«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»


ДЕҢГЕЙЛЕП САРАЛАП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ



Pdf көрінісі
бет99/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

ДЕҢГЕЙЛЕП САРАЛАП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ 
СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ 
Айдарбекова К.А. 
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 
Абильдина Б.К. 
Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжі 
Егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан
талыпыныстар оқытудың әртүрлі әдіс -тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз,
барлық іс әрекеттеріне шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта 
алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. 
Бүгінгі күні өзінің білімділігі мен біліктілігін таныта алар дарынды да талапты жеке 
тұлға тәрбиелеу міндеті жалпы білім беретін мектептердің білім мазмұны мен оқыту 
үрдісіндегі жаңа ойлар мен шешімдердің жүйесіне келіп тіреледі. Бұл міндеттің жүзеге асуы
осы жолдарды жетілдірумен байланысты қаралатындықтан, оқытуды баланың жеке бас 
ерекшеліктерін ескеру ұстанымы, тұрғысында ұйымдастыру мәселелері үлкен мәнге ие 
болды. Осының негізінде білім берудің негізгі мақсаты оқушыға білім беріп, білік пен 
дағдыны қалыптастыруға қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде өз алдына жауапты 
шешімдер қабылдай алатын, әр істе белсенді шығармашылық әрекет жасайтын, жылдам 
өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүріп, еркін жұмыс істей алатын жеке 
тұлғаны тәрбиелеу болып табылады. 
Бұл мақсаттың нәтижелі шешімін табу үшін жұмысты үздіксіз білім берудің ең алғашқы 
сатысы-бастауыш білім беру жүйесінен бастағанның маңызы зор Бүгінгі күні бастауыш 
мектептегі оқу пәндерінің мазмұны мен мақсаты оқыту мен тәрбиелеудің жұмыс түрлерін 
ұштастыра отырып, оны одан әрі жетілдіруді өмірмен байланыстыруды міндеттеп отыр. Бұл 
міндет тиімді оқыту құралдарын жетілдіріп, оларды қазіргі уақыт талабына сай жасау 
қажеттілігін көздейді.
Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономикалық дамудағы жаңа стратегиялық 
бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім 
беруге қойылған талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігінде 
білім беру жүйесі, білім берудің мақсаты, мазмұны, технологиясы оның нәтижесіне қарап 
бағаланатындығын және ондай жетістіктен сырт қалуға болмайтындығын өмірдің өзі 
дәлелдеп отыр. Білім берудің бүгіні мен болашағы білімді алып, білік пен дағдылық машыққа 
қол жеткізумен шектелу емес, оны ілгері дамытып жетілдіру және өздігінен іздеп тауып, 
уақытқа лайықты пайдалана білуде дербестік көрсету қажеттігі көзделуде. 
Қазақстан Республикасының білім саласындағы нормативті-құқықтық құжаттары 
адамның шығармашылығын дамытуды басым бағыттардың бірі ретінде қарастырады. 
Сондықтан жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндігін, шығармашылық қабілетін, 
шығармашылық ойлауын әрбір адамның жаңа білімді игеруіне, интеллектісі мен ойлау 
қызметінің артуына қажетті ықпал ретінде дамыту өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. 


230 
230 
Өйткені, қоғамның алға қарыштап дамуы шығармашыл адамдарға байланысты. Бүгінгі 
күнде оқытудың жаңа технологиялары балалардың шығармашлық қабілеттерін дамыту 
негізінде білім беруді көздейді. Бұл мектепке дейінгі кезеңнен бастап баланың 
шығармашылық ойлауын, шығармашылық қиялын дамытуға көп көңіл бөлуді міндеттейді. 
Нәтижелі білім алудың мәнісі сол, мұнда оқушының іс-әрекеті оның жеке басының 
әлеуетін іске асыруға негізделген және оның оқытылатын пәндер мен салаларға сәйкес 
келетін білім алуын талап етеді. 
Сондықтан өмірге жан-жақты дайындалған, еңбексүйгіш, ынталы, шығармашылықпен 
ойлайтын, интеллектуалдық және адамгершілік тұрғысынан бай, жоғары білімді жеке 
тұлғаны оқып-тәрбиелеу қажеттігін дамыту мәселесі тұр. Жан-жақты дамыған жеке 
тұлғаның шығармашылық әлеуетін дамыту оның ой қызметінің шектеусіз қозғалыста 
болуына мүмкіндік туғызады. 
Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда тиімді әдістерді пайдалану арқылы оқушының 
білімге деген қызығушылығын арттыруға, терең ойлау қабілетінің белсенділігін 
қалыптастыруға болады. Бұған дейін оқушы мұғалім мен оқулыққа ғана бағынатын 
тыңдаушыдан өз ойын дәлелдей алатын тұлғаға айналады. 
Бұл технологияның білім үрдісіне енуінің себебі – оқу ақпараттық материал көлемінің 
кеңеюі, оқушы жіктемесі көбейді, барлық оқушыны тек жоғары деңгейде оқыту мүмкін 
еместігін түсіндік. 
Деңгейлік тапсырмаларды енгізудің мақсаты – сынып оқушыларын «қабілетті және 
қабілетсіз» деп жасанды түрде әртүрлі жіктерге бөлуді болдырмау. 
Деңгейлік тапсырмалардың ауқымы өте кең. Оқулықтағы жаттығулар - өтілген ережелер 
бойынша қайталау, пысықтау, бекіту жұмыстарына арналған тілдік, грамматикалық 
жұмыстар жүйесі. Деңгейлік тапсырмалар құрамында мәтіндер, кроссворд, қызықты 
грамматика, тестік сұрақтар, іскерлік ойындар мен тренингтер жүйесі қамтылады. Бұлар 
оқытудың деңгейіне сәйкес оқушыны саралап оқытуға ыңғайлы, әрі оқу бағдарламасы 
бойынша оқушының жас ерекшелігі мен білім деңгейіне сай құрылып, оқулыққа қосымша 
пайдалануға беріледі. 
Оқушыны деңгейге бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады. Балаларға деңгейлік 
тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі және алған білімін жүзеге асыра 
алатындығы тексеріледі. Өз бетімен жұмысты орындауға бейімділігі бақылауға алынады. 
Қорытындысында деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады. 
Оқушының белсенділігі мен іскерлігі артып, шығармашылыққа ұмтылады. Деңгейлік оқыту 
барысында біліктілікке жетеді. 
Алдына қойған мақсаты мен шеберлігін ұштастыра түрлендіріп отыруы тиіс. 
Шәкірттердің қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне сай білім орталарға көмектесіп, қабілеті 
жоғарыларға ерекше назар аударуы қажет. Мұнда деңгейлік оқыту технологиясының маңызы 
ерекше. 
Оқушы тұлғасының дамуына максималды себепкер болу үшін дамыта оқыту идеясы 
бойынша ұстанымдар жүйесі қалыптасқан. Соның ішінен әдебиеттік оқу сабағында 
басшылыққа ала отырып, қолдануға ыңғайлысы мыналар: 
-
Оқыту үрдісінде танып-білуге арналған материалға және оны игеруге оқушының 
қызығушылығын тудыру. 
-
оқытуда білім дайын берілмеуі тиіс, оқушы білім тереңіне қарқынды ой еңбегін қажет 
ететін тапсырманы орындау арқасында өзі жетуі керек. 
-
Жұмысты тексеруде баға оқушының жеткен нәтижесіне емес, оның еңбегінің 
мөлшеріне сәйкес қойылуы керек.
Денгейлеп саралап оқыту технологиясын оқушыларды әртүрлі іс-әрекетке тартуды 
құптайды, сабақта дидактикалық ойындар, пікірталастар, ойлау, қиялдау, есте сақтау, тіл 
байлығын, логикалық ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған оқыту 
әдістерін қолдануды ұсынады. Яғни күнделікті сабақта оқушылардың жоғары білімдік пен 


231 
231 
адамгершілік құндылықтарын арттырсақ, жеке тұлға білімдегі шындықты іздеу, салыстыру, 
дәлелдеу, зерделеу, өз іс-әрекеттерін салыстырып, өзіне-өзі баға беруге дағдыланады. 
Оқушылардың танымдық белсенділігін және оқыту үрдісінде, тілді дамытуда өзіндік 
жұмыстарды жүргізуге көп көңіл бөлінуі керек. Өздігінен жасайтын түрлі оқу жұмыстары 
балалардың белсенділігін арттырады, тапсырмалармен белсенді түрде жұмыс істеуге 
ынталандырады. Өзіндік жұмыс балалардың шығармашылық әрекеті мен ынтасын дамытуда 
және көздеген мақсатқа жетуге мүмкіндік береді. 
Ал жаңа технологиялар дәстүрлі түрде оқытуға жаңаша сипат беріп, оқу материалын 
түсіндіру үрдісін оңтайландырады және балалардың оқуға деген ынтасын арттыруға ерекше 
ықпал етеді. 
Бастауыш сыныпта денгейлеп саралап оқыту технологиясын пайдаланудың тиімділігі 
ретінде мынадай мәселелерді атап өтуге болады:
а) Оқушылар өздеріне қажетті ақпаратты жедел түрде алады; 
ә) Білім сапасын арттыруға септігін тигізеді; 
б) Көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақпен есту мүмкіндіктері болмайтын 
түрлі құбылыстар мен әртүрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік береді; 
в) Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырады, оқу іс-әрекетін белсендіреді; 
г) Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтуге ықпал жасайды. 
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, 
рухани, азаматтық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие 
үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. 
Егер мұғалім жаңаша әдіс-тәсілдерді жүйелі, орынды қолдана білсе, оқушылар өз 
ойларын еркін айтып қорытынды жасай алады, шығармашылық жұмыс жасауға 
дағдыланады, жүйелі білім алады. 
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының қазақ тілі сабақтарында тиімді 
пайдаланудың оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыруда алатын орны ерекше. 
Оқушының ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетеді, танымдық белсенділігі, сабаққа 
қызығушылығы артады, өз бетінше білім алуға талпынады. 
Жас бала не нәрсені болса да білуге құмар, қызыққыш, қолымен ұстап, көзбен көргенді 
жақсы көреді. Оқушылардың қызығушылығын арттыру жақсы ұйымдастырылған сабаққа 
байланысты. Сондықтан, әрбір сабақта бұрыннан белгілі мәліметтерді қайталай бермей
оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру қажет. 
Мұғалім қызықты тапсырмалар жүйесін жасап, тапсырманы шешудің қарапайым 
әдісінен күрделіге ауыстырады. 
Тапсырманың табысты орындалуы және оған дер кезінде жақсы баға берілуі 
дербестіктің қалыптасуына, жетілуіне жағдай жасайды [1]. 
Сабақ үстінде шығармашылық дербестіктің қалыптасуы үшін оқушылар мыналарға 
міндетті: мәселені талқылауда белсенділік көрсету, өз пікірін дәлелдеу және негіздеу, сұрақ 
қоя білу, жолдастарының жауабы мен жазбаша жұмысын бағалау, талдау, өз бетімен өзіндік 
жұмпыс түрін таңдау, танымдық тапсырманың шешімдерін табуда бірнеше нұсқасын 
көрсету, шығармашылықпен дербес жұмыс істей білу, т.б. 
Оқушылардың шығармашылық дербестігін ескере отырып, сабақ жоспарын құру 
ерекшеліктері мен кезеңдеріне тоқтала кетелік [2]. 
1. Шығармашылық сабақ жоспары-мұғалімнің білім беру бағдарламасын жузеге асыру 
құралы. Сондықтан сабақты жоспарлау тақырыпты (бөлім, тарау)жоспарлаудан басталады. 
Мұғалім өзара байланысты бірнеше сабақты: мақсаты, тақырыбы, іс-әрекет түрі, мүмкін 
болатын нәтижелерін ойластырады. Пән бойынша жалпы бағдарлама негізінде және оқылып 
отырған тарау бойынша оқушының мүмкін болатын жетістіктерін болжап, негізгі білімдік 
нәтижелерді белгілейді. 
2. Оқушылардың шығармашылық әлеуетін ескеру. Мұғалім сабақ өтетін сынып 
оқушыларының ерекшеліктерін еске түседі. Өткен сабақтың жетістік жақтарын ескереді.


232 
232 
Оқушының тақырып пен мәселеге байланысты көзқарасын ойша елестетіп, жоспарлап 
отырған сабақтың мазмұны мен құралдарын реттейді. 
3. Тақырып мәселесіне мұғалімнің жеке қатынасын көрсету. Осы мақсатта сабақ 
тақырыбы бойынша мұғалім түрлі кітаптармен танысады, өзіне қызықты мәселелерді іздеп 
табады. Бұл мәселе төңірегінде айтылған пікірлерді немесе кем дегенде бір-біріне қарама-
қайшы 2 ғалым пікірін табуы қажет. Пікірлерді оқушы назарына ұсына отырып, қай 
ғалымның айтқаны дұрыстығын анықтауды ұсынады. Мұндай іс-әрекет оқушының талдау, 
ой қорытындысын жасау сияқты қасиеттерін дамытып, дербес шығармашылық ой-өрісін 
қалыптастыруға негіз болады. 
4. Сабақтың мәнін анықтау. Пәндік мақсаттар мен сабақ мәнінің қатынасын анықтау. 
Сабақ мәні және оқылып отырған тақырып мазмұны әр кітапта түрліше болуын ескеру қажет. 
Бұл жағдайда оқушының жеке ерекшелігі мен қызығуын, жеке білім алу бағдарламасы 
бағыттарын білу пайдалы. 
5. Сабақ түріне және мүмкін болатын шығармашылық нәтижелерге негізделген сабақ 
идеясы жасалады. Оқушының қабілеттерін, жеке ерекшеліктерін көрсетуге мүмкіндік 
беретін сабақтардың бірнеше түрі ойластырылады. 
6. Оқушының жеке өзінің білім мазмұнын «пайда ететін» (дүниеге әкелетін) материал, 
құралдар, әдістер мен тәсілдер таңдалынады. 
7. Оқушының шығармашылық нәтижелерінің білім беру стандарттарымен сәйкес келуі. 
Жоспарланған шығармашылық нәтижеге оқушы алдын ала мәдени-тарихи түпнұсқаларды 
саралайды. Мысалы, тапсырмаларды орындауда оқушы әр ғасырда өмір сүрген ғалымдар 
еңбегімен танысады. 
8. Оқытудың түрлі субъектісіне қатынасы бойынша түрліше дәрежедегі сабақ 
мақсаттары жазбаша құрастырылып, нақтыланады. Оқушыларға қатысты 3 деңгейдегі 
мақсат бойынша мысал келтірсек, олар мыналар: «Өзінің жеке математикалық 
заңдылықтары бойынша сандарды тізіп жаз» (пәндік мақсат); «Заңдылық» ұғымын түсіндір 
(пәнаралық мақсат); «Өз жұмыс мақсатында, әдіс-тәсілдер мен кездесетін қиындықтарды 
тап, графикалық рефлексия тәсілін игер» (әдіснамалық мақсат). 
9. Сабақ құрылымының бірнеше нұсқаларын ойлап табу. Сабақтағы оқушы әрекеті 
алуан түрлі болып ауысып отыруы қажет. 
10. Сабақ жоспарын жасау. Оның үлгі ретіндегі құрылымы мынадай болады: 

сабақ тақырыбы, сыныбы, уақыты; 

сабақ түрі; 

сабақ мақсаттары; 

сабақтың құрал-жабдықтары; 

оқушының жоспарланып отырған іс-әрекетіне бағытталған іргелі білім беру 
нысандары; 

сабақтың негізгі мәселесі (бір немесе бірнеше мәселе жазылады); 

оқушы іс-әрекет түрі мен кезеңдерін минуттық жіктеп жазу; 

сабақтың әр кезеңдеріндегі оқушы тапсырмасын құрастыру. 

Шығармашылық сабақ тапсырмаларының орындалуы түрліше болуы үшін 
бір-біріне ұқсамайтындай тапсырма дайындалады: 

тапсырманы орындаудағы мүмкін болатын нәтижелері (нәтиженің 2-3 вариантын 
көрсету керек); 

қарастырылып отырған мәселенің тарихи – мәдени нұсқаулары; 

суреттер, тапсырмалар, кесте, сызбалар; 

оқушы іс-әрекетіндегі рефлексия бойынша тапсырмалары; 

бақылау түрі және сабақты бағалау; 

үйге тапсырма (әртүрлі варианттағы өзіндік жұмыс); 

оқушыларға ұсынылатын материалдар (оқулықтар, т.б.) 


233 
233 

мұғалімнің сабаққа дайындалу кезеңінде пайдаланған әдебиеттер тізмі, түрлі дерек 
көздері. 

өткізілген сабақты талдау формасы, сабаққа қатысқан мұғалімдер мен оқушылардың 
пікірлері бойынша қорытынды. 
Шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыруда, яғни шығармашылық тапсырмаларды 
іріктеуде қойылатын әдістемелік талаптар: 
1. Шығармашылық тапсырмалар мазмұнының пән бағдарламасында белгіленген оқу 
материалынан асып кетпеуі керек. 
2. Шығармашылық тапсырмаларды орындау үшін пән бағдарламасында көрсетілмеген 
ұғымдар мен заңдылықтардың қажет болмауы шарт. 
3. Шығармашылық тапсырмалар мазмұны танымдық сипатта, яғни оқушының ой-өрісін, 
қиялын т.б. дамытатындай, соған байланысты іс-әрекеттің түрлі амалдарын қолдана 
алатындай білік қалыптастыруды көздеуі қажет. 
4. Шығармашылық тапсырмаларды құрастыруда оқушының дара ерекшелігін, 
әдебиетке құштарлығын есепке алу қажет. 
5. Шығармашылық жұмыстарды орындау нәтижесі оқушының «Ана тілі» пәнінен 
алатын білімін тереңдетуге, пәнге қызығушылығын арттыруға бағытталуы тиіс.
Шығармашылыққа жетелейтін әдістер. 
1. Бақылау сұрақтары арқылы шығармашылыққа үйрету әдісі. 
2. Қарама-қайшылықтарды шешу әдісі. 
3. Сиқырлы объектілер әдісі. 
Бақылау сұрақтары арқылы шығармашылыққа үйрету әдісі.
Бұл әдіс – жазба жұмыстар жазуға үйретуде таптырмайтын құрал. Сұрақтар арқылы 
жазушы, яғни оқушы монолог түрінде жауаптар жазады. Берілген тапсырмаға қарай сұрақтар 
да ауысып отырып, олар болашақ әңгіменің, шығарманың желісін түзеді. Мысалы, «Менің 
отбасым» тақырыбындағы жазба жұмысын сұрақтары төмендегідей болуы мүмкін. 
Менің отбасым (ой түрткі сұрақтары) 
1. Отбасы дегеніміз не? 
2. Отбасы деген сөзді естігенде сенің көз алдына кім, не келеді? 
3. Отбасынды ойлағанда қандай бейнелер көз алдына елестейді? 
4. Қандай дыбыстар естіп, иістерді сезіп отырсың? 
5. Дәл қазір қандай сезімге бөлеңдің? 
6. Адамға отбасы неге керек? 
Ал шығармашылықтың алғашқы кезеңінде оқушыларға ойдан ертегі шығаруға 
төмендегідей сұрақтар тізбегі жақсы көмектеседі: 
1. Ертеде Кім? Не? өмір сүреді? 
2. Ол кіммен дос болады? 
3. Олар қайда барады? 
4. Кімді? Нені? Кездестіреді? 
5. Жаңа таныстар қандай екен? 
6. Кездесу қалай аяқталады? 
Келесі екінші әдіс қарама-қайшылықтарды шешу әдісі арқылы оқушыға өмірде «жақсы» 
деп қабылдаған заттың немесе құбылыстың екінші «жаман», «жағымсыз», «тиімсіз» жақтары 
да болатындығын зерттеу арқылы білдіруге болады. Қарама-қайшылықтарды шешуде 
«жақсы», «жаман» ұғымдарын дәйекті түрде дәлелдей алу талап етіледі. Мысалы мынадай 
тапсырмалар: 

Компьютердің пайдасы мен зияны. 

Көрші үйдегі музыка үні, жақсы, жаман жақтары. 

Ас – адамның арқауы немесе қатты тойып жеу. 

Орман іші керемет, бірақ. 


234 
234 
Қарама-қайшылықтар шешу әдісіне «Ұқсастық пен айырмашылық», «Қарсы сөздер» 
тапсырмаларын да беруге болады. Мысалы, таңертең – кешке, аштық – тоқтық, сиыр – 
жылқы, өтірік – қателік, сәтсіздік - жетістік сөздерін оқушылардың жеке ойын білуге болады. 
Келесі әдіс – сиқырлы объектілер әдісі, яғни оқушыларды образды сөйлеуге 
машықтандыру, өмірде бола бермейтін, орын алмайтын заттар мен құбылыстардың қиял 
арқылы қисының келтіріп, балалардың сүйікті ісіне айналдыру әдісі. Мысалы, сен ұшып келе 
жатқан ұшақ бұзылып, ұшуға жарамай қалды да саған кенеттен қос қанат бітті. Сен не істер 
едің? Ойын әр оқушы өз қиялымен қызықты да, тартымды етіп жалғастырады. Оқушы 
жауаптары ішіндегі тапқыр ойлар оның шығармашылығының белгісі. 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
Қабатай Б. Бастапқы сынып мұғалімдерін оқушының шығармашылығын басқаруға 
дайындау.//«Бастауыш мектеп».- 2004. - №11. 
2.
Тұрғынбаева Б.А. Оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының 
шығармашылық қабілетін дамыту. П.ғ.к...дисс.автореф. -Алматы, 1998. - 26 б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет