«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет130/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

«Бала ойында қалай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан да ұқсас болады»
- А.С. 
Макаренко осылай жазыпты. Сондықтан келешек қайраткер азаматты тәрбиелеу алдымен 
ойыннан басталады. Ойынның негізгі ерекшелігі - ол балалардың қоршаған ортаны - 
адамдардың қимылын іс-әрекеттерін, олардың бала қимылынан туған жағдайдағы қарым-
қатынасын бейнелеуі болып табылады. Ойын процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен рөл 
атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысуы, ойынның түпкі ниетімен 
мазмұнын анықтайды. [1] 
Бала ойын ойнағанда өмірінде көрген-білгенін өзіне ұнаған адамның іс-әрекетіне 
еліктеп отырып бейнелейді. Бала үшін өзіне ұнаған адамнан артық ештеңе жоқ, оған барлық 
жағынан ұқсағысы келеді. Жалпы бала табиғаты өзін бірнеше есе үлкен ғып көрсетуге бейім. 
Тез есейгісі келіп, бәрін өзім істеймін деп талпынады. Баланың осы талпынысын мұқалтпай, 
сен үлкенсің, мен көмектесіп жіберсем, бәрінде өзің істей аласың деп, сенім білдіре 
тәрбиелеу ұтымды әдіс. Үлкен адам мен баланың айырмашылығы үлкендердің сана сезімі 
мен іс-тәжірибесінің молдығында ғана. 
Ойын – баланың жан серігі іспеттес. Қай бала болмасын ойнап өседі. Ойын сырттай 
қарағанда анау айтқандай қиындығы жоқ, оп-оңай тәрізді көрінуі мүмкін. Ал іс жүзінде бала 
үшін ойынға қатысты басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес. 
Мысалы, рөлдерге бөлгенде балаға өзіне ұнамсыз роль тиюінің өзі-ақ көп нәрсені шешеді. 
Сонда ғана ойын өз мақсатына жетіп, тәрбиелік мәні арта түседі. Баланың әдепті, көргенді, 
қайырымды болып өсуі қоршаған ортасына, үлкендерге байланысты екені мәлім. Бала 


310 
310 
өмірінде көрген-білгендерін, ойға түйгендерін ойын арқылы қалай бейнелесе, үлкендердің 
көрсеткен үлгі-өнегесі қандай дәрежеде болса, балалар да тәлімде соны айқын бейнелейді. 
Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар 
өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіріп, өз қажетін қалай қанағаттандыра 
алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көрсетеді. Ойының ережелері ойнаушыладың 
қисынды ой қабілетінің бір - біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр 
ойыншының жеке әрекетінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр 
ойыншы ол қарсы мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімін арттырады. Ойынның 
негізгі мақсаты - баланы қызықтыра отырып білімді берік меңгерту болса, тәрбиешінің 
міндеті – сол ойын түрлерін пайдалана отырып, балаларды өздігімен жұмыс істей білуге, ой 
белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол 
жеткізу. Дұрыс ұйымдастырылған ойын әрекеті балалардың өзара қарым-қатынасын 
дамытумен бірге мұқтаждықтарын қанағаттандыратын істерді жүзеге асыруға 
дағдыландырып, пайдалы және өнімді әрекеттер жасауға баулиды 
Заман өзгерген сайын әдіс-тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып отырады. Біздің 
заманымыз жаңа технология мен компьютер заманы. Соңғы жылдары біздің өмірімізге 
түбегейлі өзгеріс енгізді. Сонымен бірге педагогтың де рөлі өзгердіМемлекеттік білім 
стандарты деңгейіне оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны енгізуді 
өз міндетімізге алып отырмыз. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-
тәсілдерді енгізу бағытында бақша ішіндегі іс-шараларды бейне таспалар арқылы 
тамашалауға мүмкіндік жасалады. Тәрбиеленушілердің білімге деген қызығушылығын, 
талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу да жас 
ұйымның алдына қойған мақсаттарының бірі. Балалар мен педагогтардың іс-әрекетінің 
жемісті болуын қамтамасыз етіп, ұжым шығармашылық, ізденіс тәртібінде жұмыс жасап 
келешек ұрпақты өмір талабына сай тәрбиелеп білім беріп, ал ең бастысы дені сау, рухани 
азамат дайындап жатырмыз. 
Еліміздің болашағының тізгінін ұстар тұлғаның бойына білімнің нәрін, тәрбиенің 
иісін сіңіруіміз қажет. Қазіргі талап жан-жақты үйлесімді жетілген жаңа адамды тәрбиелеу.
Балабақша мен ата-аналар ынтымақтаса жұмыс жүргізсе, баларға тиісті көңіл бөліп, 
келешектің шын жанашыры, елдің арқа сүйер азаматтарын тәрбиелеп шығаруымыз сөзсіз. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет