«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУДІҢ



Pdf көрінісі
бет285/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУДІҢ
АЛҒАШҚЫ САТЫСЫ 
 
Айгирова Бейсекуль Аманкұлқызы
Бәйтерек балабақша 
 
Қазіргі заманда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру әлеуметтік 
құрылымның ең маңызды міндеттерінің біріне айналды. Бала - болашағымыз десек, сол 
балаға жүйелі білім беріп, ынта – ықыласын дұрыс бақыттауды, қабілет - қасиеттерін 
дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке 
дейінгі тәрбиемен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда 
жаңашыл әдіс - тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Балабақшада жаңа педагогикалық 
технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инноватциялық 
ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан - жақты, білімді, құзыретті 
тұлға тәрбиелеу. Қазақстан Республикасының 2016 жылға дейінгі білім беруді дамыту 
тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие-үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол 
баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық» делінген. Әлемді білім 
кеңістігінде мектепке дейінгі педагогиканың мәселелерін шешуде тәрбиелеу мен білім 
берудің жаңаша жетілдірілген әдіс-тәсілдерін іздестіру, үнемі жаңалыққа жол ашу бағыттары 
қарастырылуда. Ғасырдан астам тарихы бар және әлемдік қоғамдастықта балаларға мектепке 
дейінгі тәрбие мен білім берудің негізгі нысаны ретінде сыннан өткен балабақша бүгін де 
үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағының үлгісі болып қалап отыр.
 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 
Жолдауында: «Біздің жұмыстарымыздың білім беру саласындағы басымдықтарында бүкіл 


644 
644 
әлемдегі сияқты Қазақстан мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшу керек»,- 
деген болатын.
Мектеп жасына дейінгі балалар өзінің айналасындағы қоршаған ортамен танысуға өте 
құштар. Бұл баланың бірнеше сұрақтар қоюына әкеліп соғады. Яғни, балаға әлем аздап ғана 
сырын ашса, онда баланың білуге деген құштарлығы арта түседі. Ойын–баланың бірінші 
әрекеті, сондықтан да оның мән–мағынасы ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай 
Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?», - деп айтқандай, баланың өмірінде 
ойын ерекше орын алады. Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз болады. 
Оларды біркелкі жұмыс тез жалықтырады. Сондықтан олардың зейінін үнемі қажетті 
бағытқа аудару үшін ойын түрінде жүргізу қажет. Өйткені ұйымдастырылған оқу іс-
әрекетінде алған білімді ойынмен тиянақтау білімнің беріктігіне негіз қалайды.
Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Баланың қуанышы 
мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі 
мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындалады, белсенділігі артады, ерік қасиеті, 
қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығармашылық қабілеті мен дарынын ұштайды. 
Мектеп жасына дейінгі балалар көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын 
кезінде қолданатын байқауға болады. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Ойын 
барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш жігерін жұмсап, сезімін білдіруге 
мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді. Ойын арқылы оқытудың арқасында 
дидактикалық ойын пайда болды. Берілген ойындарды қолдану іс-әрекеттің әсерлігін 
арттырып, балалардың логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамытады. Бұл 
ойындарды 
тәрбиешінің 
шығармашылықпен 
түрлендіре 
отырып, 
балалардың 
психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды 
қайталағанда, білімді тиянақтау кезінде іс-әрекеттің мазмұнына сай пайдалануға болады. 
Сондықтан, бұндай ойындар ойнау балалардың ойлау, қабылдау, еліктеу қабілеті және 
заттардың түрін, түсін, көлемін ажырата білуін дамыта түсу үшін өте қажет.
Эстетикалық тәрбиенің басты мақсаты-оқушылардың шығармашылық-эстетикалық 
мәдениетін ынта-ықыластарына қарай қалыптастыру. Жеке тұлғаның өнерді, табиғатты, 
адамгершілік қасиеттерді сыйлап өсуіне жағдай жасау. Адамның сұлулық сезімдері олардың 
өмірінде зор рөл атқарады. Әсемділікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін 
байытады. Балабақшаның эстетикалық тәрбие жүйесінде мерекелік ертеңгіліктер ерекше 
орын алады. Олар бала сезіміне әсер ету құралы ретінде өнер мен көркемдк іс-әрекеттерінің 
түрлерін біріктіреді 
Білім беру үрдісін технологияландыру педагогтардың балалар әрекеттерін 
ұйымдастыру мен мектепке дейінгі білім берудің сапасына оң әсер етеді. Қазіргі заманғы 
педагогтардың инновациялық технологияларды білуі уақыт талабы. Балабақшадағы 
инновацияға не жатады?
Инновациялық іс - әрекеттің үш кезеңін атап көрсетуге болады. Бірінші кезеңде педагог 
жаңалықтың қажеттілігін дәлелдеу арқылы жаңалық туралы ақпарат жинайды, одан кейін 
әртүрлі жаңалықтың ішінен қажетті жаңалықты таңдап алып, оны қолдану туралы шешім 
қабылдайды. Тәрбиеші инновациялық іс-әрекеттің екінші кезеңіне көшеді, яғни іске асыру 
кезеңдерін зерттеп, енгізу жоспарын құрып, жаңалықты қолданады. Бұл кезеңде педагог оқу–
тәрбие процесіне, жаңалықты енгізуіне кедергі жасап отырған факторларды ескере отырып, 
өзгерістер енгізеді, жаңалықты уақыты мерзіміне байланысты жұмыстарды өткізеді. 
Жаңалықты енгізу уақыты аяқталғаннан кейін инновациялық іс- әрекет үшінші кезеңіне 
өтеді. Бұл кезеңде тәрбиеші жаңашыл тұрғыда ұйымдастырылған оқу–тәрбие жұмысының 
нәтижесін көтеруге жасаған ықпалын анықтайды, жаңалықтың оқу – тәрбие жұмысына 
нәтижелі енгізу шарттарын белгілеп, оны таратуға ұсынады. Оқытудың инновациялық 
жүйесі білім, оқыту процесінде жаңа технологияларды пайдалана білу іскерлігі қалыптасуы 
керек. Қазақстанның бүгінгі білім беру жүйесінде жаңа инновациялық бағытты игерген, 
нақты тәжірибелік іс-әрекетте өзіндік даңғыл жолсалуға икемді, шығармашыл, зерттеуші 


645 
645 
педагогтар аса қажет. Дәл осы сипаттағы педагогтың ең алдымен инновация туралы түсінігі 
болуы қажет.
Қазіргі педагогикадағы инновация - білім беру, тәрбиелеу жұмысына жаңалықты 
енгізу, яғни жаңа әдіс-тәсілдерді амалдарды, құралдарды, жаңа тұжырымдарды жасап, 
оларды қолдану ретінде анықталады. Инновация құрал мен процесс ретінде қандай да бір 
жаңалық ендіру жұмыстарын көздейді. Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, 
видео, құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, мультимедиялық құрал, 
электрондық оқулықтар, мен оқу әдістемелік кешендер жатады.
Инновацияға деген қажеттілік қандай да бір мәселені шешу жолында туындайды Бірақ 
жаңашылдықты дайындау және ұйымдастыру барысында өзіне нақты міндет алуы тиіс, 
өйткені кез келген педагогикалық бастаманың нысаны бала екенін ұмытпаған жөн. Оң 
нәтиже алу үшін келесі шарттарды ұстанған жөн. Бірінші – инновацияны енгізуге деген 
мотивациялық жағдай, жаңа іс-әрекетті қабылдауға, әрі қарай меңгеруге деген себеп-
салдардың туындауы. Екінші – инновациялық іс-әрекетке дайындық – бұл құзыреттілікті 
қалыптастыру деген сөз. Осы құзыреттілік ақпаратты қабылдау, жеткізу және оны шынайы 
бағалаудан тұрады.
Дидактикалық ойындар–логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамыту. 
Дидактикалық ойындарда міндетті түрде екі бала қатысатын ойындар түрін пайдаланған 
тиімді. Ойын арқылы оқыту үшін дидактикалық ойындар құрылған. Балаларға тапсырмалар 
ойын түрінде беріледі, бұл дидактикалық ойындардың негізгі ерекшеліктері. Балалар ойнау 
арқылы белгілі бір білім, білік, дағдыларды және ойын әрекеттерін меңгереді. Әр 
дидактикалық ойынның танымдылық және тәрбиелік мазмұны болады. 
Санға байланысты санамақ, жаңылтпаштар, жұмбақтар–балалардың сандарды танып 
білуін, тілдерін жаттықтыру, есте сақтауын, ойлау қабілеттерін дамыту.
Математикалық сергіту сәттері–кеңістікті бағдарлау, қимыл қозғалысты дамыту. 
Құралда дидактикалық ойындар мазмұны, ойынды ұйымдастырудың әдіс–тәсілдері 
көрсетілген. Олар балалардың зейінін, есте сақтауын, байқағыштығын, көзбен мөлшерлеуін, 
тапқырлығын дамытуға, математикалық білімдерін, икемділіктері мен дағдыларын, заттарды 
түсі, өлшемі, пішіні бойынша топтастыруға, салыстыруға, ажыратуға, кеңістік пен уақытты 
бағдарлауға үйрету. Балалардың логикалық ойлау, қабылдау, есте сақтау қабілеттерін, 
зейінін, қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған. 
Балабақшада қолдануға тиымды технологиялар: 
ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясы. 
Тәй - тәй технологиясы 
Монтессори технологиясы 
Зайцев технологиясы 
Дамыта оқыту технологиясы 
Дамыта оқытуда тәрбиешінің басты міндеті оқу материалдарын балаға дайын күйінде 
емес, баламен бірлесіп, жалпы іс - әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді 
түсіндіру сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу. 
Ой толғаныс,Ассоциация,Салыстыру, Раунд – Робин,Топтау әдісі 
Ой толғаныс әдісі немесе психология тілінде «Миға шабуыл» деп те аталады. Бұл әдіс 
көбіне ұйымдластырылған оқу іс - әрекетінің тақырыбын ашуда қолданылады. Мыс: Жұмбақ 
шешу, сөзжұмбақ, суретті ребустар арқылы. 
Ассоциация әдісі. Бұл әдісте берілген тақырып бойынша балаларда қандай ой туады 
соның барлығы сол сөздің жан - жағына жазылады.
ЖАЛПЫ ОТБАСЫ
: Ата, әже, әке, ана, аға, әпке, іні 
Салыстыру әдісі. Бұл әдісте балалар объектілер арасындағы ұқсастық пен 
айырмашылықты анықтайды. Мысалы: Алма және қызанақтың ұқсастығы мен 
айырмашылығы 
Раунд - Робин әдісі. Бұл әдіс өткен немесе жаңа тақырыпты бекіту үшін қолайлы 
тәсілдердің бірі. Мұнда әр бала берілген тақырып туралы не біледі. Бір сөйлем немесе сөз 


646 
646 
тіркесі арқылы бірінің айтқанын бірі қайталамай түгел айтып шығуы тиіс. Мыс: «Гүлдер» 
тақырыбында пішіні қандай, исі,досымызға сыйлау т.б
Топтау әдісі. Топтау әдісінде балаларды деңгейлеріне қарай бірнеше топқа бөледі де, 
өздері орындай алатындай топтық тапсырма беріледі. Мыс: «Пішіндер» тақырыбын өткенде 
І топ – Үлестірмелі картадағы бейнеленген суреттерден геометриялық пішіндерді 
тауып, көрсету, атын атау. 
ІІ топ - Жіпті пайдалана отырып әртүрлі пішіндерді жасау. 
ІІІ топ - Санағыштан үшбұрыш пен төртбұрышты құрастыру. 
Дамыта оқытудың нәтижелі болуы тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы жаңаша 
қарым - қатынас арқылы ғана өз жемісін береді. Бүгінгі күн бәсекелестікпен жоғарғы 
технологияның, ғылым мен білімнің заманы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет