«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет111/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

Пайдаланған әдебиеттер:
1.Сарбасова Қ.А. Инновациялық технологиялар.Алматы,2006 
2.Мұқаметқали М. Мұғалімдерді кәсіби педагогикалық инновациялық іс-әрекетке 
даярлау жолдары – Өскемен 2004ж 
3.Кішібаева.Д.Ж.Жаңа педагогикалық технология.Түркістан,2010ж
 
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ
БАЛАЛАРДЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫН 
АРТТЫРУ 
 
Қарағанды қаласы 
ҚМҚК «Алтын сақа» балабақшасы 
Тәрбиеші:М.М.Шабденова 
Дене шынықтыру мұғалімі: Н.С.Сәрсенбаева 
Бүгінгі таңда қоғамымыздың жаңа қарқынмен дамуы, ғылыми-техникалық 
прогрестердің жетістіктері, еліміздің өркениетті елдер қатарынан көрінуі білім беру жүйесіне 
де ықпал етпей қойған жоқ. Оқу қызметінің ұйымдастырудың негізгі түрі – жүйесі екені 
бәрімізге мәлім. Осыған орай менің тәжірибемде сабақтың қалыптасқан дәстүрлі түрінен
басқа, дәстүрлі емес сабақтар түрлері де пайда болуда. Олар көбінесе оқытудың жаңаша
әдістеріне негізделіп құрылуда. Ондағы мақсатым әрбір тәрбиелік мүмкіншіліктерін ескере 
отырып, оны жаңа сапалық сатыға көтеру. Бүгінде оқыту жұмысын осылай ұйымдастыру
мен әдістің жаңалығы басқа ұстаздардың жаңа жағдайға байланысты оқу-тәрбие процесін 
шығармашылықпен пайдаланудың негізгі өлшеміне айналуда. Оқытудың жаңа
инновациялық әдістері мен пәнге байланысты жаңа технологияларды пайдалануға 


266 
266 
итермелейді. Жаңа технология үрдісінің талабы- балаға білім беруде мақсатқа жету,
іс-әрекеттері арқылы ойлау дағдыларын, таным белсенділігін арттыра отырып, баланың
жан-жақты дамуына және жаңалықты тез қабылдауына әсер ету. Біздің
балабақшамыздың негізгі мақсаты-балаларға сапалы білім саналы тірбие беру арқылы, 
денсаулығы мен физиологиялық дамуын қорғау және нығайту.Бала тәрбиесі отбасынан
бастау алды десек те, ғылымға негізделген әдіс-тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие ісі 
көбінесе балабақшадан басталып, жан-жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе
балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы ізгілікті, 
мағынасына өшпейтін із қалдырады. Баланы мектеп алды даярлау үздіксіз білім беру 
жүйесіндегі маңызы мен өзектілігі ерекше мәселелердің бірі болып саналады. Сонымен 
қатар, мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру құралдарын қолданудың да 
маңызы зор. 
Инновация деген ұғым латын тілінде жаңарту, жаңалық, өзгеріс енгізу деген түсінікті 
білдіреді. Оның мәні – білім беруге және өздігінен білім алуға негізделген қабілетті 
дамытады. Қазіргі таңда оқушы- ақпаратпен қаруланған, жан-жақты дамыған тұлға.
Оның білімдік қабілеттерін дамыту үшін біздер, мұғалімдер жан-жақты қаруланған 
болуымыз керек. «Балаға білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа көшіп, жаңа 
білімді ескі білімге байлап беру керек»-деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, оқыту процесіне 
жаңа көзқараспен қарау керек. Осы бағыттарда мектептерде музыкадан теориялық және 
тәжірибелік білім беру жүйесінен біраз тәжірибелер жинақталған, солай бола тұрса да, 
музыка сабағын жүйелі оқыту, әсіресе қазақ балабақшаларында ұлттық бай музыкалық 
мұрамызды молынан пайдаланудың жолдары әлі де көрсетіле берсе артық етпейді. Басты 
міндет-оқыту мен тәрбиелеу. Өз пікірінде көрнекті педагог В. Сухомлинский «Өнер- өнегілі 
, ақылды адамдарды тәрбиелейтін құрал» деп тәрбие үрдісінде өнерге аса көңіл аудару 
қажеттілігін қысқа да түсінікті түрде атап көрсетті. Сырлы да сазды әуендерді бүгінгі күн
әуендерімен, классикалық музыкамен ұштастыра, шығармашылықпен тақырыпты аша
түсіп, оқушыларды музыка әлеміне қызықтыра білу музыка мұғалімінің өз ісінде 
шеберлігін талап етеді. Оқуға ынтасы барды да, ынтасыздарды да, тәртіптілер мен
тәртіпсіздерді де музыка әлеміне қызықтырып, оқушылардың рухани бейнесі, танымын
қалыптастыра отырып, қоғамның саналы азаматы етіп шығару -ұстаздардың басты 
мақсаты.Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео құралдар, компьютер, 
интерактивті тақта, интернет, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар мен оқу
әдістемелік кешендер, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы 
басқалары жатады.
Қазіргі таңда көптеген интерактивті бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер 
құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып қолданыс 
табуда. Осындай құралдардың бірі- мультимедиялық оқулықтарды балабақшаларда
кеңінен пайдалану. Бұл жағдайда мұғалім ә оқу іс-әрекеттерін бастар алдында жиі
көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді.Музыка пәнін оқытудағы жаңа инновациялық 
әдістердің тиімділігі«Қазақстан 2030» стратегиялық бағдарламасы приортитетінің бірі 
ұлттық білім моделін қалыптастыру тенденциясымен және Қазақстан білім беру жүйесін
бүкіл әлемдік білім кеңістігіне кіріктіруіне сипатталатын білім беру саласы болып 
табылады. Қазір бүкіл әлемде индустриялық қоғамнан интерактивті қатынас жасауға оны
жүзеге асыратын техникалық мүмкіндіктерді дамытып отыра алатын информациялық
қоғамға, тасымалдау, тарату және пайдалану қызметтерін атқаратын жаңа қоғамға көшу 
процесі жүріп жатыр. 
Бүгінгі күні инновациялық әдістермен оқытуды қолдану арқылы оқушының ойлау 
қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, құзыреттілігін қалыптастыру, тарихи 
объективизимді ұстана отырып шынайы дерек көздерінен мәліметтерді жинақтау ең негізгі 
мақсат болып айқындалады. 
Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр ұстаз
алдында отырған баланың жас ерекшелігін ескеріп, өзінің шеберлігіне орай таңдап


267 
267 
алады. Міне, осындай оқытудың жаңа технологияларының бірі интерактивті оқыту әдісін
мен өз тәжірибемде қолданып келемін.Мысалы «Құрманғазы»тақырыбында өткен
сабақта «Адай»күйін көз жұмдыра тыңдатып,баланың ойын,түсінігін сұрап,басқа
жолдастарының жауаптарымен салыстырып,содан соң бейнеклипті көрсеттім. Сабақтың
жаңа ақпаратты қабылдау бөлімінде оқушылар тақтада берілген тапсырманы көріп,
түсініп, жауабын тауып,тапсырманы толық,дұрыс орындауға тырысады. Тапсырманы 
орындауға барлық бала қатысады. Әсіресе тұйық, өз ойын жеткізе алмайтын, өздеріне 
сенімсіздеу балалардың өздері жазбаша жұмысты қызыға орындайды.Өйткені
интерактивті тақтаның келесі бетінде ол тапсырманың дұрыс жауабы беріледі,сол
арқылы бала өзінің жауабын салыстыра тексеріп,өзін-өзі бағалайды. Топпен жұмыстану
барысында белсенділік көрсете отырып,топтау,Венн диаграммасына түсіру,сәйкестендіру
әдістерін интерактивті тақтада орындап,уақытты үнемдеуге болатынын көруге
болады.Сабақты бекіту бөлімінде активпультті пайдаланып,уақытты үнемдеу,оқушының
шапшаңдық қабілетін,өз білімінің нәтижесін көруді дағдыландыруға болады.Кластан тыс 
өткізген «Кім зерек?» интеллектуалды ойынында «Кім ойлы?» бөлімінде, «Шешендік өнер» 
бөлімінде берілген тақырыптар бойынша мәтін құрастыру,көпшілік алдында әңгімелеп
айтып беру тапсырылды: 
а) «Тәуелсіздік айшықтары-еліміздің рәміздері» 
ә) «Желтоқсан құрбандары» 
б) «Отаным-Қазақстан» әдістерін қолдану арқылы баланың ойлау,еске түсіру,өз
ойын жетік,түсінікті жеткізуге тәрбиелеу. 
Ұлы педагог М.Жұмабаев: «Баланы тәрбиелеу қылу – тұрмыс майданында
ақылмен, әдіспен күресе білетін адам шығару деген сөз. Қалса өзін, асса барлық адам
баласын әділ жолмен өрге сүйрейтін ер шығару деген сөз. Тұрмыста түйінді мәселелерді тез 
шеше білетін, тұрмыстың тұңғиық теңізін қалын қайратымен шеше білетін, адалдық
жолға құрбан бола білетін, қысқасы адамзат дүниесінің керек бір мүшесі бола алатын төрт 
жағы түгел адам етіп шығару. Бала мұндай адам қыла алу үшін тәрбиені бар күшін, бар 
білімін жұмсап, жалықпай, шаршамай үйрете білуі керек» деген болатын. Олай болса,
ұстаздардың алдында тұрған бірден-бір мақсат балалар алған білімдерін пайдаға асырып, 
өзара әрекет ете алатын азаматтың ұлттық құндылықтарды меңгерген жеке тұлға 
тәрбиелеу.Бүгінгі таңда өскелең ұрпаққа сапалы білім беру барысында осы аталмыш 
технология нәтижелі жетістік, балалар бірінші болып интерактивті тақтаның
педагогикалық мүмкіншіліктерін аса жоғары бағалап, оны іс жүзінде тиімді қолдану
тәсілдерін үздіксіз зерттеу үстінде.
Шынында да, интерактивтік тақта сабақты түрлендіруге көмегін тигізіп, яғни оқытудың 
барлық кезеңінде, әсіресе балабақшадағы оқытуды қызықты да әсерлі өткізуге ықпалын 
тигізеді. Баланы ойлау мен сөйлеу дағдыларына төселдіруде интерактивті әдісі оқыту 
әдісінің бір түрі болып саналады.
Біз осы әдісті пайдалана отырып, балалардаң білімін жетілдіре алдық. Топпен 
жұмыстану барысында белсенділік көрсете отырып топтау, Венн диаграммасына түсіру, 
сәйкестендіру әдістерін интерактивті тақтада орындап, уақытты үнемдеуге болатынын 
көруге болады.Сабақты бекіту бөлімінде активпультті пайдаланып,уақытты үнемдеу,
баланың шапшаңдық қабілетін, өз білімінің нәтижесін көруді дағдыландыруға
болады.Бүгінгі таңда өскелең ұрпаққа сапалы білім беру барысында осы аталмыш
технология нәтижелі жетістік, балалар бірінші болып интерактивті тақтаның
педагогикалық мүмкіншіліктерін аса жоғары бағалап, оны іс жүзінде тиімді қолдану
тәсілдерін үздіксіз зерттеу үстінде. Шынында да, интерактивтік тақта сабақты түрлендіруге 
көмегін тигізіп, яғни оқытудың барлық кезеңінде, әсіресе балабақшада оқытуды қызықты
да әсерлі өткізуге ықпалын тигізеді. Интерактивті оқыту әдістері дәстүрлі оқыту
әдістерінен оқу үрдісінде балалардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы
есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік
қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді.


268 
268 
Интереактивті оқытудың тиімді жақтары: 
Балалар ақпарат алумен қатар өздерінің белгілі бір мәселені шешу жолын
қисынды түсіндіріп береді. Балалар ойларының тереңдігіне талпынады.Ұстаздың 
жетекшілігі арқылы білімдерін әрі қарай дамытады.Осыған орай оқу қызметінің өзім
қолданып жүрген интерактивті оқыту технологиясы - білім берудің болашақ көкжиегін 
кеңейтетініне сенімім зор. Сонымен қатар айтарым, ұстаз ізденісі білім кепілі. Демек жаңа
технологиямен қаруланған ұстаз ғана, өркениетті ел болашағын тәрбиелей алады. 
Жаңа технологияны білім беру саласында тиімді пайдалану балалардың өзіндік 
жұмысының сапасын арттыруға көмектеседі. Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық 
технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан – жақты қолдану, ұстаздың қызметін 
жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдердің пайда болуына мүмкіндік туғызады. 
Осындай жолардың бірі – педагогикалық іс – әрекеттің мазмұны мен формасын толықтыру 
негізінде оқыту үрдісін жетілдіру болып табылады. Интерактивті құралдарды сабаққа 
пайдаланғанда дидактикалық мәселені шешуге көмектеседі. Яғни, базалық білімді меңгеру, 
алған білімді жүйелеу, өзін – өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру, оқуға деген ынтасын 
арттыру, балаларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істеуге әдістемелік көмек
беру, ақпаратты меңгеруін тексеру. Сонымен, интерактивтік тақта сабаққа
қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтауға көмектесміз,демонстрациялық
материалдар даярлау мақсатында интерактивті тақтаны пайдалануды қажеттілігі жоғары. 
Ол оқыту мазмұны, әдісі мен ұйымдастыру түрлерінің өзгерісін тездетеді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет