311
311
формация тәрбиешісі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы
тәрбиешіге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары
болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация
тәрбиешісіі- рефлекцияға
қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық -
әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа
құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық
жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям
Уарт жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім
түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады деген екен. Ал XXI ғ.
нағыз тәрбиеші қандай болмақ, кәзіргі заманда Егеменді еліміз тәуелсіз жеріміздің болашағы
жас өсіп келе жатқан ұрпақ қолында. Сол ұрпақты тәрбиелеуде тәрбиеші сан түрлі әдіс
тәсілдер қолдануда. Кәзір таңда тәрбиеші алдында білім жүйесін, заман талабына сай
үйлестіре, жаңа үлгіде жүргізу міндеті туындап білімге бүкіл оқу - әдістемелік жүйеге жаңа
талаптар қойылуда. Бұл дегеніміз тәрбиешіге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру деген
сөз.
Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да, мтәрбиешінің шеберлігі қандай
жоғары болсын, тәрбиеші мен балалардың өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім
күткен нәтиже бермейді. «Ұстаздың биігі
ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң,
тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» – деп Сократ
айтқандай Егеменді еліміздің алдыңғы қатарлы отыз мемлекеттің қатарына қосылуға
табандылықпен жылжу саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер
енгізіліп жатыр. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай
білім мазмұнына жаңаша қарау – басты міндеттердің бірі.
Әрбір маман өз – ісінің маманы. Сондықтан оның өзінің жұмыс тәжірибесінде әдіс –
тәсілдерді қолданады. Әдіс дегеніміз – тәрбиешінің белгілі бір мақсатқа жетудегі іс –
әрекеті,тәсілі.
Технология дегеніміз - көптеген әдістердің жиынтығы. Мысалы, көз алдымызға үлкен
бір құрылысты елестетіп көрейік. Сол құрылысты салу үшін көптеген кірпіш керек.
Кірпіштерді дұрыс қаламаса, ол құлап қалуы мүмкін. Ол үшін білгір басқаруы керек. Міне,
біздің технологиямыз да осы іспеттес. Тәрбиеші – басқарушы ретінде әдістерді тиімді
пайдалана білмесе, оның технологияны түсінбегені. Ондай тәрбиеші мақсатына жетпейді.
Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген
жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.
Француз қайраткері «Адамға оқып – үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет»
дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдармаларын жасау,
ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу
жұмыстары мұғалімдердің
үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті
оқыту түрінен активті оқытуға көшу оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына
жағдай туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру.
Қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог
кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы
және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін
мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған
байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы
саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні,
келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс
жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру
жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру
жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты
мақсаты – мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім
кеңестігіне ене отырып,
басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы
312
312
нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің
бірі.
Заманауи білім берудің даму тенденцияларында тәрбиешінің тәжірибесі жетіледі және
біліктілігі арттылады. Тәрбиеші маман жұмыс тәжірибесінде шыңдалады.
Тәрбиеші өз кәсібінің шекарасынан шыға алуы, сол арқылы өз тәжірибесін, еңбегін
өзгерте алуы жатқызылады.Шығармашыл тәрбиеші үшін біреудің тәжірибесін
қайталағаннан гөрі өз жаңалықтарын, білгендері мен түйгендерін басқаларға ұсына алуының,
шығармашылық бағыттылықтың болуының мәні зор. Кәсібиліктің бірден келе
салмайтындығы белгілі, оны әр тәрбиешіде ерте ме, кеш пе меңгеруі тиіс. А.Маркова оның
кезеңдерін төмендегідей етіп бөледі: мұғалімнің өз мамандығына бейімделу кезеңі:
мамандықта өзін-өзі өзектендіру кезеңі:мамандықты еркін меңгерген кезең: мамандықта
шығармашылық деңгейге жеткен кезең. Осылайша ғалым кәсіби құзыреттіліктің
сипаттамасын шебер- тәрбиешінің , жаңашыл- тәрбиешінің, зерттеуші-тәрбиешінің, кәсіби
дәрежесіне көтерілген тәрбиешілердің жиынтық бейнесі ретінде қарастырады.
Ең бірінші кезекте тәрбиешінің « өзіндік жаңалығы» болуы қажет.
Ғылым жаңалығын
түрлендіруде өз үлесін қосу арқылы жасаған нәтижелі жұмысы өзгелердің тәжірибесін толық
көшірмей, жаңа ортаға икемдеп, өзіндік іс- әрекет жиынтығы арқылы айтарлықтай нәтижеге
қол жеткізу керек.Қазіргі кәсіптік- педагогикалық қызмет қандай тәрбиешіні талап етеді.
Тәрбиеші – тәрбиеленушілердің жеке тұлғасын дамытуға басымдық беретін, күрделі
әлеуметтік-мәдени жағдайларда еркін бағдарлай алатын, шығармашылық процестерді
басқара алатын, адам туралы ғылымның жетістіктерін, оның даму заңдылықтарын,
компьютерлік оқыту өнерін терең меңгерген жан- жақты дамыған шығармашыл тұлғаны
талап етеді.
Ал, білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз ісін
білетін, балалар шығармашылығы мен дарындылығының дамуына жағдай жасай алатын,
тұлғалық- ізгілілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс- қимылын
жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын
толық меңгерген және
білімдік мониторинг негізінде ақпараттарды тауып, оларды таңдап
Тәрбиеші сабақта әдіс - тісілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс - пікірлерін
еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып
отыру қажет. Әдіс – тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ балалардың ойлануына және
қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып оларды сөйлетуге
үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әртүрлі балардың ортасынан
қабілеті жоғары баланы іздеп,
онымен жұмыс жасау, оны жан - жақты тануды ойлап,
балалардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру әрбір тәрбиешінің міндеті.
Жаңа технологияны меңгеруде тәрббиешінің жан – жақты, білімі қажет. Жаңа
педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты
дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен
жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы бала тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі бала
– өздігінен білім іздейтін жеке тұрға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.
Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе –
білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі,ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің
таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы – балабақша, ал балабақшаның жаны – тәрбиешілердің
басты міндеті - өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей және оны жалпы азаматтық
деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін тұлға тәрбиелеу.
Бәрімізге белгілі, біздің қоғам аса күрделі жағдайларды бастан кешірді. Өтпелі кезеңге
тән өмірдің ауыртпалықтарын ешкім жоққа шығара алмайды. Бірақ адам қандай жағдайда да
өзінің биік адамгершілік сипаттарын, кісілік қасиеттерін сақтап қалуға тиіс. Тәрбиенің осы
жақтарын қазақ жастарының санасына кішкентайынан терең енгізу қажет. Олай болса, қоғам
болашағы- жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, мейірімділік, ақыл-ой, сана-сезім
қалыптастыратын салауатты тәрбие беру мазмұнын жаңаша құру қажет. Осы орайда, «Сабақ
313
313
беру – үйреншікті
жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деген,
Жүсіпбек Аймауытовтың сөзін айта кету артық болмас.
Қорыта айтатын болсақ, әр уақытта бала білімін алға қоюшы ұстаз үлкен көрсеткішке
қол жеткізу жолында талмай талаптанып, шаршамай еңбектенеді. Сол кезде ғана еліміз көкке
шарықтап, басқа елге елді танытады. Елді өсіретін де, елді төмен түсіретін де – білім.
Сондықтан қолда бар амалдарды тиімді пайдалана білу сіз бен біздің үлесімізде, құрметті
жас
маман
иелері!
Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, баланың жанына нұр құйып,
өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін маман болайық.
Достарыңызбен бөлісу: