324
324
тәрбиелейміз.Ертегі арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын
игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл – ой өсіп жетіледі, әрі адамгершілік
қасиеттер бойына сіңіреді.
Педагогикалық процестің негізгі бағыты әрбір жеке мәдениетін тірбиелеу, әрбір
баланың жеке дара ерекшелігін ескере отырып, педагогикалық процестің алдына қойылған
міндеттерін іске асырудың ең тиімді әдіс, тәсілдерді, ұйымдастыруға қойылған міндеттерді
іске асыруда жеке тұлғаны жан – жақты етіп қалыптастыру бірлікте шешімін
табады.Заманауи инновациялық әдістерді мектеп жасына дейінгі балалардың дамуында
қолдану арқылы, балаларды шаршатпай, жалықтырмай жан – жақты дамуына тигізер үлесі
өте зор.
Жаңа технология әдістерін қолдану – бұл әр баланың жүрегіндегі сезім –
талшықтарын, қиялындағы ойды ояту, шығару, қабілетін ашу.Логикалық ойлау қабілетін
дамыту, шығармашылығын жетілдіру.Баланың тапқан жаңалығын сыртқа шығару,
талдау.Қай технологияны ұйымдастырлған оқу іс әрекетінде қолдансаң да, осы тұжырымды
басшылыққа алу керек.Сонда ғана баланың білім сапасын арттыруға қол жеткізесің.
Инновациялық технология – бұл өзіңіздің әдістемелік жүйе. Яғни, әр тәрбиеші оқыту
технологиясы бойынша жылдар бойы жинақтаған іс – тәжірибесінің нәтижесі.
Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр тәрбиеші
алдында отырған баланың жас ерекшелігін ескеріп, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады.
Бір сөзбен айтқанда әр тәрбиеші – ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, жан – жақты
шебер, тынымсыз еңбекқор, терең қазыналы білімпаз, кез – келген ортаның ұйтқысы болу
керек.
Қорыта келгенде, бүгінгі талапқа сай мектепке дейінгі ұйымдарда білім берудің жаңа
саласына жету – тәрбиешінің мейірімділігімен, біліммен, шеберлігімен тығыз
байланысты.Өз мамандығына жан – жүрегімен берілген тәрбиеші ғана ұстаздық этиканы да,
ұстаздық техниканы да, шеберлікті де жақсы меңгереді.
Достарыңызбен бөлісу: