322
322
қажет. Үйреншікті, дайын әдіс-тәсілдер бүгін баланы қызықтырмайды. Сондықтан қайткенде
баланың ойына, сезіміне серпіліс ендіруді мақсат етіп кою керек. Сан алуан әрекет арқылы
ақыл-ойды ұштау, жетілдіру, жеке тұлғаның өзіндік идеясын, көзқарасын, сенімділігін,
жауапкершілігін біртіндеп дамыту жолдарын іздестіру — осының бәрі бүгінгі
қажеттілік. Нағыз өз ісінің шебері ғана жоғарыжетістіктерге бола алады. Ал білікті маман
болу үшін көп ізденіс керек екені даусыз.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты –
қоғамның нарықтық қарым – қатынасқа көшу кезінде саяси – экономикалық және рухани
дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер, өмірге
икемделген, жан – жақты мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру»,
- деп тұжырым
жасады.
«Адам өзін - өзі жетілдіруге де, жоюға да қабілетті. Адамның өз болмасын тануға,
ұмтылуға көмектесіп, тереңде жатқан талап тілегін, қабілеттерін дамытуға тиіс.сол
арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды
мақсаты болып табылады»- деп көрсетілген Қазақстан Республикасы білімді дамыту
тұжырымдамасында.
Мен ұстаз ретінде әр оқушыны болашақ азамат ретінде бағалап, осы
тұжырымдаманы өз қызметімде басшылыққа аламын. Қазіргі жаңа заманда әр балалардың
заман талабына сай әлемдік дәрежеде білімді меңгеруі үшін шығармашылық қабілетін
дамыту – ең басты міндетім.
Достарыңызбен бөлісу: