Әдебиеттер
1. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты ұсынысы,
2013 ж., 23 ақпан
2. Крутецкой В.А. О проблемной обучении. Вып.,1, Москва: Высшая школа, 2006г.
3. Курт Мередит, Джинни Стил, Чарлзь Тэмпл, Скот Уолтер. Оқу
мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Әдістемелік құрал. Алматы, 2014.
ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР НЕГІЗІНДЕ
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ
Шаушекова Б.К.,Ишанов П.З., Турганбекова Н.Н.
Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ
Қоршаған орта жайында білім беру – сол ортаның жәй-күйін және онымен байланысты
проблемаларға жауапкершілікпен қарап, оларды дер кезінде шешуге қамқорлық жасау
процесі. Мұндай жұмыс түрлерін табиғат қорғаудан жан-жақты дайындығы бар мұғалімдер
ғана атқара алатыны белгілі.
Оларға біріншіден, экологиялық факторлар және әлеуметтану мен адам экологиясының
өзара байланысының негіздері туралы білім беру керек. Екіншіден, мұғалімдер қоршаған
ортаның проблемаларына сын көзімен қарап, оны сақтай білудегі оқушылардың іс-әрекет
дағдыларын қалыптастыра білуі тиіс. Үшіншіден, мұғалімдердің арнайы экологиялық білімі
болуы үшін мұғалімдердің білімін жетілдіру және қайта даярлау институттары жанындағы
арнайы курстардан өтуі қажет. Төртіншіден қазіргі техникалық құралдар мен оқытудың
жаңартылған яғни педагогикалық технологияның әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана білуі
шарт.
«Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігін
сақтау тұжырымдамасы» [1] (2003 ж.) еліміздегі толассыз белең алған экологиялық ахуалды
жақсартудың жаңаша мүмкіндіктерін айқындады. Қабылданған тұжырымдаманың
маңыздылығы сонда, дүниежүзілік тұрақты даму шеңберіндегі экологиялық проблемаларды
оңтайландыра отырып, Қазақстандағы экологиялық ахуалды жақсартудың тиімді бағытының
бірі яғни үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесіне ерекше мән берді.
Жалпыға бірдей экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсат-міндеттерін
республикамыздың үздіксіз білім беру жүйесінің барлық сатыларында жүзеге асыруды,
жастардың табиғатқа жауапкершілік қарым-қатынасын қалыптастыруды, мектепке дейінгі
мекемелер мен бастауыш сыныптардан бастап жоғары оқу орындарына дейінгі аралықта
жүргізуде мұғалімдерге жаңаша талаптар қойылып отыр.
Бұл орайда ғалым И.Д.Зверев [2] (1993) экологиялық білім мен тәрбие беруде
мұғалімдерге қойылатын негізгі үш талапқа ерекше көңіл бөледі. Біріншіден, мұғалімнің
алдында табиғат және қоғам туралы сезім, жауапкершілік болу керек. Мұғалім әр адамға,
болашақ ұрпақтың табиғатты қорғау қажеттігін түсіндіре білуі қажет. Екіншіден, мұғалім
өзінің өмірі мен қызметінде табиғаттың жанашыры ретінде басқаларға үлгі бола білуі тиіс.
Үшіншіден, әрбір мұғалім экологиялық біліммен қарулануы шарт. Ғалымның мұғалімдерге
қойған үш талабы бойынша әр педагог баланың табиғатқа деген сезімін, қызығушылығын
қалыптастыруда үлкен жауапкершілікпен қарауға міндетті.
Ғалым Е.М.Кудрявцева [3] экологиялық білім берудің психологиялық аспектісін
қарастырып, оны іске асырудың қажеттілігі мен табиғатты қорғаудағы мұғалім бойындағы
317
317
сенімге ерекше мән беріп, оның негізгі компонентіне баса назар аударады. Олар бірнеше
компоненттерге бөлінеді:
- интеллектілік (ойлылық) компоненті: сенім негізіндегі экологиялық білімді
дүниетанымдық сипаттағы іскерлік қарым-қатынас тәсілдерін меңгеруі;
- жеке даралық компоненті: қатынас пен бағалаудың себебі – табиғат қорғау әрекетіне
мақсат қою және себептің дәлелі, моральдық бағыттылығы, табиғатты қорғау қажеттілігін
ұғыну;
- ішкі дайындығы: субъектінің өзіндегі бар біліміне сәйкес ниеттенуге
байланыстылығын ұстанған жолының әрекетке дайындығы.
Осы компоненттердің әрқайсысының өзіндік мәнін ұғыну, олардың органикалық
бірлікте
болуын
қастамасыз
ету,
табиғатқа
жауапкершілік
қарым-қатынасын
қалыптастыруда оқушының жеке басы қасиетін ескере отырып жүргізуге негіз болады.
Қазіргі уақыт талабы тұрғысынан қарастыратын болсақ, бүгінгі мектеп оқушыларының
жаңалық атаулыға жаны құмар, интеллектуалдық деңгейі жоғары тұлғалар. Ал, бұл өз
кезегінде экологиялық білім берудегі педагогикалық оқыту технологиясының қажеттілігін
айғақтайды.
Демек, педагогикалық технология – кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады.
ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша, педагогикалық технология- бүкіл оқыту үрдісі мен
білімді техникалық адам ресурсын, олардың бір-біріне өзара әсерін, білім берудегі формасын
оңтайландыру міндеттерін ескере отырып меңгеруді жүзеге асырудың жүйелі әдісі.
М.В.Кларин [4](1989) «Педагогикалық технология – бұл педагогикалық мақсатқа қол
жеткізу жолдарындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық
құралдардың жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті» - деген болатын.
Соңғы жылдары республиканың мектептерінде кеңінен қолданылып, оң нәтижеге
жетіп жүрген технологиялардың бірі Ж.Қараевтың [5] «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік
жүйесі» атты педагогикалық технологиясы. Аталған технологияның ерекшелігі мазмұнды
саралап, деңгейлік тапсырмаларды орындау процесі кезінде мұғалім шеберлігі арқылы
жүзеге асады.
Мәселен, дәстүрлі оқытуда мұғалім оқушыға дайын, дұрыс ақпаратты беретін, оқушы
тек соны тыңдап, қабылдап отыратын. Сабақта көбінесе репродуктивті әдістер (түсіндіру,
сұрақ-жауап, жаттығулар орындау т.б.) қолданалатын. Бұл технология бойынша сабақта
проблемалық оқыту іске асырылады (проблемалық жағдаятты шешу, балаға ой тастау, «миға
шабуыл», дебаттар т.б.).
Мұғалім сабақта басқарушылық міндеттер атқарады, оқушыға бағыт-бағдар беріп,
әрбір оқушының жеке мүмкіндіктерін, қабілеттерін, қызығушылықтарын анықтауға негізгі
көңілді бөледі. Оқушының қызметі көптеген тұлғалық қасиеттеріне қарай бағаланады
(интеллектуалды дамуы, дербестігі, белсенділігі, жауапкершілігі т.б.) Әрбір оқушының
дамуы басқа оқушымен емес, өзімен салыстырылып, өзін-өзі бағалауға мүмкіндік беріледі.
Бұл технологияда жеке және топтық оқыту түрлері қамтылады.
Топтық оқытудың негізгі мақсаты – оқушыларды шағын топтағы бірлескен жұмыстарға
тарту, бұл топта оқушы өз даралығын жоғалтпайды. Қажетті жағдайда оқушылар бір-бірінен
көмек сұрай алады, ортақ міндеттерді шешеді т.б. Мұндай жағдайда әрбір оқушы тек өзінің
жетістіктерін бағалап немесе кемшіліктерін түсініп қана қоймайды, сонымен бірге ортақ
нәтижедегі өзінің үлесін де көріп бағалай алады.
Жеке оқыту түрі оқушыға кейбір тапсырмаларға тереңінен тоқталуға мүмкіндік береді,
өзінің де, мұғалімнің де алдында тапсырмаларды орындау нәтижесіне жауапты болуға
үйретеді. Оқытудың бұл түрлерінің негізгі көрсеткіші – оқушыға сенімділік, өзіне жауап беру
қабілетіне сүйену, ар-намыс және өзін-өзі сыйлау, бағалай білу қасиеттеріне ынталандыру.
Аталған технология бойынша күнтізбелік жоспарды жасау барысында ең алдымен
барлық тақырыпты модульге бөлу керек. Модуль дегеніміз не?
Модуль– бұл үлкен, ауқымды тақырып немесе бірнеше параграфтан тұратын тарау. Бұл
жоспарлаудың ерекшелігі, әрбір тарау (немесе модуль) үш қорытынды сабақпен аяқталады:
318
318
деңгейлік тапсырмалардан тұратын тақырыптық өзіндік жұмыс; коррекциялық жұмыс;
деңгейлік тапсырмалардан тұратын бақылау жұмысы.
Бұлсабақтар не үшінкерек? Дәстүрліоқытубойыншабақылаужұмысынабірсағатберіліп,
оданкейінқатеменжұмысқабірсағатбөлінетінеді.
Мұндайжағдайдаоқушыдаөзбіліміндегікемшіліктердіқаншалықтыжойғанындәлелдеуге
мүмкіндік болмаған.
Сол себепті бұл технология бойынша міндетті түрде бақылау жұмысына дайындық
ретінде бір сағат өзіндік жұмысқа және бір сағат коррекциялық жұмыстарға бөліну керек.
Бұл екі сағатты бағдарлама бойынша берілген жалпы сағат көлемімен мазмұны бір-
біріне жақын жақын тақырыптарды біріктіру немесе сабақтастықта жүргізу арқылы
шығаруға болады. Егер сағат саны шектеулі болса, онда жарты сабақ өзіндік жұмысқа және
жарты сабақ коррекциялық жұмысқа бөлінуі керек.
Енді үш кезең бойынша сабақтың өту барысына тоқталатын болсақ:
1 кезең:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй жұмысын тексеру.
3. Өткенді пысықтау.
Мақсаты: өткен тақырып бойынша деңгейлік тапсырмаларды аяқтау дәрежесін тексеру.
Бұл жерде үздік оқушылар өз дәптерлері бойынша басқа оқушыларды тексереді. Тексеруден
соң әрбір оқушы сыныптағы және үй жұмысының жалпы балын санап, мұғалімге айтады.
Мұғалім әрбір оқушының балын «ашықжурналға» жазып, тиісті бағасын қояды.
Бұл технологияның бір ерекшелігі: өткенді пысықтауға арналған материалды
оқушылар үйде қайталап, жаңа тақырыпты меңгеруге үйден дайындалып келеді.
Мұның тиімділігі неде?
Біріншіден, уақыт үнемделеді, өйткені дәстүрлі оқыту бойынша оқушылар қойылған
сұраққа жауап білмесе, мұғалім өзі түсіндіріп, уақыт жоғалтатын еді.
Екіншіден, егер мұғалім жүйелі түрде өткенді пысықтауға арналған тапсырмаларды
орындауды талап етсе, оқушының барлығы, соның ішінде нашар оқитын оқушы да
дайындалып келуге мәжбүр болады, нәтижесінде әрбір оқушының белсенділігі мен
жауапкершілігі артады.
ІІ кезең: Өз бетінше жаңа тақырыпты меңгеру.
Бұл жерде өзіндік жұмыс ұйымдастырылады. Мәселен, оқушыға 5 сұраққа жауап беру
ұсынылады (сұрақтар параққа жазылған, әрбір оқушыға немесе жұпқа, немесе топқа
беріледі).
Сұрақтарға жауап беру үшін оқушылар алдымен өз бетінше мәтінді (жаңа тақырып
бойынша) оқиды. Мысалы, мынадай тәсілді қолдануға болады, «Табиғат сенің өз үйің»
тақырыбы бойынша оқушылар мәтіннің бір бөлігін оқиды да, түйінді сөздерін дәптерлеріне
жазып алады.
Мұғалім оқушылардың қолдарына парақ пен қарындаш алып, осы мәтіннің негізгі ойын
білдіретін 5-6 сөз жазуларын талап етеді. Соңынан мұғалім парақтарды жинап алып, өзі
алдын-ала даярланған түйінді сөздермен салыстырады. Кімнің осы түпнұсқамен сәйкес
келген сөздері көп болса, сол жеңімпаз деп танылады.
ІІІ кезең: Деңгейлік тапсырмалдарды орындау. Оқушыларға үш деңгейлік тапсырмалар
ұсынылады:
1-ші деңгей - оқушылық (репродуктивтік), стандарт.
2-ші деңгей - алгоритмдік, орташа қиындық.
3-ші деңгей - эвристикалық, күрделі.
1-ші деңгейде оқушылар репродуктивтік әрекеттер жасайды. Олардың қызметіне
мұғалімді мұқияттыңдау, бақылау, нұсқау бойынша практикалық әрекеттерді жасау жатады.
Бұл деңгейде олардың ұғымдарды, ережелерді білу және оларды үлгі бойынша қолдана білу
талап етіледі. (Сұрақтар түрі: Не? Қашан? Қайда? Неге? Тапсырманыаяқтат.б.).
319
319
2-ші деңгейдің тапсырмалары оқушылардан өз білімдерін түрлі жағдайда қолдана
білуін қажет етеді. Бұл жерде оқушының танымдық қызметіне оқу материалын өзгерту, оны
сыни тұрғыдан ұғыну, шешім қабылдаудың тиімді жолдарын іздеу, білімді салыстыру
жатады. (Тапсырмалар түрі: түсіндір, әңгімелеп бер, салыстыр, талдат.б.)
3-ші деңгейде оқушылар танымдық – ізденушілік сипаттағы, білімнің тереңдетілуіне
бағытталған тапсырмаларды орындайды. Бұл тапсырмалар оқушылардан жаңа әдістерді
пайдаланып, білімдерін қалыптан тыс жағдайда қолдана білуін талап етеді. (Тапсырмалар
түрі: өз ойыңды айт, пайдасы мен зиянына тоқтал, қорытынды шығар, сәйкес келедіме,
жетістігін сипатта т.б.).
1-ші деңгейдің тапсырмаларын барлық оқушы (үлгерімі төмен де, жоғары да)
орындауға міндетті. Бұл дегеніміз мұғалім барлық оқушыға бірдей қарайды, оларды алдын-
ала қабілетті және қабілетсіз деп бөлуден аулақ болып, оқушы көңіліне кірбің келтірмейді.
Әрі барлық оқушы мемлекеттік стандарт білімін меңгергеніне кепілдік болады.
Деңгейлік тапсырмаларды орындауды оқушылар барлығы бір уақытта бастайды және
әрқайсысы өз білім шыңына өзінің жеке қабілеттеріне қарай жетеді. Әрбір оқушы жоғары
деңгейге жетуді мақсат етеді, өйткені әрбір деңгейлік тапсырманы орындағаны үшін оқушы
балл жинап отырады.
Демек, жоғарыда айқанымыздай бұл жоспарлаудың ерекшелігі үш қорытынды
сабақпен аяқталады:
а) өзіндік жұмыстың алдында оқушыларды сабаққа дайындау қажет. Ол үшін мұғалім
өткен тақырыпты ауызша қайталап, өзіндік жұмыстың көлемі және мазмұны, мақсаты және
орындау техникасы туралы нұсқаулар береді. Мұғалім барлық оқушы жұмысты қалай
орындау керек екендігіне көз жеткізуі керек. Үлгерімі баяу немесе төмен оқушыларға ерекше
көңіл бөлінеді. Қажетті жағдайда мұғалім қосымша түсініктер береді;
ә) коррекциялық жұмыс кейінгі сабақта модуль бойынша кемшіліктерді жоюға арналып
өткізіледі. Мұғалім барлық тапсырманы дұрыс орындаған оқушылармен бірге үлгермеген
оқушыларға көмектеседі, өтілген тақырыптың түсініксіз жерлерін түсіндіреді;
б) бақылау жұмысы тапсырмалардың орындау барысын және оның нәтижесін мұғалім
қатаң бақылайды және бағалайды. Бұл сәтте оқушының жинаған балы бақылау жұмысының
нәтижесі бойынша төмендеуі мүмкін, себебі бақылау жұмысын оқушы өз бетінше, басқа
адамның көмегінсіз, мұғалімнің қатаң қадағалауында орындайды.
Сонымен кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылатын педагогикалық технология
яғни білім беру жүйесін инновациялауда қазіргі оқу-тәрбие процесіне тың өзгерістер
енгізумен бірге мұғалімнің шеберлік дағдысын жетілдіруге бағытталған, сол арқылы
мәселені шешудің өзіндік, соны жолын табуда белсенділік танытатын, шеберлік келбеті
қалыптасқан мұғалімдер санының артқандығын байқауға болады.
Белгілі ғалым М.М.Поташник [5] педагогикалық шеберліктің көрініс беретін мүмкін
жағдайларына: мәселені шешуде қалыптан тыс тәсілдерді қолдану; жаңа әдістерін,
формаларын үйлесімді қолдана білу; нақты білім негізінде сәтті импровизация жасай білу
дағдыларын жатқызады.
Сол себепті, педагогикалық технология негізінде экологиялық білім берудегі
мұғалімдердің мынадай шеберлік іс-әрекет дағдылары оқу-тәрбие процесінің өн бойында
көрініс табуы тиіс: шеберлік дағдысын дамытудың әлеуметтік және тұлғалық мәнін түсіну;
шеберлік идеяларын жүзеге асырудағы белсенділігі; қарым-қатынас мәдениетін сақтай білуі;
оқу-тәрбие процесінде енгізілетін теориялардың теориялық, психо-педагогикалық негіздерін
білу; оқу-тәрбие процесінде ендірілетін жұмыстың мазмұнын біліп, ұйымдастыру әдістерін
меңгеру; өзін шеберлік іс-әрекеттің субъектісі ретінде көрсете білу;өзінің іс-тәжірибесінен
әдістемелік нұсқаулар дайындау, т.б.
Жалпы, біздің ойымызша, мұғалімнің шеберлігі дегеніміз – кәсіби, тұлғалық, рухани
сапалар жиынтығынан тұратын, заманауи оқыту технологиялар негізінде, педагогикалық
шеберлікті жүзеге асыруға негіз болатын мұғалімнің кіріктірілген жеке қасиеті.
320
320
Достарыңызбен бөлісу: |