«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»


Оқыту технологиясының негізгі сатылары



Pdf көрінісі
бет122/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

Оқыту технологиясының негізгі сатылары:

1. жаңа тақырыпты түсіндіру; 
2. төменнен, жоғарыға қарай деңгейлік тапсырмалар беру;
3. оқушылардың тақырыптан алған білімдерін бекіту;
4. оқушылардың білімдеріне сай үлестірмелер тарату. Яғни, «5», «4», «3»-тік білімге сай; 
5. оқушылардың білімін қолма-қол бағалау.
Мақсаты:

1. әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту; 
2. денгейі төмен оқушылармен жеке жұмыс жасау, қолдау көрсету;
3. дарынды оқушының тереңірек білім алуына жағдай жасау;
4. оқушының ынтасын қабілетін арттыру.
Ерекшелігі:

1.
таланттылар, дарынды оқушылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте 
түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады;
2.
оқушылардың оқуға деген ынтасы артады;
3.
білім дәрежесі бірдей топтарды оқыту ісі жеңілдейді;
4.
түрлі құралдар арқылы оқушылардың білім, іскерліктерін жиі тексеру; 
5.
үлгермеушілерді анықтау және іріктеу; 
6.
олармен қосымша жұмыстар өткізу, материалдарды қайталау. Осы жұмыстардан 
кейін оқушылардың білім, іскерліктерін тағы тексеру; 
7.
оқушылардың жаңа материалды меңгермеу себептерін зерттеу және анықтау. 
Заманауи технологияны қолдану дегеніміз, заманауи технологияны шаблон, трафарет 
ретінде пайдалану емес, өйткені әр мұғалімнің өз іс тәжірибесі бар. Бірақ, заманауи 
технологияны қолдану арқылы мұғалім өз іс тәжірибесін байытып, еңбегін жеңілдетіп, 
белгілі бір нәтижеге жету- педагогиканың ең асыл заты болып табылады. Ушинский К.Д. 
айтқандай, іс-тәжірибе толық көшіріліп алынбайды, тек оның негізгі ойы ғана алыну мүмкін. 
Осы негізгі ойды түсініп оларға шығармашылық көзқараспен қараған мұғалім заманауи
технология бойынша жұмыс атқара алады.
Қазіргі заманғы білім беру үрдісінде оқу үрдісін жақсарту мақсатында көптеген білім беру 
заманауи технологиялары қолданылады. Соларға қысқаша тоқталып өтейік. Олар: 
Бағдарламалап оқыту технологиясы 
Ғылыми негізде түзілген бағдарлама негізінде оқытудың тиімділігін арттыру, баланың жеке 
қасиеттерін ескере отырып оқыту. Оқыту құралдарының көмегімен бағдарламаланған оқу 
материалдарын кадр, файл сияқты оқыту бөлігі арқылы логикалық бірізділікпен берілген. 
Ойын арқылы оқыту технологиясы


295 
295 
Дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойындық іс-
әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. 
Баланың бойындағы білімдік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді. 
Заманауи педагогикалық технология – бұл педагогикалық әрекеттер табысына кепіл 
болардай қатқыл ғылыми жоба. Әрі сол жобаның дәл жаңғырып іске асуы. 
Заманауи педагогикалық технология кешенді, бірігімді процесс. Ол өз құрамына адамдарды, 
идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау және 
білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі мәселелер шешімін басқаруды қамтиды. 
Заманауи педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске 
асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі – теориялық негізде орындалуы (В.Б.Беспалько, 
В.В.Данилов, В.К.Дьяченко және т.б.), екіншісі – тәжірибемен жүзеге келуі (Е.Н.Ильин, С.Н. 
Лысенкова, В.Ф.Шаталов және т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет