«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет135/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

Жұмабаев: «Қазақтың ұлттық мектебі қандай болуы 
туралы терең пайымдау қажет, қазақтың тағдыры, келешегі, мектептің қандай негізде 
құрылуына барып тіреледі» 
Осы бір ұлағатты ой шәкірттерге білім берудің бүгінгі күн талабына сай келетіні 
даусыз. Болашақ Қазақ мектебі ұлтқа, оның мүддесіне қызмет етуі керек. 
Қазақ балалары өз ата-бабасының өткен тарихын, тілін, салт-дәстүрі мен мәдениетін, 
жерін қастерлей білуге тәрбиеленіп өсуі қажет. Сондықтан адамның қызығуы бір іспен 
шүғылданғанда, әр түрлі әрекеттерде көрініс табады. Жоғарыдағы ұстанымдардың 
орындалуы үшін әр мұғалім өзі мен оқушының терең дәрежеде екенін естен шығармай, оны 
жеке тұлға ретінде қабылдап, оған беретін сабақтың оқыту әдістерін түрлендіріп жетілдіруі 


322 
322 
қажет. Үйреншікті, дайын әдіс-тәсілдер бүгін баланы қызықтырмайды. Сондықтан қайткенде 
баланың ойына, сезіміне серпіліс ендіруді мақсат етіп кою керек. Сан алуан әрекет арқылы 
ақыл-ойды ұштау, жетілдіру, жеке тұлғаның өзіндік идеясын, көзқарасын, сенімділігін, 
жауапкершілігін біртіндеп дамыту жолдарын іздестіру — осының бәрі бүгінгі 
қажеттілік. Нағыз өз ісінің шебері ғана жоғарыжетістіктерге бола алады. Ал білікті маман 
болу үшін көп ізденіс керек екені даусыз.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – 
қоғамның нарықтық қарым – қатынасқа көшу кезінде саяси – экономикалық және рухани 
дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер, өмірге 
икемделген, жан – жақты мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру», 
- деп тұжырым 
жасады.
«Адам өзін - өзі жетілдіруге де, жоюға да қабілетті. Адамның өз болмасын тануға, 
ұмтылуға көмектесіп, тереңде жатқан талап тілегін, қабілеттерін дамытуға тиіс.сол 
арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды 
мақсаты болып табылады»- деп көрсетілген Қазақстан Республикасы білімді дамыту 
тұжырымдамасында. 
Мен ұстаз ретінде әр оқушыны болашақ азамат ретінде бағалап, осы 
тұжырымдаманы өз қызметімде басшылыққа аламын. Қазіргі жаңа заманда әр балалардың 
заман талабына сай әлемдік дәрежеде білімді меңгеруі үшін шығармашылық қабілетін 
дамыту – ең басты міндетім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет