап беруге үйретеді. 
Мысалы: Менің мысығым. Арманның пальтосы деген сияқты сұрақтар беріп, оған жауап ала 
отырып, тәрбиеші баланы сөйлеуге үйретеді. 
Күнделікті өмірде қолданылатын ыдыс-аяқ, еңбек құралдары, шаруашылық 
бұйымдары туралы білімдерін кеңейтіп, сөздік қорын молайту. Ол заттардың не үшін 
қажеттігін, формасын, кейбір бөліктерін білдіру. Үтік, қайық, доп, шар, алма, апельсин, шие 
сияқты формасы (кейде түрі) ұқсас заттарды танып, ажырата білуге үйрету. Ол үшін 
алдымен сол заттардың өзін, мүмкін болса, бақылату не суреттерін көрсетіп, жауап алу, 
білмесе, түсіндіру. Екінші кезекте «Сен нені қалайсың», «Танып ал», «Атын ата» деген 
дидактикалық ойындардың бірін ойнату (ұқсас суреттермен). Үшінші кезекте жемістер 
жөнінде қысқа тақпақтар оқып беру. Ондай өлеңдерді оқып, түсіндіру жұмысы ойын түрінде 


615 
615 
өткізіледі. Ол үшін жемістердің суреттері әзірленеді. Ойын басталарда тәрбиеші балаларға 
қандай ойын ойнайтындарын айтады. Тақпақ мазмұнына арналған суреттерді балаларға 
үлестіріп береді. Осыдан соң әр бала өз суретіндегі не нәрсенің бейнесі екенін, оның қайда 
өсетінін (егер жеміс-жидек болса), түсін, формасының қандай екенін түсіндіреді де, сол 
жөніндегі тақпақты айтады. Кейде жемістің түр-түсін, формасын, қайда, қай мезгілде 
пісетінін бір бала, ол жөніндегі тақпақты екінші балаға да айтқызуға болады. 
Заттың түр-түсін, формасын, қажеттілігін, сапасын білдіру ісінде балаларға 
тапсырма беріп орындату, өздеріне тапқызу, атын, оның не үшін қажет екенін сөзбен 
айтқызу тиімді болады. Мұндайда бала сөзге жиі араласып, қимыл-әрекет пен сөзді қатар 
қолданатын болады. Бұл – баланың үйренген жеке сөздермен сөйлем құрап айтуына 
мүмкіндік береді. Мысалы, балаларға бөлмедегі ойыншықтарды бақылатып, таныстыру 
кезінде «Алма, сен үлкен машинаны әкелші. Кішкене машина қайда? Түсі қандай? Мынау 
үлкен доп. Сен кішкене допты әкел. Доптың түсі қандай? Ол қайтеді?» (секіреді, домалайды) 
дегенді айтады. Доптың түсі, формасы қандай, ол не нәрсеге ұқсайды? Осы бөлмеде доп 
сияқты қандай зат бар? Деген сияқты сұрақтарға жауап ала отырып, түсіндіру қажет. Сабақ 
соңында доп туралы өлең айтқызуға және допты домалатып, ойнатуға болады. 
Тәрбиеші қажет затты тапқызып, қайта орнына қойғызады. – Міне, кішкене 
қуыршақ. Сен үлкен қуыршақты әкеліп көрсет. Қуыршақтың көйлегі қандай? Аяғында 
қандай аяқ-киім бар? сияқты сұрақтарды қойып, жауап алу керек. 
Егер тәрбиеші балаларды үй жануарлары және олардың төлдерімен таныстырса 
суретін көрсетіп әңгімелеседі. «Төлін тап, атын айт» деген дидактикалық ойынды ойнатады. 
Сәбилерге үлкен адамдардың іс-әрекетін, еңбек құралдарын, көлік түрлерін 
(трамвай, троллейбус, жүк машинасы мен жеңіл машина, поезд), ауылдық жерлердегі 
көліктердің кімдерге керек, не үшін қажет екендігі жайында айтып берулеріне мүмкіндік 
жасау керек.
Тәрбиеші мұндай жұмыстарды балалармен жүргізе отырып, трамвай, троллейбус, 
машина, паравоз жүргізушілердің еңбектері жөнінде бұл көлік түрлерінің адамға пайдасы 
туралы түсіндіріп, әңгімелеседі. Шофер, трамвай жүргізуші (басқарушы), паровозшы 
(машинист), арбакеш, т.б. сөздерді үйретеді. Бала әр түрлі мамандық жөнінде мағлұмат ала 
отырып, еңбек адамдарын құрметтеуге үйренеді. 
Оқу жылы бойында балалар өздеріне қажетті бұйымдар (киім-кешек, төсек-орын, 
ыдыс-аяқ) жөнінде толық мағлұмат алып, және олардың аттарын бір сөзбен дұрыс атап 
айтып беруге тиісті. Сондай-ақ өздеріне таныс заттардың нақты белгілерін де айтып бере 
алатындай етіп түсіндіру керек. Бала сол заттың көлемін (үлкен-кіші, биік-аласа, ұзын-
қысқа, жалпақ-жіңішке) салыстырып, оның жекелеген кейбір ерекшелігін бір-бірінен 
ажырата білсін. 
Түрлі заттардың ерекшелігі жөнінде түсініктерін қалыптастыру. (Құм құрғақ, сусын 
тез төгіледі. Су суық және жылы болады. Жеңіл заттар суда қалқып жүзіп жүреді. Ауыр 
заттар суға батып кетеді). Кейбір заттарды ыдысқа су құйып, оған салып көрсетіп, қандай 
әрекетті бақылағандары жөнінде сұрай отырып түсіндіру. Тәрбиеші сәбилерге таңертең, 
күндіз, кеш, түн, мұнда, онда, жоғары-төмен, алыс-жақын, алға-артқа, оңға-солға, т.б. 
сөздерді, заттың көлемін «кішкене, орташа, үлкен), санын (артық-кем, тепе-тең, қанша, 
сонша, бірден, біреуден, көп, онда қанша болса, мұнда сонша деген сияқты сандық 
ұғымдарды), жеке сөздерді түсініп, дұрыс қолдана білуге үйретеді. 


616 
616 
Ортаңғы, ересек топтардағы балаларды Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілікке 
тәрбиелеуде қаланың жыл сайын көркейе түскенін, жаңадан салынып жатқан үйлер мен 
мекеме, балабақша, мектептерді көрсету жұмысы іске асырылады. Бұл тақырыптағы жұмыс 
ілгеріде күрделене жүргізілуі тиіс. 
Сондай –ақ Ұлы Отан соғысы кезінде ерлік көрсеткен Қазақстандық батырлар: 
Төлеген Тоқтаров, Нұркен Әбдіров, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова туралы, олардың 
ерліктері жөнінде балаларға әңгімелеп, портреттерін көрсету. С.Мәуленовтың «Бала батыр» 
кітапшасын оқып беру, Б.Қозыкеновтің «Сақшы», Т. Молдағалиевтің «Ұшқыш болам» деген 
тақпақтарын жаттату тиімді. Қазақстан ұшқыштары мен теңізшілері, танкистер, 
шекарашылар туралы шығармалар оқып, өлең-тақпақтар жаттату баланы патриоттық сезімге 
тәрбиелейді. Отан үшін құрбан болғандардың зираттарын құрметтеуге, оларға орнатылған 
ескерткіштерді күтіп, сақтай білуге баулиды. 
Одақтас Республикалардың табиғат ерекшелігін, әдебиеті мен мәдениетін 
бейнелейтін суреттер көрсетіп әңгімелесу. Ол үшін «Біздің кітапқа» енген «Қайырымды 
қоян», «Торғай мен түлкі», «Қайырымды бала», т.б. шығармаларды таңдап алып, оқып, 
түсіндіріп, әңгімелетуге болады. Абай Құнанбаевтың «Жазғытұры» атты суретті 
кітапшысын, Ә. Қастеевтің «Жайлауда» картинасымен таныстырып өтіп, әңгімелеп беру. 
Дыбыстарды анық дұрыс айта білуге жаңылтпаштардың да орны ерекше. Ал
жұмбақ баланың сөйлеу қабілетін дамытады. Жұмбақтың шешуін табу арқылы
заттардың, жан- жануарлардың, киім- кешек аттарын есте сақтау қабілеті күшейеді. Бала
тілін дамытуда мақал-мәтелдердің де алатын орны ерекше. Қазақтың мақал- мәтелдерінің
көбісі елдікті, ынтымақты, жақсы мен жаманды ажыратуға мүмкіндік береді. 
Қазіргі кездегі актуальді мәселе ұрпағымыздың аз ана тілінде еркін сөйлей алмауы
болмағандықтан бүгінгі тәрбиешілеріміз бала тілінде еркін, жүйелі сөйлей білуі қажет. 
Сондықтан, тәрбиеші өз ісін білетін, білімді жетік меңгерген, ізденісі мол,
шығармашылығы шыңдалған болғаны абзал. 
«Баланы бастан деп халқымыз айтқандай болашақ өмір иелері нақты сөйлей
алатын білімді болып өссін десек ерінбей еңбек етіп, балабақша жасынан бастап
оларды, байланыстырып, жүйелі түрде сөйлеуге үйреткеніміз жөн». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет