293
293
мұғалімнің заманауи технологияларды игеруі;
тұлғалық-бағытталған
оқытуды ұйымдастыру;
оқушы мен мұғалім, мұғалім мен мұғалім
арасында шығармашылық өзара
байланыс.
Бұл мақсаттарға жету үшін келесі
мәселелер
шешілуі тиіс:
оқушыларда заманауи технологиялар кеңістігінде бағыт-бағдар таба білу
дағдыларының дамуы;
жүйелі-талдап ойлай білетін адамдарды тәрбиелеу;
оқушылар мен мұғалімнің шығармашылық бірлесіп жұмыс жасауына жағдай
қалыптастыру және дамыту;
оқушыларда компьютерге деген танымдық құрал ретіндегі көзқарасты
қалыптастыру;
білім беру қызметінің барлық бағыттары мен формаларында заманауи
технологияларды қолдана білу.
Болашақта отандық білім беруде басқа да білім беру формаларын енгізу қажет.
Заманауи технологияларды тек білім беру үрдісінде ғана
емес тәрбие жұмыстары мен
ұйымдастырушылық, әдістемелік жұмыстарда да қолдануды үйрену керек
Қазіргі 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жолында Қазақстанда білім берудің
өзіндік ұлттық үлесі қалыптасуда. Бұл үрдіс білім бағдарламасының өзгеруімен қатар жүреді.
Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Ол балаға өзін-өзі дамытуға, өзін
толытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде қалыптастыруға
бағытталған.
Дүниежүзілік білім кеңістігіне кіру мақсаты көзделіп,
еліміздің дамыған елдермен
қатар тұра алатын өркениетті ел ретінде танылып, олармен білімі мен ғылымы, мәдениеті
мен заманауи технологиясы теңесуі үшін маңызды істер атқарылуда. Мұндай өзгерістер
білім беру жүйесінің даму бағыттарын 2011-2020 жылға дейінгі білім беруді дамытудың
мемлекеттік бағдарламасында нақтылайды.
Білім беру жүйесіне жаңа заманауи технологияларды енгізу арқылы оқыту үрдісін
жетілдіру, оқушының танымдық қабілетін дамыту саналы деңгейге көтеру – бүгінгі күнгі
күрделі мәселе. Білімді жеке тұлғаға бағыттау, оқушының өзін-өзі тануы, өзін-өзі тәрбиелеуі,
ақыл-ойын дамытуы, яғни, жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу мұғалімдер алдына тың
міндеттерді жүктеп, жаңашыл іс-әрекетке жетелейді.
«Технология» дегеніміз не? Технология –
tehne
(шеберлік, өнер, білім) деген
мағынаны білдіретін грек сөзі. Академик В.М. Монаховтың айтуы бойынша:
технология-
оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы, оқу процесін ұйымдастыру және
жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі. Ал
педагог- ғалым Беспалько өзінің «Слагаемые педагогической технологии» деген еңбегінде
былай дейді: «Оқу тәрбие процесінің алдын ала жүйелі түрде жоспарлануы және оның
тәжірибеде жүзеге асуы – белгілі бір педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асу жобасы».
Мектепте жұмыс атқаратын әрбір мұғалімнің алдына қазіргі таңда қойылатын талап өте
үлкен болып отыр. Мұғалім өзінің заманауи іс -әрекетін қалыптастырып, оны меңгеріп, сол
заманауи педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде жүйелі пайдалану арқылы
оқушылардың білім сапасын арттыруы қажет. Сонда ғана заманауи педагогикалық
технологияларды меңгерген, өз практикасында қолданған әрбір мұғалім өз сабағын нәтижелі
даму жағынан көре алады.
Мұғалім алғаш заманауи педагогикалық технологияларды: оқып үйренеді, екнішіден,
меңгереді, үшіншіден, заманауи педагогикалық технологияларды
тәжірибеде қолданады,
төртіншіден, оны дамытып, нәтижесін тексереді.
Технологияның
артықшылықтары.
Әдістемеге
қарағанда
технологияның
артықшылықтары көп.
294
294
Біріншіден,
технологияда түпкі нәтиже дәл анықталады. Дәстүрлі педагогикада
мақсатқа жету жолдары анық болмайды. Технологияда мақсат негізгі болғандықтан, оны дәл
анықтауға мүмкіндік бар.
Екіншіден,
мақсат диагностикаға сүйеніп қойылғандықтан, оған жету үшін істелетін
жұмыстардың нәтижесі объективтік әдістер арқылы тексеріледі.
Үшіншіден,
мұғалім дайындықсыз оқыту процесін жүзеге асыра алмайды.
Төртіншіден,
әдістемеде сабақ жоспарлары - мұғалімнің жоспары, оқыту процесінде
жұмыс істейтін мұғалім. Ал технологияда оқушылардың оқу іс-әрекетінің түрлері және
мазмұны көрсетілген жобада жасалады. Әдістеме бойынша әр мұғалім сабақ жоспарын
өзінше жасайды, демек сабақта оқушылардың іс-әрекеті де түрліше ұйымдастырылады.
Мақсат бізге керекті түпкі нәтиже, нәтижені көріп "Мақсатқа жеттік пе?"- деген
сұрақтарға жауап беру. Мұндай мақсатты педагогикада "диагностика
арқылы анықталған
мақсат" дейді. Диагностика арқылы оқушылардың білім, іскерлік, дағды деңгейлері және
қабілеті анықталады, нәтижесінде
оқушыға тағы да қандай білім, іскерлік, дағдылар беру
керектігі жоспарланады.
Достарыңызбен бөлісу: