«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет103/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

Литература


243 
243 
1.
Корбакова И.Н. Терешина Л.В. Деятельностный метод обучения: описание технологии, 
конспекты уроков. 1-4 классы.- Волгоград: Учитель, 2010
2.
Купавцев А.А. Деятельностный аспект процесса обучения. Педагогика, №6, 2007
3.
Нугаева Н.П. Деятельностный подход как основа развивающего обучения. Фестиваль 
открытых педагогических идей «Открытый урок», 2010-2011 
4.
Петерсон Л.Г. Деятельностный метод обучения АПК и ППРО, Москва 2007 г. 
5.
Рубинштейн С.Л. Проблемы общей психологии. – М.: Педагогика, 1973. 
6.
Спиваковская А.С. Игра – это серьёзно, М, 1891 
ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЛЫҚ ӘСЕРІН ЖОЮ 
ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚҰРАЛЫ 
 
Сандықбаева О.М. 
ҚМКҚ №139 «Ақбөпе» балабақшасы 
 
Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы кимыл-әрекеті ойын, сондықтан да оның 
мәні ерекше. Қазақ халқының ойшылы Абай Құнанбаев:
-Ойын ойнап, ән салмай,өсер бала бола ма?-деп айтқандай баланың өмірінде ойын 
ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологияның 
ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Бала ойынының психологиялық мәнін және 
ойынға тән ерекшеліктерді көркем бейнерлер арқылы суреттегені де мәлім. 
Баланың іс-әректінің еркеше бір түрі ойынның пайда болуын зерттеушілердің біразы 
өз еңбектерінде өнер және ойын көркемдік іс-әрекеттің алғашқы қадамы деп түсінеді,ойында 
шындықтың көрінісі оның бейнелі сәулесін қылаң береді. Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің 
әр түрлі құбылыстары мен үлкендердің түрлі іс-әрекеттеріне еліктеу екені белгілі. Ойынның 
шартты түрдегі мақсаттары бар, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттер бала үшін 
қызықты. 
Балаларға ақыл ой, адамгершілік, дене шынықтыру, эстетикалық, әлеуметтік тәрбие 
берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Дидактикалық ойын барысында балалар өздерін еркін 
сезінеді, ізденімпаз, тапқырлық әрекеттерін байқатады. 
Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық түсінік 
әлеміне сүңгиді. 
Баланы ойын өсіреді, психологиялық әсерін жояды және әлеуметтік белсенділігін 
арттырады. 
Сондықтанда мектепке дейінгі мекемелерінің оқу-тәрбие ісінде баланың ойын 
үстінде қалыптасатын балалық шақтың түйсігі мен әсері адамның көңіліне өмірбақи 
өшпестей із қалдырады. 
Бала дидактикалық ойын арқылы өзін толқытқан қуанышын немесе ренішін, асқақ 
арманын мұрат-мүддесін бейнелесе, күні ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға 
мүмкіндік алады. Сөйтіп, бүгінгі дидактикалық ойын болсын, сюжеттік-рөлдік қимыл ойын 
болсын, бейнелі әрекет ертеңгі шындық ақиқатқа айналатын кезі аз емес. 
Дидактикалық ойын кезінде баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар 
ойланады, эмоциялық әсерін ұшқындайды, әлеуметтік белсенділігін арттырады, ерік қасиеті, 
қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды. 
Дидактикалық ойын үстінде бір өмірдің өзіндей қуаныш, реніш, сезіміне бөленеді. 
Бірақ бала одан ойын екенін білмейді, түсінік тумайды. Сондықтан шындықтағыдай «сөйтіп, 
бүйтіп көрейік» деуі олардың «ойында ойын» түсінуде жатыр. Осыдан келіп ойын туралы 
мынадай тұжырым жасалды. 
Мақсаты; Оқушыларға дидактикалық ойын арқылы ойлау, сөйлеу,қиялдау , тілін 
дамыту,сонымен өатар өз ойларын толық жеткізе білу, сауаттылығын ашу. 


244 
244 
Міндеті; ойын арқылы балалардың сөз, сөйлемдерді айыру сөзден сөйлем өұрай білу, 
сурет бойынша әңгіме құрап айта алу содай –ақ ойын арқылы әр баланы сөйлетіп, әр 
баланының ортамен қарым – қатынасқа түсуін, ашылуын,тіптен балаларды ойнай білуге 
түстерді айыра білуге үйретеді. 
Күтілетін тәтиже; 
1. Ойын- тәрбие құралы, ақыл- ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды молайтады, өмірді 
танып, сезімді кеңейтеді тәрбиелейді. 
2. Ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді. 
3. Ұжымдық сезім әрекеттері өсе түсеті. 
4. Эстетикалық тәрбие беру құралына айналады. 
5. Еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді. 
6. Дене күшінің жетілуіне көмектеседі. 
Демек, ойын баланы жан – жақты жарасымды тәрбиелеудің психалогиялық және 
физиологиялық негіздері болып табылады.Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қана 
қоймай,оның өмір құбылыстары жайлы таным түсінігне де әсер етеді.Балалар ойын арқылы 
тез тіл табысып, жақсы қғысады, бірінен – бірі ептілікті үйренеді. Ойын үстінде дене қимыл 
арқылы өзінің денсаулығын нығайтады.Жалпы ойынның қандай түрі болмасын, атадан 
балаға, ұрпақтан – ұрпаққа ауысып отырады. Халық ойындары өмір қажеттіліктерінен туады, 
психалогиялық жағынан денсаулық сақтауға негізделген. Тапқыр да алғыр, шымыр да епті, 
қайраттыда қажырлы бала өсіруді армандамайтын отбасы жоқ. Демек ойынның өзі бала үшін 
біліктіліктің, тәлімнің қайнар көзі. Сондықтан жас өрендер ойлай да ойнай да білсін. 
Дидактикалық ойын – оның аты айтып тұрғандай, баланың ақыл - ойын дамытып, 
таным түсініктерді ажыратудағы әдістердің бірі. Ойын арқылы оқыту – мектеп жасына 
дейінгі кезеңнің, негізгі ерекшелігі. Білімді меңгеру және оны бекіту үшін, дағды мен әдет 
қалыптастыруда балаға қайталау және жаттығу қажет. Егер баланың ойлауы образды, 
эмоциялық әсерде болса, ол соғұрлым жақсы нәтиже береді, сондай - ақ білім қызғылықты 
әрекетпен байланысты болса, баланың іс - әрекетімен іштей қабысып жатса, ондай білімді 
бала дұрыс меңгереді. Бала әрбір затты ұстап, дәмін татып, сан рет байқап көреді. 
Балабақшада бала психикасының дамуына ойын әрекеті шешуші рөл атқаратындығы туралы 
белгілі ғалымдар (Ж. Аймауытұлы, М. Жұмабаев,Ш. Құдайбердіұлы, С. Торайғыров, Т. 
Тәжібаев т. б) өз еңбектерінде айтып кеткен. Педагогикалық үрдісті жетілдіруде ойынның 
алар орны жөнінде қазақстандық ғалым Н. Құлжанова да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, 
инстинкт күнделікті негізгі іс - әрекет және өмірі деп дәлелдеген. Н. Құлжанованың айтуы 
бойынша ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатқа пайдалану – болашақ өміріне түзу жол салу, 
үлкендерге еліктеу және өмірдің талаптарына сай бейімдеу деп түсіндірген. 
Ойын – балалар үшін қоршаған ортаны танып-білудің ең жеңіл де ұтымды тәсілі. 
Сюжетті-рөлді ойынның ерекшелігі сол, оны балалар өздері жасайды. Мысалы, “Дүкен” 
ойнағанда балалар сатушы мен тұтынушының, “Кітапханада” кітапханашы мен оқырман, 
“Отбасыда” әке мен бала немесе ана мен бала, “Емхана” ойынында дәрігер мен науқастың 
әрекеттеріне еліктейді. Көптеген балалар дәрігерлерден қорқады. Бала санасында 
дәрігерлердің жағымды бейнесін құруға көмектесетін – “Емхана” ойыны. Ол үшін емделуші 
мен дәрігер рөлдік ойынын пайдаланамыз. Дәрігер міндетті түрде ақ халатта болуы керек 
және тәрбиешінің өзі болғаны абзал. Келесіде дәрігер мен науқастың рөлдерін ауыстыруға 
да болады. Оған заттар дайындалады: дәке, мақта, дәрілер, т.б. Балаларға ойын барысында 
шын дәрілерді, инесі бар шприцті беруге мүлде болмайды, тіпті, бала тәрбиешілердің көз 
алдында болса да рұқсат етілмейді. Қазіргі кезде дүкендерден “Емхана” ойынына арналған 
көптеген ойыншықтарды кездестіруге болады. Олар пластмассадан жасалған және өте 
қолайлы.
Балаларға “103” жедел жәрдемге қоңырау шалуды үйрете отыра, ойын барысында 
ненің қауіпті және ненің қауіпсіз екенін түсіндіріп отырамын. Қуыршақтың іші ауырған 
болса, ең алдымен себебін анықтап аламыз. Себептері мынадай болуы мүмкін: қол жумай 
тамақ ішуі, жемістер мен көкөністерді шала жуып жеуі, кез келген затты ауызына салуы 


245 
245 
сияқты жайттар. Аю аяғын жарақаттап алған болса, жол үстінде ойнауы, оның абайсыздығы, 
т.б. Мұның тигізер кесірін де айта кету артық етпейді. Мысалы: олар енді ұзақ уақыт 
ауруханада жатады. Кей жағдайларда мүгедек болып қалу қаупі де бар деп түсіндіре кеткен 
жөн. Осы ойынды ойнау барысында балалар дұрыс, қате әрекеттерді ажыратуға үйренеді, 
мейірімділік, қайырымдылық, жанашырлық, қамқорлық сияқты сезімдері оянады.
Міне, осындай және басқа да сюжетті-рөлді ойындар барысында балалардың 
танымдық қабілеті қалыптасады, балалар өзін-өзі танып, ойы шыңдалады, қоғамдық 
тәжірибені меңгереді, ұжымдық қарым-қатынасқа үйренеді. 
Дидактикалық ойын баланың қоршаған дүние туралы түсінігін кеңейтіп және оны 
бекітіп нақтылай түседі. 
Бала бақылау, оқыған кітап, естіген ертегі арқылы айналасын таниды. Олардың 
түсінігі алғашқы кезде айқын болмайды. Тәрбиеші баланың түсінігін дидактикалық ойындар 
арқылы нақтылап, дамытып саналы түрде түсінуін өрістетеді. Мысалы, бір заттың түсін 
атаңдар? Бояудың қандай түрін білесіңдер? Үй жануарларының үшеуін атаңдар. Бала 
дидактикалық ойын арқылы әр затқа байланысты жаңа білімді меңгеріп, түсінігін 
тиянақтайды. 
Әрбір дидактикалық ойын ойлай білуге баулып, сөздік қорын өсіреді, ақыл - ой 
қызметін қалыптастырады. 
Дидактикалық ойын адамгершілікке тәрбиелеудің құралы болып табылады. 
Дидактикалық ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді жеңіл келеді. Сондықтан 
дидактикалық ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері мен 
жағдайларын ескертуге ерекше назар аударған жөн. 
Дидактикалық ойын – балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын - айналадағы дүниені 
танудың тәсілі. Ол балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана 
қоймай, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. Педагогикада дидактикалық 
ойындарға былай анықтама беріледі: дидактикалық ойындар дегеніміз – балаларға белгілі – 
бір білім беріп, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру мақсатын көздейтін іс - әрекет. 
Балабақшадағы тәрбиелеу - оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік 
қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде 
еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс - әрекет кезіндегі тілдік қарым - қатынаста қолдана білуге 
жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.
Дидактикалық ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиеленудің психологиялық 
және әлеуметтік негіздері болып табылады. Баланың көңілін өсіріп бойын сергітіп қана 
қоймай, оның өмірі құбылыстары жайлы таным түсінігіне де әсер етеді. Балалар ойын 
арқылы тез тіл табысып жақсы ұғысады, бәр-бірінен ептілікке үйренеді, ойына қарап 
баланың психикасын аңғаруға болады. «Бес саусақ бірдей емес» дегендей әр отбасынан 
шыққан балалардың мінез құлықтарыда бірдей емес. 
Мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін дидактикалық ойынның 
рөлі ерекше.Ойын арқылы баланың болашаққа деген көзқарасы қалыптасады.
Ойын баланың ой өрісін дамытады,балаларды бірлесіп ойнауға үйретеді. Бірлік түбі-
тірлік деп тегін айтылмаған. Бірлесе ойнап отырып,бала қоршаған орта туралы түсінігін 
кеңейтеді. Ізеттілік,ізгілік,инабаттылық бір күнде қалыптаса қалатын қасиет емес. Балалар 
ойын арқылы бір-бірлеріне ізеттілік білдіріп осы қасиеттері өмір бойы жалғасады. Ойын 
баланың жол серігі іспеттес. Қай бала болмасын ойнап өседі.
Тәрбиеші балалардың ойынға деген қызығушылығымен,ынтасымен қатысуын 
қамтамасыз ету қажет.
Тәрбиеші ойын барысында баланың игі бастамасын қолдап,оның бойындағы жақсы 
қасиеттерді өрбітіп қалыптастыру ойын арқылы әр баланы жақсылыққа,ізгілікке баулиды.
Ойын кезінде жолдасының айтқанымен келісіп,оны құрмет тұтудың өзі 
адамгершілікке бастайтын жол.Осыдан келіп ойын туралы мынадай тұжырым жасалды. 
Өмірді танытып сезімді кеңейтеді,тәрбиелейді. Ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі,сөздік 
қорын байытады. Баланың рухани жетілуі мен табиғи өсуінің денесінің дамуы мен ой-


246 
246 
дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді. Әр баланың жеке тұлғасының қалыптасуына 
ізгілік сезімдерінің дамуына ықпалы тиеді. 
Баланың жүйке-жүйесіне психикалық жағынан толықтай дамуына «сөз, ойын, 
көрнекілік» маңызды рөл атқарады. Балаға егерде ойын кезінде, сабақ барысында, басқа бір 
сәтте өзіңіздің айтқаныңызды істейтініне сенімсіз болсаңыз, сөз беріп немесе қорқытуға 
болмайды. «қой тіспе, тыныш отыр, болмайды» деген айқайлардан тұратын әдісін қолдануға 
мүлде болмайды. Балаларға психикалық жағынан жай біртіндеп дамыту керек, ол үшін 
баланы жүйке қызуына алып келетін жағдай туғызбау керек. Баланы сабырлы айтылған 
тілегін мүмкіндігінше орындау кежет. 
Кіріспе әңгіме: Адам-табиғаттың ең керемет бөлігі. Адам өз өмірін сақтау керек, 
сондықтан ол өзін-өзі танып, білуге міндетті. 
Бұл нені білдіреді? Яғни өзге адамнан, досыңнан өзіңнің айырмашылығың бар екенін 
білуің керек. Балалар шашының түсі, көзі, мұрын пішіні жағынан айырмашылықтарын, олар 
қайталанбас дара тұлға екендігін әңгімелеп, айтып береді. Жер бетінде ешқашан 
айырылмайтын екеніне, адам болмайды, сондықтан өз ағызаңды біліп оны сақтау кажет.
Адам денені сау, мықты, күшті яғни бақытты болу кажет. 
-Балалар келіңдер геометриялық пішіндер арқылы адам денесін құрастырамыз: 
балалар орындарында отырып үстел үстінде түрлі-түсті геометриялық пішіндер қолданады. 
Адамның денесі – бастан, мойыннан, кеудеден, жоғарғы және төменгі бөліктерден 
тұратынын меңгертеді. Бастың қандай мүшеден тұратынын еске түсіреді: көз, қас, мұрын, 
ауыз, құлақ, шаш. 
Балалардың қол еңбегі үстел үстінде тұр. Дөңгелек-бас, дөңес төртбұрыш-қыз 
баланың көйлегі, үшбұрыш, төртбұрышқа баланың кеудесі, шаршы төрбұрыш – қол, аяғы. 
Балалар ойын әрекетін өз бетінше орындады тәрбиеші әр баланың жұмысын көріп, 
мадақтайды. Негізгі мақсаты ептілікке баулу, қиялына қанат беру, өз бетімен іскерлікке 
қадағалап дұрыс шешім қабылдауға тәрбиелеу. 
«Жақсы ойын – жақсы жұмыс сияқты, жаман ойын – жаман жұмыс сияқты» деген 
педагог-ғалымдардың айтқандарындай өмірде де қанатты сөз болып кеткен. Сондықтан 
айтарым, баланы ойын өсіреді, балаларға үйретіп, оған өзгеше нәр беріп, жаңартып бір сәтте 
естен шығармағандарымыз абзал. Өткені жас бала ойнай да, ойлай да білсін!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет