309
309
Осы технологияларды негізге ала отырып күнделікті оқу қызметінде, ұйымдастылырған
ашық оқу қызметінде, сондай –ақ мерекелік ертеңгіліктер, ойын-сауықтарды үнемі жүргізіп
отырамыз.[4]
Дамыта оқыту технологиясымен
негізін салушылар мен зерттеушілерді атап айтар
болсақ, В.Давыков, В.Занков, В.Эльконин мақсаттары: баланың жалпы жан дүниесін, және
оның сезіміне әсер етіп логикалық ойлауын дамыту. Сөздік қормен сөйлеу мәдениетін
қалыптастыру.
Дамыта оқытуда тәрбиешінің басты міндеті оқу материалдарын балаға дайын күйінде
емес, бала мен бірлесіпіс-әрекетін ұйымдастыра отырып алға қойған мақсатқа жету үшін
сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланысқа көңіл бөлуі қажет. Дамыта оқытудың
технологиясының тиімді әдістерін кеңінен пайдалануға болады.
Монтессори технологиясының негізін қалаған М.Монтессори мақсаты: Балалардың
қоршаған әлемге қызығушылығын туғызу және оны зерттеуге ұмтылдыру. Сауалдар қою
және оларға жауап іздеп табу.
Адамның болашағын шешетін тәрбие екендігі ежелден белгілі, көңілде жатталған ұлы
түсінік болғанымен, оны педагогикалық, психологиялық тұрғыдан келгенде қалай жүргізу
керек, қалай ұйымдастыру керек деген мәселе күн тәртібінен түспейтіні ақиқат. Адамзат
өміріне тәрбие мәңгілік категория болса, онда ұйымдастыру, жүзеге асыру ешбір кезде
ескірмейтін, қайта уақыт озған сайын жаңарып, жасарып, әрбір кезеңнің талабына лайық
жетіліп отыратын құбылыс. Өмірге шыр етіп келген нәрестенің сәбилік шағынан бастап,
қажетті деп танылатын адамгершілік сапаларды меңгерту ойынға байланысты.
Ойын технологиясы - бала өміріндегі тәрбиенің шешуші шарты. Бала өзін қоршаған ортаны,
өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды ойын арқылы түсініп, ұғынады.
Әрине, тек көру, байқау арқылы емес, тікелей араласып, іс-әрекетке көшіп, нақты қарым-
қатынас барысында біледі. Мұны ұғынуда ойын шешуші мәнге ие болады. Былайша
айтқанда, түрлі заттар мен құблыстарды, адамдар арасындағы қарым-қатынасты баланың
білуі, сезінуі ойын негізінде жүзеге асады. Баланың таным түсінігі, іс-әрекеті ойыннан бастау
алады да, оның ұшығы болашақ өмірінде жалғасын табады. Халқымыз ойындарды тек
балаларды алдандыру, көңілін көтеру әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың
көзқарастарын, мінез-құлқын қалыптастыру құралы деп ерекше бағалаған. Ойын балаларды
ұйымшылдыққа үйретеді. Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп,
Достарыңызбен бөлісу: