Сабақтың тақырыбы: Сезім мүшелері Сабақтың мақсаты: Сабақтың міндеттері



Дата26.08.2017
өлшемі61,63 Kb.
#28322
түріСабақ
Сабақ жоспары

Пән: Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Сезім мүшелері

Сабақтың мақсаты:

Сабақтың міндеттері:

1. Адамның сезім мүшелері туралы түсініктерін кеңейту, көз, құлақ, мұрын, тіл, тері сезім мүшелері олардың маңызы, атқаратын қызметі туралы түсінік беру.

2. Оқушылардың ой – өрісін дамыту, өз ағзасы туралы білім-білік дағдыларын кеңейту.

3. Сезім мүшелерінің адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсінік бере отырып, сезім мүшелерін сыртқы қауіптерден қорғауға тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.



Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Оқыту әдіс-тәсілдері: Сөздік әдіс, әңгіме, сұрақ-жауап, әңгімелесу әдісі, көрнекілік әдісі.

Көрнекілігі: слайд.
Сабақтың құрылымдық жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Амандасу

2. Түгендеу

3. Сабаққа әзірлігін тексеру



ІІ. Үй тапсырмасы

Сұрақтарға жазбаша жауап беру.



ІІІ. Жаңа сабақ.

Оқулықпен, дәптермен жұмыс



ІV. Бекіту.

Семантикалық картаны толтыру.



V. Қорытындылау.

1. Сабақты қорытындылау

2. Оқушылардың білімін бағалау

3. Үйге тапсырма беру

4. Сабақты аяқтау
Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психолологиялық дайындық

Қане, түзу тұрайық, Тік ұстап бойыңды.

Кесіндіні құрайық. Жоғары соз қолыңды.

Сәуле болып созылып, Соз қолыңды тағы да,

Нүкте болып қалайық. Жеткіз айға-ғаламға!

ІІ. Үй тапсырмасы

-Ауызша сұраймын. (Жүйке жүйесі)

-Қайталау сұрақтарына жауап жазғызу.

ІІІ. Жаңа сабақ.

-Үнтаспадан түрлі дыбыстарды тыңдау: сиырдың мөңірегені, музыка

-Осы дыбыстарды  қалай ненің көмегімен анықтаймыз?

- Дыбыстар сендерге қалай әсер етеді?

-Күнделікті тағы қандай дыбыстарды естисің, сол туралы әңгімеле.

-Оқушылар көздерін жұмып отырады, олардың қолдарына түрлі заттарды береді. Заттың қасиеттерін анықтау.

-қолдарыңа берілген заттың несін анықтай алмадыңдар? (түсін) .

- Көз арқылы тағы нені көреміз?

-Көз көрген, құлақ түрген, мұрын сезген, тіл иірген, тері тітіркенген – деген сөз тіркесерін пайдалана отырып, олардың ішінен зат есімдерді табу.

-Жаңа тақырыпты хабарлау.

Не? – көз не?- құлақ не? – мұрын не? – тіл не? – тері


Сезім мүшелері

Бірінші сезім мүшеміз – к ө з.

кірпік

қабақ

қас




Көз қорғаныштары



Екінші сезім мүшесі – қ ұ л а қ
Тепе – теңдікті ұстаймыз Дыбысты естиміз
Үшінші сезім мүшеміз – м ұ р ы н

Мысалы: раушан гүлінің иісін, түрлі тағамдардың иісін иіскей отырып әр түрлі иісті ажыратады.


Төртінші сезім мүшеміз – т і л

Дәмді ажыратады

Т і л

Қорғаныш қызметін атқарады


Бесінші сезім мүшеміз – т е р і

-Қауіп – қатерді, зақымдануды, сипап сезуді, ауырғанды сезіне алады.

Түрлі мысалдар келтіре отырып, жүйке тамырларының миға жеткізуі арқылы, терінің атқаратын қызметін аңғарту.
Сергіту сәті.

-Сезім мүшелерін күту ережелерімен таныстыру.


  • Мұрныңды таза ұста

  • Үнемі жанында қолорамал болсын.

  • Өзің білмейтін өсімдіктерді, сұйық не ұнтақ заттарды иіскеме.

  • Құлағыңды таза ұста.

  • Құлақ қуысын үшкір заттпен шұқыма.

  • Құлағыңды суықтан және қатты желден сақта.

  • Көзге үшкір заттарды жақындатпа.

  • Кітапты жатып оқыма.

  • Көзіңді қатты желден, шаңнан және шақырайған жарықтан қорға

  • Теріні таза ұста.


Дәптермен жұмыс.

-Негізгі ұғымдарды жазу.

-Дәптерде берілген тапсырмаларды орындату.

ІV. Бекіту.

Семантикалық карта толтыру.

Сезім мүшелері



Дәмді

Сипап

сезуді


Иісті

Тепе -теңдікті

Көруді

Құлақ










+




Көз













+

Тері




+










Мұрын







+







Тіл

+

































V. Қорытындылау.

1. Сабақты қорытындылау. Рефлексия

-Сезім мүшелерінің маңызы қандай?

-Жеке бас гигиенасын не үшін сақтау керек?

2. Оқушылардың білімін бағалау.

-Үй тапсырмасын орындаған және сабаққа белсене қатысып отырған оқушыларды бағалау.



3. Үйге тапсырма: «Сезім мүшелері» мәтінін оқу. Дәптердегі тапсырманы орындау.

-Сабақты аяқтау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет