307
307
орта мен ео экономикасын алға сүйреуші нақтылы пайдаға жарайтын ұрпақты тәрбиелеп
өсіру.
"Адамзат үшін 21-ші ғасыр- жаңа технологиялар ғасыры болмақ, ал осы жаңа
технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру- бүгінгі жас ұрпақтың
еншісінде. Ал жас ұрпақтың тағдыры- ұстаздардың қолында".
Н.Ә.Назарбаевтың осы сөздері бүгінгі таңда Қазақстанның дүние жүзілік білім
кеңістігіне енуіне қанаттандырады.
Білім саласындағы ғасыр талабы: 21 ғасыр. Осы орайда әрбір ұстаз озық
технологияларды терең талдаудан өткізіп, өзіне тиімдісін таңдауы керек. Сонау 20-шы
ғасырдың басында Алаштың тарланы Ж. Аймауытов: "Сабақ беру- жай үйреншікті нәрсе
емес, ол- жаңадан жаңаны табатын нәрсе" деген екен.
"Сабақ- оқытушының педагогикалық мәдениетінің айнасы", - деп А. Сухомлинский
айтқандай, ұстаз үшін ең негізгі мақсат- әр сабағын түсінікті, тартымды, тиімді өткізу.Оны
жүзеге асырудың бір жолы- заман талабына сай ақпаратты технологияларды қолдану.
Білімді, сауатты, рухани жан- дүниесі кең адамдар- 21- ші ғасырда адамзат дамуының негізгі
күші.Ал, баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой-өрісінің
кеңеюі балабақша қабырғасында қалыптасады. Бұл дегеніміз - берген тәрбие мен білімнің
сапалы болуы.
Ақпараттық технологияны пайдаланып оқыту төмендегідей мақсатты көздейді:
-оқушылардың
ақпаратпен жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру арқылы
коммуникативтік қабілеттерін, ақыл-ойын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін
дамыту.
- алған білімдерін тәжірибелік іс-әрекетте қолдануға үйрету.
Ақпараттық технологияларды пайдаланудың педагогикалық әдістемелік негіздері
қалыптасу үстінде. Балалардың өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығы артып,
шығармашылық қабілеттері дамыды.
Білім- болашақ бағдары, кез- келген білім мекемесінің басты міндеттерінің бірі- жеке
тұлғаның құзіреттілігін дамыту.
Оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде
қолдана алу қабілеті болып табылатын жаңа сапа.
Ақпараттық технологияларды педагогикалық тұрғыдан дұрыс пайдалана білу баланың
сабаққа деген қызығушылығын арттырып, іс-әрекетке деген ынтасын оятады.Өздігінен
жұмыс жасауға, шешім қабылдауға, проблемалық сұрақтарға жауап беруге, өмірмен
байланыстыруға еркін де кең мүмкіндік береді.
Ақпараттық технология жағдайындағы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту,
тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен
анықталады.
Сонымен, оқушылардың білімдерін заман талабына сай жаңа әдістермен толықтырып,
бағыт- бағдар беруші - біз. Тәрбиеленушілерді жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа
қатынастарға бейімдейтін- біз. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену
ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек.
Достарыңызбен бөлісу: