«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»


Ойын арқылы оқыту технологиясының



Pdf көрінісі
бет124/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

Ойын арқылы оқыту технологиясының
мақсаты дидактикалық, тәрбиелік, 
дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойын технологиясының ерекшелігі 
ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына 
сүйенеді. Студенттің бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша 
түсуді көздейді. Іскерлік және тағы басқада ойындар студенттерге өмірде кездескен 
қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық 
қабілеттерін де қалыптастырады. Ойын - әлеуметтік қызмет. Ол студенттің жасына қарай 
өзін қоршаған ортаны танып білуге құштарлығын арттырады. 
Проблемалық оқыту технологиясы
- студенттің өз бетімен ізденуге үйрету, 
танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Яғни, студенттердің белсенділігі 
арттыру, шараға қызықтыратындай мәселе тудыру, студент материалды сезім 
мүшелері арқылы ғана қабылдап қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру 
мақсатында меңгереді.
Шығармашылық қабілеттерін дамыту технологиясы
. ТРИЗ – өнертапқыштық 
тапсырмаларды шешу теориясы

Негізін салушы - Генрих Альтшуллер. Оның 
технологиясының басты идеясы техникалық жүйелер белгілі бір заңдармен туындап, 
дамиды: бұл заңдарды тануға болады және өнертапқыштық тапсырмаларды шешу үшін 
қолдануға болады. Қазіргі таңда Г. С. Альтшуллердің ТРИЗ технологиясы мектеп жасына 
дейінгі балалардың сөйлеуін, тапқырлығын, шығармашылық елестетуін, диалектикалық 
ойлауын дамыту үшін бала бақшаларда табысты қолданылады. ТРИЗ мақсаты – балалардың 
ой-өрісін дамытумен қатар, жүріп жатқан үдерісті түсіндіре отырып, жүйелі ойлауынуға 
үйрету. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін 
«ТРИЗ»
технологиялары – бұл тәрбиешілер 
үшін толық әдістемелік ұсыныстары бар ұжымдық ойындар мен сабақтар жүйесі. ТРИЗ 
негізгі бағдарламасын ауыстыруға емес, оның тиімділігін барынша арттыруға арналған.
Тәрбиеші жұмыс істейтін кез келген бағдарлама негізінде практикада тексерілген ТРИЗ 
әдістері мен тәсілдерін қолдануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет