«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу процесінің басты міндеті



бет1/4
Дата07.09.2020
өлшемі33,85 Kb.
#77473
  1   2   3   4
Байланысты:
1 сынып




1. Түсінік хат



  1. Ұлттық білім беру жүйесін дамытудың басым бағыты адамның ішкі әлеуетін барынша ашуға бағдарланған адамгершілік-рухани білім беру болып табылады.

  2. Тұлғаның физикалық, психикалық және рухани дамуында үйлесімге қол жеткізуіне мүмкіндік беретін адамгершілік-рухани-білім нақты білім беру тәжірибесінде түрлі жолдармен, ең алдымен, «Өзін-өзі тану» пәні арқылы жүзеге асырылады.

  3. Өзін-өзі тану оқу пәні ретінде тұлғаның адамгершілік негізін құруға, оның рухани өзін-өзі кемелденуі мен өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасауда түйінді рөл атқаруы тиіс.

  4. Өзін-өзі танудың негізгі нысаны – адам болмыстың физикалық, психикалық және рухани қырлары мәнмәтінінде біртұтас процесс ретінде қарастырылады. Адамның өзін-өзі жігерлендіру, өзін-өзі жүзеге асыру және өзін-өзі кемелдендіруінен тұратын осы қырларының біртұтастығы оның үйлесімді дамуын қамтамасыз етеді. Бұл өзін-өзі танудың пәндік аясын анықтайды, сол сияқты оқу пәнінің танымдық, дамытушылық және тәрбиелік қызметін нақтылайды.

  5. Өзін-өзі тану пәндік саласы әрбір оқушының адами кемелденуінің гүлденуіне, өмірдегі өз мұратын ұғынуына жағдай туғызу арқылы оның өз рухани-адамгершілік табиғаты мен шығармашылық әлеуетін ашуға мақсатты бағытталған білім беру процесін ұйымдастыруды көздейді.

  6. «Өзін-өзі тану» пәнінің құралдары сондай-ақ, оқушының қоғамға қызмет етуіне бағытталған олардың жасампаз белсенділігін танытуына мүмкіндік беретін кең ауқымды өмірлік маңызды біліктер мен дағдыларды меңгеруіне қолдау көрсетуге және ықпал етуге бағдарланады.



  7. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет