308
308
ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Сағадиева Әсемжан Бейбітқызы
«Бәйтерек» балабақшасы
«Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен
немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру
мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл процесс
педагогика теориясы мен оқу - тәрбие процесіне нақты өзгерістер енгізумен қатар, елімізде
болып жатқан түрлі бағыттағы білім
беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен
табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуметін
дамытудың, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді» - деп Н.Ә.
Назарбаев айтқандай үздіксіз білім беруге көшіп, жаңа технологияларды қолдану, оларды
жүзеге асыру біздің алдымызда тұрған басты міндетіміз. [2]
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты
міндеті - ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері
негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін
қажетті жағдайлар; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру,
халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан
әрі дамыту міндеттерін көздейді.
Бұл міндеттерді шешу үшін,
мектепке дейінгі ұжымдарының, әр тәрбиешінің
күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол
ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым - қатынасқа өту қажеттігі туындайды.Сондықтан да
қазіргі кезде әр тәрбиеші өз іс -әрекетінде қажетті өзгерістерді әртүрлі тәжірибелер жөніндегі
мағлұматтарды жаңа әдіс - тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек.
Сонымен қатар балабақшадағы оқу - тәрбие жүйесі, тәрбиеші-бала
арасындағы қарым -
қатынас жалпы оқытуды ұйымдастыру талапқа сай елеулі өзгерістерді қажет етіп отыр.
«Бала – болашағымыз десек», сол балаға жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс
бағыттауды, қабілет-қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек.. Еліміздің
өркен жайын кеңге сермеуі үшін басты мәселе жас ұрпақтың білімді де тәрбиелі болып
жетілуі екені белгілі.Келешек - ел басқарар, жер - суына иелік етер, ел - халқын гүлденетер,
мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды шыңдап өмірдің ең басты сатысын
қалайтын киелі ұя – балабақша. «Аулына қарап, азаматын таны», дейді халық даналығы. Жас
ұрпақтың иманжүзді, білімді азамат болып өсуі, ең алдымен, ата-анасы, одан соң білім алар
алтын ұясы және қоршаған ортасына байланысты. Балабақша
- бұл бала тұлғасы мен
санасының қарқынды дамитынқұнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан балабақша-баланы
тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.[3]
Қоғам талабы – заман талабы, өйткені «әр адам - өз заманының баласы». Сәбиді есті,
саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының бірден бір
парызы.Сондықтан қазіргі балабақшадағы оқу-білім беруге арналған инновациялық қызмет-
мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының кәсіби дамуының ең басты факторы
болып отыр. Балалар мен педагогтардың іс-әрекетінің жемісті болуын қамтамасыз етіп,
ұжым шығармашылық, ізденіс үстінде үнемі болуына, заман талабына сай бағыт-бағдар
болуы керек. Осы тұрғыдан Қарағанды қаласындағы «Бәйтерек» балабақшасы оқу-тәрбие
жұмыстарын жүргізіп жатыр, ұжымның алдына оқу-тәрбие процесінің
жан-жақты ізденіс
жұмыстарының жүргізілуімен қатар, жалпы балабақшада жүргізілетін іс-шаралардың сапалы
болуына байланысты ізденіс жұмысы үнемі жүргізіліп отырылуы алға қойылды.біздің
педагог - тәрбиешілер балаларды тәрбиелеуде қолданатын тиімді технологияларды кеңінен
пайдаланады, атап айтсақ:
-Дамыта оқыту технологиясы;
-М.Монтессори технологиясы;
-Ойын технологиясы.
309
309
Осы технологияларды негізге ала отырып күнделікті оқу қызметінде, ұйымдастылырған
ашық оқу қызметінде, сондай –ақ мерекелік ертеңгіліктер, ойын-сауықтарды үнемі жүргізіп
отырамыз.[4]
Дамыта оқыту технологиясымен
негізін салушылар мен зерттеушілерді атап айтар
болсақ, В.Давыков, В.Занков, В.Эльконин мақсаттары: баланың жалпы жан дүниесін, және
оның сезіміне әсер етіп логикалық ойлауын дамыту. Сөздік қормен сөйлеу мәдениетін
қалыптастыру.
Дамыта оқытуда тәрбиешінің басты міндеті оқу материалдарын балаға дайын күйінде
емес, бала мен бірлесіпіс-әрекетін ұйымдастыра отырып алға қойған мақсатқа жету үшін
сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланысқа көңіл бөлуі қажет.
Дамыта оқытудың
технологиясының тиімді әдістерін кеңінен пайдалануға болады.
Монтессори технологиясының негізін қалаған М.Монтессори мақсаты: Балалардың
қоршаған әлемге қызығушылығын туғызу және оны зерттеуге ұмтылдыру. Сауалдар қою
және оларға жауап іздеп табу.
Адамның болашағын шешетін тәрбие екендігі ежелден белгілі, көңілде жатталған ұлы
түсінік болғанымен, оны педагогикалық, психологиялық тұрғыдан келгенде қалай жүргізу
керек, қалай ұйымдастыру керек деген мәселе күн тәртібінен түспейтіні ақиқат. Адамзат
өміріне тәрбие мәңгілік категория болса, онда ұйымдастыру, жүзеге
асыру ешбір кезде
ескірмейтін, қайта уақыт озған сайын жаңарып, жасарып, әрбір кезеңнің талабына лайық
жетіліп отыратын құбылыс. Өмірге шыр етіп келген нәрестенің сәбилік шағынан бастап,
қажетті деп танылатын адамгершілік сапаларды меңгерту ойынға байланысты.
Ойын технологиясы - бала өміріндегі тәрбиенің шешуші шарты. Бала өзін қоршаған ортаны,
өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды ойын арқылы түсініп, ұғынады.
Әрине, тек көру,
байқау арқылы емес, тікелей араласып, іс-әрекетке көшіп, нақты қарым-
қатынас барысында біледі. Мұны ұғынуда ойын шешуші мәнге ие болады. Былайша
айтқанда, түрлі заттар мен құблыстарды, адамдар арасындағы
қарым-қатынасты баланың
білуі, сезінуі ойын негізінде жүзеге асады. Баланың таным түсінігі, іс-әрекеті ойыннан бастау
алады да, оның ұшығы болашақ өмірінде жалғасын табады. Халқымыз ойындарды тек
балаларды алдандыру, көңілін көтеру әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың
көзқарастарын, мінез-құлқын қалыптастыру құралы деп ерекше бағалаған. Ойын балаларды
ұйымшылдыққа үйретеді. Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп,
Достарыңызбен бөлісу: