«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет107/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

Список используемой литературы: 
1.Жумабаева З. «Этнопедагогика: традиции и обычаи народа в воспитании детей.» -
Казахстанмектабi №8 -2004г. 
2.Безруких Т.Т. «Развитие социальной уверенности дошкольников» 
3.Ашиков.В.»Дошкольное воспитание в новом веке» - Дошкольное воспитание 2001№ 
1,4. 
4.Казакова И. «Особенности патриотического воспитания дошкольников» -Обруч 2003 
№ 6. 


254 
254 
ЕРТЕГІ ТЕРАПИЯСЫ ӘДІСІН ҚОДАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
ҰЙЫМДАСТЫРУ АСПЕКТІЛЕРІ
 
Рахтаева Асемгуль Сағынгалиевна тәрбиеші 
№16 «Алтынай» балабақшасы КМҚК Қарағанды қаласы
Ертегі балалық шағымыздан бастап біздің өмірімізге сән беріп келеді. Сірә, қызықты, 
сиқырлы да таңғажайып оқиғалар қызықтырмайтын бір де бір бала жоқ шығар. Ертегілерді 
қолдану тарихтың тереңінен халық ауыз әдебиетінен алғаш бастау алған. Бүкіл әлемде ертегі 
оқу сәбилер мен үлкен адамдар арасындағы қарым – қатынастың ерекше түрі бола отыра, 
білім беретін әрі адамгершілік тәрбие беру түріндегі салт – дәстүр болып табылады. Бүгінгі 
таңда да, үшінші мыңжылдық қарсаңында адамдар саналы түрде ертегілерге салынған білім 
көзіне тартылады. Осы кезде бұл әдіс ертегі терапиясы деген атауға ие болып отыр. Ертегіде 
психологиялық аспекті бар, сондықтан шетел және отанымыздың психологтары өз 
еңбектерінде қолданған. Ертегі дүниені ішкі жағынан ақтарып, кейіпкерді жағымды іс – 
әрекеттері арқылы, көптеген үрейлі жағдайлардан арылтып, баланың сана – сезіміндегі 
қайшылықтарды шешуге мүмкіндік береді. Бала ертегі кейіпкеріне ұқсағысы келген кезде 
ертегі терепиялық әсер етеді. Ертегі жақсылыққа үміт береді де баланың өмірінде болып 
көрмеген бірқатар өмірлерде өзін көз алдына елестеткізеді. Ертегіні оқып жатқан уақыттағы 
елестетіп ойлау арқылы пайда болатын суреттер әр баланың өзіндік жеке екендігіне 
қарамастан, ертегінің феномені балалардың түсіндіруге мүмкін емес таңғаларлық ғажайып 
шытырман оқиғаға қызығушылық болып табылады. Ертегі елестетіп ойлау қабілетін 
қалыптастыруда анықтаушы болмаса да, соңғы рөл алмайтынын атап өтпеуге болмайды. 
Ертегі терапиясы әдіснамасының ерекшелігі негізгі жұмыс бағалау деңгейінде өтетіндігінде. 
Ертегіде мейірімділік пен зұлымдық, жомарттық пен сараңдық, батылдық пен қорқақтық 
сияқты т.б. ұғымдар берілген. Бұның бәрі адамгершілік құндылықтар арқылы бала тұлғасын 
қалыптастырады. Ертегі педагогикада, психологияда және де психотерапияда қолданылады. 
Бұл әдістің қолдану кеңдігі қол жетімділік пен тиімділікте белгіленген. Пезешкиан [2.б. 9-
10] ертегіде көптеген түзету функциялары жатыр деп тұжырымдаған. Ертегі – баланың ішкі 
дүниесінің айнаша атқарылатын символикалық үлгісі деуге болады. Ол балаға мүлде әр түрлі 
әлеуметтік рөлдерді басынан кешуге, ертегі оқиғалары мен нағыз өмір арасындағы 
байланысты айыруға мүмкіндік береді. Ертегі тілі түсінікті, кейде сюжет тіпті өз өміріңнің 
ең қиын деген жағдайларын ашады. [3,б. 41-42]. Бұл жерде балалардың қиыншылықтары мен 
оларды шешу тізбектерін тауып алуға болады. Ертегіде көзге көрінбейтін ұстаз бар екені 
сезіледі, ол сездірмей үйретіп отырады, кейіпкердің қателік жасауына жол бермейді. Балаға 
келіспеушілік жағдайды шешуге болатын жолдарды қарастыруға және де сол немес басқа 
таңдап алған жолдың нәтижесін қарастыруға ұсыныс жасалады. Бұл жағдай баланың 
альтернативті және позитивті ойлау қабілетін дамытады. Одан басқа ертегі қарсы жағдай 
тудырмайды. Тәрбиелік мағынада бала мен үлкен адам арасындағы жағымсыздықты жеңіп 
шығуға мүмкіндік беретін байланыстырушы ретінде әсер етеді. Одан кейінгі баланың 
күнделікті өміріне әрекеті уақытша шектелмейді де, сана – сезімі деңгейінде әсер ете береді.. 
Осипова А.А. [2б.10-11] зө еңбегінде ертегіні оқудан басқа ертегі терапиясын 
ұйымдастыруда қолдануға болатын кең таралған мүмкіндіктерді көрсетті: Ертегі мотиві 
бойынша сурет салу – естегіні бекітуге, кейіпкерді сызба түрінде елестетуге мүмкіндік 
береді. Өйткені, көбіне сөзбен жеткізе алмағанын қағаз бетіне еркін сала алады. Кейіпкердің 
тәртібі мен мотивінің іс – әрекетін талқылау – балаға ертегі кейіпкерлеріне қатысты бағалау 
позициясын алуға, соған байланысты «жақсы», «жаман» категориясын да өзінің бағалау 
жүйесін құруға мүмкіндік береді. Ертегі эпизодтарын ойнау – балаға басқа кәсәге айналуға, 
кейіпкердің көңіл – күйін сезінуге, өз эмоцияларын білдіруді жетілдіруге мүмкіндік беру. 
Қойылымды ойнауға тек балалар қатыспай, қуыршақтарды қолданып ойнауға болады. Ертегі 
мотиві бойынша шығармашылық жұмыс: Ертегі талдамасы – 5 жастан бастап балалар 
естігенін және оқығанын терең өзгерте алады. Педагог оларды ертегі не туралы? Қай 


255 
255 
кейіпкер бірінен де қатты ұнады, неге? Не болды, ал егер...? деген сияқты сұрақтарға 
байланысты талқылау әңгімелеуге итермелеуі тиіс. Әңгімелеу- балаға таныс ертегіні бірінші 
немес үшінші жақтан немесе тіпті ол сол ертегінің кейіпкері болмаса да басқа кісінің атынан 
әңгімелеуді ұсынуға болады. Мысалы, «Асқабақ» ертегісін немере қызы немесе жалмауыз 
кемпір қалай айтып беруші еді. Мұндай тәсіл елестету мен бейнелеу қабілетін дамытады, 
бала өзін басқа адамның орнына қоя алады, ішінен ашылады да өзіне назар аударады. 
Ертегіні қайта жазу, толықтыру – бұл тәсіл сюжет, ертегінің соңы, өзгерістері 
тыңдаушыға ұнамаған жағдайда қолданылады. Оқиғаны өзгертіп кейіпкерлерін алып тастау 
немесе қосу балаға ішкі дүниесін босатып, сиқыршы болуға мүмкіндік береді. Ертегі шығару 
сюжеттің даму заңдылықтарын ескере отырып жүзеге асырылады.. Ертегіде өзінің 
кейіпкерлері туралы, оның өміріндегі қиыншылықтар туралы сөз болып, кейіпкер 
тұлғасының қалыптасуы мен дамуы туралы әңгімеленеді. Онда кейіпкердің ерекшеліктері, 
өмірі, тағдыр тәлкегі, қандай да бір нәтижеге келтірілген таңдаулары туралы айтылып, не 
болса да ертегінің соңы міндетті түрде оптимистік болуы тиіс. Ертегі терапиясы – 
полифункционалды психотехника. Оқытудың мазмұнына байланысты, ертегі келесі даму 
түрлеріне жағымды әсер етеді [1,б. 7-10]. Сенсомоторлы – балалардың өзі сезген көңіл – 
күйін қадағалау қабілетін дамытады; эмоционалды – ерікті – баланы адам өмірінде пайда 
болатын сезімдермен, олардың мағынасы мен маңыздылығымен таныстыру; таным – жұмыс 
барысында келесі психологиялық процесстер дамиды: зейін, есте сақтау, ойлау және де 
қоршаған орта объектілерін зерттеу; қатынас – қарым – қатынас үлгісін және шығармашыл 
өзара іс – әрекет қалыптастыру; шығармашылық – баланың жаңа мүмкіндіктерін ашу. Ертегі 
терапиясы сабағын ұйымдастыруда жұмыстың мақсатын анықтаған өте маңызды: Не 
жоспарланып отыр? Қандай нәтижеге жетеді? Бала қандай қасиетке ие болады? Балалардың 
өмірінде болатын нақты қиындықтар көрсетілген «ерекше» ертегіні таңдау керек: біреуге 
тәуелді болу, тіл табыса алмау, үрейлік, қорқақтық, қоршаған ортаға жағымсыздық, өзіне 
деген бағасы төмен, қайшылық. Ертегі терапиясы сабағын белгілі бір ритуалдан бастап, 
сонымен аяқтау маңызды. Балалар «сиқырлы» нәрселерді бар ынтасын салып орындайды. 
Бұл ритуалдарды әрдайым орындау балаларға қуаныш әкеледі, сабаққа және күнделікті іс – 
әрекеттерге деген көзқарастарын өзгертеді. Балалар адамның қиыншылықтары, өмір 
жолындағы махаббаты, мейірімділік пен зұлымдық, сараңдық пен жомарттық, қуанышы мен 
қайғысы, әділдік туралы сөйлесуді және әңгімелесуді жақсы көреді. Кей кезде олар 
аяушылығымен, кейіпкердің эмоционалды көңіл - күйін дәл түсінумен және ертегіге деген 
қызығушылығымен таң қалдырады. Барлығы «шын емес», бірақ сонда да іс жүзінде болып 
жатады. Ертегілер құдіретті нәрсе: ұйқыға батқызады, қызықтырады, тыныштандырады, 
көңілдендіреді, қолдайды, үйретеді, сендіреді... Ертегі терапиясы – педагогикалық және 
психологиялық тапсырмаларды саны мен сапасы жағынан тіпті ең инновациялық 
технологиялардан кем қалмайтын ғажап психотехника. 
Әдебиеттер тізімі 
1.
Зикевич – Евстигнеева Т.Д. Ертегі терапиясы бойынша тренинг. – СПб: Речь, 2006. 
– С. 7-10 
2.
Стишенок И.В. Тренингтегі ертегі: түзету, дамыту, тұлғалық даму. – СПб: 2006. – 
С8 -14 
3.
Царева Ю.В. Балалардың кемістістігін түзету: Жаттығулар мен ойындар жинағы – 
М: Книголюб, 2008. – С. 41-42 


256 
256 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет